Биология | Қазтамақ гүлінің пайдасы
Мазмұны:
І. Кіріспе............................................................................................................
1.1Қазтамақ гүлінің тарихы.................................................
ІІ. Зерттеу бөлімі
2.1 Қазтамақ түрлері................
2.2 Қазтамақ пайдасы, қолданылу жолы...........................................
ІІІ. Қорытынды..................................................................................................
ҚАЗТАМАҚ (PELARGONIUM ПЕЛАРГОНИЯ (ГЕРАНЬ)) – герань тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізгі отаны – Оңтүстік Африка. 280-ге жуық түрі белгілі. Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен, қазтамақ көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі. Қазтамақ - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шалғындық жерлерде өзен аңғарында, орманда, тау беткейлерінде өседі, 15 түрі бар. Биікт. 10-80 см. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама-қарсы не кезектесіп орналасады. Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері, көбінесе шоқталып, кейде жеке дара шығады. Маусым-тамыз айлароында гүлдеп, шілде- қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - дәнек. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар.
Жарығы:
Жарық сүйгіш. Жаз айларында аулада күн астында өсіруге болады.
Жылуы:
Қыста 10ºС төмен болмағаны абзал.
Суғарылуы:
Топырағының беті құрғаңқырағанда суғарып тұру қажет.
Ылғалдылығы:
Ылғалдандыруды қажет етпейді.
Қоректендірілуі:
Көктемнен күзге дейін 10-15 күнде гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіріп тұру қажет.
Аурулары:
Ауруға көп шалдыға бермейді, төзімді өсімдік.
Көбейтілуі:
Тұқымы, түбін бөлу және сабағын қалемшелеу арқылы көбейтіледі.
Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.
Қазтамақ /герань/ гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті, сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені, бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар жанұядағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.
Қазтамақты жатын бөлмеге орналастырған жөн. Одан бөлініп шығатын пайдалы қоспалар, күйзелген күйді тыныштандыруға, ұйқысыздықты жеңуге көмектеседі. Ауаны стафилакокк, стрептококк бактерияларынан залалсыздандырады. Мұны тексеру үшін ғалымдар стафилакокк бактериясының бір-екі тамсышын қазтамақтың жапырағына тамызғанда, үш сағатта бактериялар өліп қалған. Сонымен қатар шыбын-шіркейлер қазтамақ бар жерден қашады. Бөлмені жаман иістерден тазартады, ас бөлмеге де қазтамақтың пайдасы зор.
Қазтамақ - ғажайып өсімдік. Оның құрамында аминқышқалдары, дәрумендер, өзектер, микроэлементтер, антибиотиктер бар. Сонымен қатар илікзаттарға бай. Жапырағы бөлетін эфир мен фитонцидтер ауаны зиянды микроағзалардан тазартады. Қазтамақтың жапырағынан ауруларға қарсы неше түрлі тұнба, қайнатпа, езбе, компресс жасайды. Тіпті оны дымқылдау, булау немесе сығымдаудың барлық түрлерін қолданбай-ақ, жапырақтары бөліп шығаратын белсенді заттарды адам ауамен бірге ағзасына сіңіре отырып, емделенетіні анықталған. Қазтамақ суық тиюден бастап қатерлі ісікке дейін көптеген ауруларды оңай және еш қиындықсыз емдеп жазады. Қазтамақ жөтел, жүйке ұстамасы, тұмау, тіс ауыру, бүйректегі тасты түсіру, остехондроз, ҚРА, ҚРВИ, құлақ шаншу, жүрек қыспасы, қан қысымын реттеу, қан тоқтату, бас ауруына, ревматизмге қолданылады.
Суық, тұмау тигенде, қазтамақ жапырақтарының шырынынан 2-3 тамшыдан күніне 2 рет мұрынға тамызып тұру қажет. ҚРА, ҚРВИ, жөтел ауруларына, бір литр суға 25 грамм қазтамақ жапырағын 10 минут қайнатып, тұндырып, күніне 3-4 рет тамақты шаяды.
Кенеттен көтерілген қан қысымында қазтамақ «жедел жәрдем» қызметін атқарады. Ол үшін, қазтамақтың жапырағын 20-30 минут сол қолдың тамырына жабыстырып қойса, қан қысымы реттеледі.
Құлақ шаншып ауырғанда жапырақты жұмсартып, түтікше орап, құлаққа салу керек. (Ескерту: құлақта қалып қоймай, суырып алу үшін жапырақты бірқабат дәкемен орап, дәкенің ұшын ұзындау етіп қойыңыз!)
Тіс ауырғанда да, жапырағын ауырған тіске қойып, басылғанша ұстаймыз.
Бүйректегі тасты түсіру үшін, 2 шай қасық кептірілген және ұнтақталған қазтамақтың тамырына ыстық су құйып, оны ары қарай баяу отта қайнағанша ұстау керек. Бір сағаттай тұндырып, қайнатпаны сүзіп алады. Қайнатпаны күніне 5 рет тамаққа дейін екі ас қасықпен қабылдайды.
Остеохондроз ауруының асқынуы кезінде қазтамақтың жапырағынан компрессжасайды. Компресті түнгі уақытта қойған жақсы, ертеңгілік жылы сумен жуып тастайды.
Теміреткіге жапырақтарын езіп, қоймалжың түрінде дененің сыртына шыққан жаралардың қанын тоқтату үшін пайдаланады.
Бас ауырған кезде қазтамақтың жапырағын мұрынға салып қойса көмектеседі.
Қазтамақты косметологияда да қолданады. Қазтамақтың 200 грамм ұсақталған жапырақтары мен гүлдерінің шырынын сығып, қақпағы бар ыдысқа құйып, мұздатқышта мұзға айналдырады. Дайын мұзды таңертең бетке уқалап жағады. Ол беттің қан алмасуын жақсартып, өңін кіргізіп, теріні жасартуға көмектеседі. Шаш қатты түскенде қазтамақтың қайнатпасымен жуса, қалыңдап жылтыр, әрі қанық әдемі болады. Сонымен қатар қазтамақтың үй жануарларына да көмегі бар. Егер сіздің сүйікті күшігіңіз, мысығыңыз құлақ кенесінен зардап шегіп жүрсе, қазтамақтың жапырағын құлағына салып қойсаңыз, бұл келелі мәселеден біржолата құтыласыз. Қазтамақтың шырынымен жануардың жүнін сүртсе, қалың әрі жылтырап тұратын болады.
Қорытынды:
Дәрі-дәрмекті пайдаланғанша, үйіңізге қазтамақ егіп, емделіңіз және әдеміліктің ортасында өмір сүріңіз! .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?