Сценарийлер (ертеңгілік)

Сценарийлер санатында мектепке, балабақшаға ертеңгіліктер, колледжге, университетке және институтқа арналған материалдар жарияланған!

Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий)


Міне достар, тағы да бір жылды артқа тастап жаңа жылға аяқ басып отырмыз. Бұл жыл жаман болған жоқ, біраз жетістіктерге бірге жеттік, жұмылып көтерген жүк жеңіл демекші сіз-біз болып сайтымызды қолымыздан келгенше дамыттық, бұл жерде сіздердің де үлкен үлестеріңіз бар, сол үшін сіздерге үлкен алғыс айтамыз.
Барлық сайт қолданушыларына шат-шадыман көңіл мен бақыт тілейміз, келіп жеткен қой жылы бізге тек жақсылық, мол байлық, ашық аспан, армандаған ойларыңыз орындалатын жыл болсын!
Жанұяларыңыз берекенің мекені болсын, бастаған істеріңіз оңды, өмірлеріңіз сәнді болсын!
Жаңа жыл құтты болсын, шаттыққа толы болсын, құрметті ағайын!

Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

«QYZYQ EKEN»

Мақсаты: Студенттердің ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын ынтасын арттыру. Көрнекі іс - әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Студенттерді шапшаңдыққа, икемділікке, топта ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

1- мамыр бірлік күні

1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Жұлдызды сәт интеллектуалдық сайыс

- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 2 - ші сынып оқушыларының арасында «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Зерде интеллектуалды ойыны

Мұғалім: Балалар, бүгінгі болатын «ЗЕРДЕ» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңдер. Бүгін біздің ойынымызды тамашалауға қаншама қонақтар келіп отыр екен. Қане олармен амандасып алайық.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Ұлы жеңіс жасасын!

Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

«Алғашқы қоңырау» (Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні)

Сабақтың тақырыбы: «Алғашқы қоңырау» (Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні)

Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата - аналар!
Армысыздар ардақты, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Биылғы 2018 - 2019 жаңа оқу жылының басты мерекесі кішкентай бүлдіршіндеріміздің бірінші сыныпқа қадам басуы. Ендеше, «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Мектеп деген білім күні, жыр күні,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын! Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “Алғашқы қоңырау” атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Күздің алғашқы күні (1 Қыркүйек – Білім күні)

Тақырыбы: Күздің алғашқы күні 1 Қыркүйек – Білім күні.

1. Жүргізуші: Қымбатты балалар. Құрметті ата – аналар мен ұжымдастар. Бүгінгі күн бәрімізге өте ерекше күн, алғашқы қоңырау соғылып, білімнің жаңа оқу жылы басталды. Алғашқы білім күні құтты болсын!

2. Жүргізуші: Балалар жадыраған жаз да аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні 1 - қыркүйек. Бұл ата - аналар үшін де, балалар үшін де, тәрбиеші үшін өте қуанышты күндердің бірі. Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатса, сендер де өз жастарыңа лайықты білім алып, тәрбие алып жүрсіңдер. Білімге талпынған балапандар қанаттарың қатая берсін! Білім күні құтты болсын!

1. Жүргізуші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау сөзді «Толағай» балабақшасының менгерушісі: Усенова Зәуреш Орунбасарқызына беріледі.

Жаңа білім күніңмен!
Білім күні – мереке,
Ән салсамда әдемі.
Туған тілім – береке,
Сөз арнасам кәделі!......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

1 Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Сабақтың тақырыбы: 1-Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Жүргізуші: Балалар, сендерді қайта көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күнге күйіп, бойларың өскен. Қараңдаршы, біздің балабақшада жаңадан келген балалар бар. Сендер жақсы дос боласыңдар деп ойлаймын. Қане, бір - бірімізге қол бұлғап «Сәлем» деп амандасайық. Бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме? Иә, Білім күні. Бұл күні балалар мектепке ағылады. Бұл күні балабақша да жаз мезгілінен соң өз балаларын қарсы алады. Ал сендер балабақшаны, мерекелерді сағындыңдар ма?
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, осы күнді есте қалатындай етіп өткізейік. Бұл күні жаңа оқу жылы басталады. Осы жыл ең қызықты болсын және сендердің білімдерің толысып, жаңа нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Білім күні – мереке

Білім күні – мереке

Балабақша ауласы 1 - Қыркүйек - Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші баларды мерекемен құттықтайды.
Қастерлемес даңқын кім,
Қадірлемес салтын кім?
Әнұраны елімнің,
Үні, Тілі халқымның!
(Әнұран орындалады)

Жүргізуші:
Сәлем, достар, балалар!
Жаңа білім күніңмен!
Білім - күні мереке,
Ән салсам да әдемі.
Туған тілім - береке,
Сөз арнасам кәделі!...
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық