Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий)


Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.
1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Жылқы жылын
Ұзатып сап Жыланды.

2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2020 тышқан жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.

Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Абай көшесінен үлкен тапсырма ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын. Мен қайдамын?
(Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес. Бірақ, бұл маңызды емес. Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны маңызды емес. Неге келіп едім? А иә! Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған тәуелді. Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту
керек.(Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 адам шығады.)

1. Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңыздар!
2. Сайқымазақ:
Барлығыңыз білетіндей шыршада
Өте қызық болатынын.
Өлең айтып, би билеп
Сіздерді достар, құттықтап
Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!!
(Ұқыпсызға көңіл аударады.)
1 Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе?

Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін. Маған екеуміздің біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.

2 Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен кімсің өзің?
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Родник көшесінен келдім. Жаңа жылға асығып келдім. Енді міне қайда келгенімді білмей тұрмын.
1 Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің. Қарашы айналаңа адамдарда мереке, барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсылауда!
2 Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік.
(Би биленіп, өлең оқылады.)
(Ортаға Чебурашка мен Гена баянмен шығады.)
Чебурашка: Мәссаған, Гена қарашы, қаншама халық келген. Мен осыншама үлкендермен балаларды ешқашан көрген емеспін.
Гена: Ал мен көрдім. Зоопаркте жұмыс жасасаң бұдан да көп адам көресің.
Чебурашка: Барлығыңыз амансыз ба? Жаңа жылдарыңызбен! Мені білесіңдер ме?
Мен әлемге белгісіз жануармын. Ал менің атым...
Барлығы: Чебурашка.
Гена: Ал менің – менің атым кім?
Барлығы: Крокодил Гена!
Гена: Мәссаған - қандай ақылды балалар! Ал енді Чебурашка, біздің жаңа әнімізді айтсақ қайтеді.
Чебурашка: Айтсақ айтайық.
Пусть белеют тропинки
И летают снежинки
И заводит пурга хоровод -
Сразу ясно прохожим,
На сосулки похожим,
Что наступит вот - вот Новый год...
Гена: Я ж играю на горможке
У прохожих на виду...
Чебурашка: К сожелению, Новый год -
Он тоже раз в году...
Чебурашка: Сөздері енді аздап келіспейді. Мен мына жерде өнер көрсетіп кеткен сияқтымын. Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді. Біз жеделхатты алғанымызға көп болды ғой. Ал енді біздер осы жерге бір би билеп сосын аяз атаны шақырайық.
(Би биленеді.)
Аяз атамен Ақшақарды шақырайық:
Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Тышқан жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?
(Би биленеді.)
Аяз ата: Ойбай, жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген. Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар. Қане, қайдасыңдар?
Ақшақар маған көмектеседі.
(Би, тақпақ айтылады.)
Ақшақар: Аяз ата, ал мен ең жақсы киінген және өнер көрсеткен сынып жетекшісіне конкурс жариялағым келіп отыр. Ал қане кім бар күшті.
Ақшақар: Жарайсыңдар барлығыңда. Жеңген --------- сынып жетекшісі.
(Аяз ата барлығына дәмді нәрселер береді.)
1 - жүргізуші: О, халайық, жараңдар.
Қилы - қилы заман бар.
Доңыз жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!
2 - жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған. Доңыз жылын шығарып салайық.
Доңыз: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2020 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын тышқанға беремін.(Сахнаға тышқан шығады.)
2 - жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт - береке жылы бол, Жаңа жыл.
Тышқан: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – жылдамдығым.
Доңыз: Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, доңыз жылы, Қош бол!
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып - қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
- Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
(Көріністер кетеді)
(Хормен шыршаны айнала « Шырша жыры» әні орындалады )
- Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады )
1 - жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...


Источник: bilimdiler.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу