Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Көктем аруы) » ZHARAR © 2016 | көктем аруы сценарий мектеп, көктем аруы туралы сценарий скачать бесплатно, сценарий на казахском языке на 8 марта, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні сценарий мектепте




  • »

Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Көктем аруы)

Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Көктем аруы) казакша Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Көктем аруы) на казахском языке

Ақтөбе, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
Ембі қалалық №3 орта мектеп
Тәрбиеші: Урынбаева Жанар Куандыковна

Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар!
8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар! Ару апайлар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін біздің бақшада дүбірлі той,
Ден қойып, тыңдаңыздар көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.
Құрметті қонақтар, «Көктем аруы» атты байқауға қош келдіңіздер!
Аруларымызды ортаға шақырмас бұрын, әділқазылар алқасын тағайындайық. Әділқазылар арулардың сұраққа жауабы, тапсырманы орындауы киім үлгілері, өнеріне жеке-жеке баға беріп отырады. Ендеше аруларымызды ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.
Өнер сүйер қауым бүгінгі байқауымыз 4 турдан тұрады.
1. «Сәлем-сөздің анасы» (өзін –өзі таныстыру)
2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)
3. «Жүйрік болсаң тауып көр» (сұрақ жауап)
4. «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)
Жүргізуші: Әдеппенен, ізетпенен, танысуға, тайсалмастан сахнаға қыздар шықты. Олай болса, өзін-өзі таныстыру сайысын бастаймыз.
Тәрбиеші:
8 наурыз күнін
Мейрамдайды аналар
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар.
Мейіржан:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең
Санжар:
Мұрат, мүлде, мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін
Данияр:
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Али:
Менің әжем,бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Мұхамет:
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Данил:
Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Әділқазылардың бағасынан кейін байқаудың «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі бойынша аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады.
Тәрбиеші: Ал сайыскерлер сұраққа қалайсыздар, қазіргі заманғы ару заман талабына сай өте білімді болуы керек. Сондықтан байқауымыздың келесі бөлімі «Жүйрік болсаң тауып көр» деп аталады.
1-ші сайыскерге сұрақ.
Біздің елордамыз қалай аталады? (Астана қаласы)
Бір аптада неше күн бар? (жеті күн бар)
Орыс тілінде әжені қалай атайды? (бабушка)
2-ші сайыскерге сұрақ?
Адамда қанша көз бар? (екі көз бар)
Қыс, жаз, күз, көктемді бір сөзбен қалай айтуға болады? (жыл мезгілдері)
Орыс тілінде нан қалай аталады? (хлеп)
3-ші сайыскерге сұрақ.
Қазақстан республикасының президентін ата? (Н.Ә. Назарбаев)
Аспанда қанша күн бар? (1)
Көктем орыс тілінде қалай аталады? (весна)
4-ші сайыскерге сұрақ.
Біздің отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
Қызанақ, кияр, картоп жеміс пе әлде көкөніс пе? (көкөністер)
Құстар орыс тілінде қалай аталады? (птицы)
5- ші сайыскерге сұрақ.
Кемпірқосақта қанша түс бар? (жеті түс бар)
Кесе, табақ, шәйнек, қазанды бір сөзбен қалай атауға болады? (ыдыстар)
Орыс тілінде атаны қалай атайды? (дедушка)
6- шы сайыскерге сұрақ.
Қазақстан Республикасының рәміздерін аташы? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
Бағдаршамда қанша көз бар? (үш)
Қол орыс тілінде қалай аталады? (рука)
Байқауға қатысушы қыздар сұрақтарға жауап береді.
Әділқазылардың бағасы дайын болғанша ортамызға өнерпаз жігіттерімізді шақырамыз.
Бүгін бәрі ерекше,
Бишілерде өнер көп.
Орыс биін билейді
Ортамызға ұлдар кеп.
Көрермендермен ойын: Мереке, ана, балабақша сөздерін қосып тілек айту.
Жүргізуші:
Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырам елімді.
Түрлі-түсті сән көйлек,
Көз тартады не керек- демекші, келесі кезекте «Сұлулықтың сыры» тақырыбындағы сән үлгісін тамашалаңыздар.
«Көктем –жаз 201*» арналған киім үлгілерін көрсетеді.
Алдарыңызда балдырған тобының орындауында «Айналайын, ана» әнін тыңдаңыздар!
Келесі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына сөз беріледі . Сайысқа қатысқан аруларға:
«Өнерлі қыз», «Мың бұралған биші», «Әдемі қыз», «Ақылды қыз», «Сүйкімді қыз», «Бас жүлдеге иегер ару» атты номинациялары бойынша жүлделер берілді.
Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық!
Ардақты аналар, апалар, мейрамдарыңыз құтты болсын!



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы | | 1 650
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы, көктем аруы сценарий мектеп, көктем аруы туралы сценарий скачать бесплатно, 8 наурыз мейрамы туралы сценарий, сценарий на казахском языке на 8 марта, сценарий праздника 8 марта на казахском языке, сценарий праздника 8 марта в начальной школе, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні сценарий мектепте, көктем аруы сценарий мектеп, көктем аруы туралы сценарий скачать бесплатно, 8 наурыз мейрамы туралы сценарий, сценарий на казахском языке на 8 марта, сценарий праздника 8 марта на казахском языке, сценарий праздника 8 марта в начальной школе, 8 наурыз хал, Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Көктем аруы) сценарий казакша сценарий на казахском языке скачать бесплатно сценарии детских праздников на казахском языке сценарий балабакша қазақша Қазақша Сценарийлер жинағы

.

. .