» » » Реферат: Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру

Реферат: Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру

Реферат: Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру казакша Реферат: Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру на казахском языке
Экономиканы либерализациялау. Нарықтық регуляторлардың іске қосылу, шаруашылық өмірдегі мемлекеттік регламентация формаларының қысқаруы, сыртқы экономикалық жұмыстардың либерализациялануы, шетел капиталына есік ашылуы, тұрақты валюталық режимге қатысты қамсыздандыру шаралары негізінде трансформациялық жүйенің осы ең маңызды саласын жете келтіруде көңіл толарлықтай ілгерілеу пайда болды. Мемлекет өз қажетін өтеу үшін рыноктың басқа субъектілерімен тең дәрежеде бірігіп жұмыс істей бастады және форвардтың, фъючерстік және т.с.с. шарттарды пайдалана отырып, биржалық сауданы дамытты. Өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің барынша шектелген шеңбері бойынша мемлекеттік қадағалау механизмін сақтай отырып, еркін баға қою және сұраныс пен ұсынысқа жауап бере алатындай олардың құрылымдарын қалыптастыру принциптерін жүзеге асыру басталды.
Жеке секторы басым көп қырлы экономика негізінің қалануы. Ортақ экономикалық орта өзгерді, нарыққа бағытталған шаруашылық құрылымдарының дамуы, көп қырлы экономика негізінің орнауы және кеңеюі, іскер және жауапкершілікті мойнына алатын меншік иелерінің қалыптасуы үшін жағдай жасала бастады. Едәуір кідірістерге қарамастан жекешелендірудің кең көлемді процесі аяқталды. Мемлекет меншігінен айыру және жекешелендіру, жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті қайта жасау бағдарламаларын жүзеге асыру, кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және монополиясыздандырудың өткен кезеңдерінің заңды салдары ретінде экономикадағы дамыған жеке сектордың қалыптасуы, тәртіптің рыноктық үлгілеріне мойын бұрған меншік иесінің аяғынан тік тұруы басталды, сондай-ақ кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің дамуы, рыноктың бәсекеге қажет базаларды кеңейту мен қолайлы жағдайлар жасау өріс алды.
Нарықтық экономика мен инфрақұрылымда институттарының дамуы. Рыноктық инфрақұрылымның негізі қаланды. Оған банктер желісі, инвестициялық және сақтандыру компаниялары, биржалар, аудиторлық фирмалар және басқа да шаруашылық субъектілеріне қызмет ететін, олардың өнім өндіру ісіне, қызметтеріне деген сенімділіктерін арттырып, коммерциялық тәуекелді азайтуға септігін тигізетін объектілер кіреді.
Еңбек, капитал және тауар рыноктарындағы қатынастарды қадағалап отыратын заң шығару ісі кеңейіп, тереңдей түсті. Сауданың, қаржылай-несиелік және басқа да рыноктық экономика институттарының дамуы елдегі ВВП (внутр. валов. продукт. Каз.) өндірісінің құрылымында айтулы ілгерілеулерге жағдай жасады. Қызмет көрсету бағасының да үлес салмағы өсті.
Сәйкес тепе-тең тұтынушылар рыногының құрылуы. Экономикалық жүйені ауыстыру қысқа уақыт ішінде сұраныс пен ұсыныстың ара салмағын жөнге келтіруге және тұтынушылар рыногындағы белгілі бір тепе-теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік берді. Халық тұтынатын тауарлардың басым көпшілігіне деген ұсыныс төлемге қабілетті сұраныстан асып кетті. Бірақ мұның өзі де көңілге медеу ұялатар факт. Алайда ішкі өнім артты десек те, импорттың интенсивтілігі мен халықтың басым бөлігінің жинақ қорларының құнсыздануына байланысты төлемге қабілеттілігі төмендеді, өндірістің тоқтауы, тұтынушылық құндардың аспандап шарықтау орын алды.
Қаржылық тұрақтылық. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде бірқатар табыстарға қол жетті. Инфляция қарқыны мен қаржы рыногының проценттік салымдарының төмендеу динамикасы соның бір айғағы болды. Мемлекеттің алтын-валюталық резервтерін жасау қолға алынды. Теңгенің валюталық курсы біршама тұрақталып қалды. Сыртқы сауда айналымының ақсауы мен қаржыландырылуы инфляциялық әдістерсіз жүзеге асырыла бастаған мемлекеттік бюджет жетіспеушілігіне қатысты оң өзгерістер байқала бастады. Өнеркәсіптің бірқатар салаларында өндірістің тұрақталу тенденциялары көрінді.
Атап өтілген жетістіктермен қатар, ел экономикасын реформалаудың екінші кезеңінде біраз өткір проблемалар да орын алды. Атап айтқанда, экономикалық қайта құрулардың алғашқы жылдары өндірістің айтарлықтай құлдырауымен есте. Бұл әлеуметтік саладағы бірқатар проблемалардың ұшығуына әкеп соқты — халықтың таза ақшалай кірісі осы кезеңде 5 есе төмендеді. Халықтың кіріс көлемі жөнінен таптарға бөліне бастауы етек алды. 1995ж. халықты кіріс көлемі бойынша топтарға бөліп қараудан мынадай қорытынды шықты. Халықтың 10%-інің кірісі бір ең төменгі азық-түлік алымына жетпейді, 42%-ң кірісі — сондай алымның бірден екіге дейінгі бағасындай, 39%-ікі екіден төртке дейінгі бағасындай және 9%-інің алымның төрттен жоғары бағасындай кірісі бар болған.
Ең ауқатты және ең тұрмысы төмен таптардың кірістерінің арасындағы алшақтық 11 ден 30 есеге дейін жетті. Бұл әлемдік практикада қабылданған (10 еселік) ең жоғары көрсеткіштен асып түсті. Жұмысқа орналасу проблемалары да ұшыға түсті. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 1996ж. экономикалық ынталы (активы) халықтың 4,1%-ін құрады. Есепте тұрған жұмыссыздар саны елдің жұмыспен қамту қызметтеріне түскен жұмысшыларға деген сұраныстардан 25 есе көп болды. Мәжбүрліктен ұзақ демалыста және толық емес жұмыс уақтысы режимінде жұмыс істеп жатқандардың саны 1996ж. соңында экономикалық ынталы халықтың шамамен 7%-н құрады.
Өндірістің құлдырауы мен соған байланысты туындаған әлеуметтік проблемалардан бөлек республика бірқатар спецификалық дағдарыс тұғызушы факторларға тап болды. Біріншіден, ең көкейтесті проблемалардың бірі бір-біріне әсер етуші факторлардың жиынтығынан пайда болған төлем дағдарысы болды. Бұл факторлардың ішінде бәрінен бұрын өздерінің айналым құралдарын тауысқан және өздеріне ауадай қажет несиелік ресурстар алуға мүмкіндіктері болмаған кәсіпорындардың нашар қаржылық ахуал көп қиындықтар тудырды. Екіншіден, инвестиция саласындағы проблемалар ұшығын тұрды. Инвестицияны қысқартудың көлемі экономикалық басқа салаларындағы құлдырау деңгейлерінен асып кетті. 1993—1995жж. өзінде ғана капиталдық салым көлемі екі еседен асаға дейін кеміді.
Орын алған олқылықтарға қарамастан, экономиканы реформалаудың екінші кезеңінде түркілікті институционалдық қайта құрулар жүзеге асырылып, көңіл көншітерлік макроэкономикалық тенденциялардың қалыптасуы мен тұрақталуына негіз қаланды. Бұл ілгерілеу 1997—2000жж. елдің ұлттық экономикасының дамуының үшінші кезеңінде айқын көрінді. Бұл жылдарды негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасының ерекшелігіне сәйкес жеке этап ретінде қарастыруға болады. 1997—2000ж. аралығында ВВП-ның, өнеркәсіп өндірісінің, инвестиция көлемінің және басқа да маңызды көрсеткіштердің өсуі басталды. Алайда экономика дамуының динамикасын біртіндеп өзінің таралу географиясын кеңейте түскен, сол жылдары болған әлемдік қаржы дағдарысы біраз тежеп тастады. 1997ж. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде басталған дағдарыс, 1998ж. Ресейге жетті және Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізді: осылайша, 1998 жыл елдің ВВП-сын төмендеуі байқалған осы кезеңнің жалғыз жылы болды. Ал 1999ж. ұлттық валюта айтарлықтай девальвацияға ұшырады. Республика экономикасының әлемдік рыноктор конъюктурасының ықпалына түсуі және оның елде өндірілетін өнімдер бағасына тәуелділігі реформалардың аталмыш кезеңінің негізгі сабақтарының бірі болды. Өңдеу өнеркәсібін дамыту, отандық тауарөндірушілер мен шағын бизнеске қолдау жасау, экономиканың шаруашылық комплекстің шикізат көзі ғана болуын жоюға бағытталған құрылымдың реформаларын тереңдету мәселелері көкейтесті сипат алды.
Аталмыш проблемалардың шешімін табуы реформалардың үшінші кезеңіндегі институционалдық қайта құрулардың айтарлықтай тереңдеуінен көрініс тапты. Экономикалық процестердің нормативтік-құқықтық базасы едәуір кеңейіп, толықтырыла түсті, экономиканың ең маңызды салаларын дамытуға жағдай жасайтын бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды, шаруашылық ортаның дамыған рынок стандарттарына жақындастырылуы бойынша шаралар жасалды. Осы кезеңде жасалған көптеген қадамдардан ең прогрессивті қадамдар ретінде төмендегі макроэкономикалық деңгейдегі шараларды ерекше атап өтуге болады:
жинақтаушылар қорлар жүйесі бойынша азаматтардың зейнетақыларын тұлғаландыруға (персонализация) бағытталған, сонымен бірге қуатты ұлттық инвестициялық институттардың қызметін атқаратын зейнетақы реформаларын жүргізу;
жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқару процестерін жетілдіру;
өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қалпына келтіруді бастауға мүмкіндік берген отандық тауарөндірушілер мен импорттың орнын басуға қолдау көрсету бойынша бірқатар шаралар қабылдау;
отандық банк секторының ары қарайғы нығаюына және инвестициялық процестерге халықты тартуға бағытталған қаржы саласындағы реформаларды тереңдету;
елдің әлемдік рыноктардағы баға конъюктурасының залалды өзгерістеріне тәуелділігін азайтуға мүмкіндік беретін ҚР Ұлттық Қорын құру туралы шешім қабылданды.
Жалпы алғанда онжылдықтың соңғы жылдарын Қазақстандағы экономикалық реформалардың негізгі бөлігінің аяқталу кезеңі деп қараған жөн. Елдің макроэкономикалық дамуының аталмыш кезеңінің негізгі нәтижесі деп мыналарды атауға болады.
1. 1. Негізінен бұрынғы шаруашылық жүйенің және әлеуметтік-экономикалық формацияның радикалды трансформациясының күйреуінен туған қиындықтар жойылды. 90-жылдардың басында еліміз тап болған көптеген көкейтесті проблемалар азды-көпті шешілді, елдегі қаржылық-экономикалық ахуалдың жетілген тұрақталуы негізінде болашақтағы дамуға жол ашқан рыноктың типтегі экономика құрылысы болды.
2. 2. Өткен кезеңдерде басталған қазіргі заманғы рыноктың шаруашылықты жүргізу стандарттарына сай нормативтік-құқықтың базалардың құрылуы аяқталды. Құнды қағаздар рыногы, қаржы жүйесі, еңбек, рыногы, салық салу, бухгалтерлік есеп, акционерлік қатынастар және басқа да көптеген экономика салаларында дамыған заңдар қабылданды және іске асып жатыр.
3. 3. Мемлекеттен бөлу және жекешелендіру процестерінің негізгі бөлігі аяқталып, аралас типті экономика қалыптасты, жеке бизнестің қуатты табы пайда болды. Осылай, 01.01.2001ж. Қазақстанда жалпы саны 138549 заңды тұлғалардан 111400-і меншіктің жеке түрімен жұмыс істеді, жеке секторда елдің ВПП-сының шамамен 70%-і өндіріледі. Өткізілген институционалдық қайта құрулардың негізінде рыноктық және өндірістік инфрақұрылым компанияларының қарқынды дамып келеді. Ел ВВП-сындағы үлесі үнемі өсіп отыратын қызмет көрсету саласының дамуы есебінен ел экономикасының құрылымында орын алып келген диспропорциялар жойылды. Экономиканың көптеген салалары мен шеңберлерінде бәсекелестік орта қалыптасты.
4. 4. Мемлекеттің қаржы саласында барлық негізгі бағыттар бойынша берік тұрақтылыққа қол жетті: мемлекеттік қаржы, ұлттық валютаның бағасы, банк жүйесінің тұрақтылығы мен беріктігі, Ұлттық банктің алтын-валюталық резервтері, инфляция динамикасы, ақша нарықы мен мемлекеттік құнды қағаздар нарықындағы проценттік салымдар бойынша ілгерілеу байқалды. Осылайша 2000ж. тұтынушылық баға орта есеппен айына 0,8%-ке, мемлекеттік бюджет 01.12.2000 жылы ВВП-ға 2,2%-ке орындалды, Ұлттық банкті қайта қаржыландыруға салым 2001ж. ақпанда 12,5-ке төмендеді, мемлекеттік құнды қағаздардың кірісі қосалқы нарықта жылына 11,4%-тен айналды. Қаржылық тұрақтылық халықтың айтарлықтай бос бөлігін тартуға және банктердің экономиканың маңызды секторларына беретін несиелерінің көлемін едәуір ұлғайтты.
5. 5. Экономикада инвестициялық-өндірістік процестер қарқын ала бастады. Онжылдық соңында ВВП көлемдерінің, өнеркәсіп өндірісінің, инвестициялық жұмыстардың динамикасында және бірқатар маңызды көрсеткіштерде айтарлықтай ілгерілеу байқалды. Өсім іс жүзінде экономиканың барлық салаларында — өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, транспорт пен байланыста, саудада және т.б. орын алды. Бұл елдің дамуының тұтастай (жалпылама) және жүйелік сипаты жайында әңгіме қозғауға мүмкіндік береді. 1999ж. бастап, реформа жылдары алғаш рет сауда тепе-теңдігі көңіл көншітерлік белгілері байқалды.
6. 6. Реформалардың үшінші кезеңінің ең маңызды ерекшелігі олардың шынайы құрылымдық қайта құруларға жүйелік түрде бағытталуы болды. Нарық институттары мен шаруа жүргізу механизмдерін қалыптастыру саласында бірқатар батыл қадамдардың жасалуының нәтижесінде Қазақстан экономиканы реформалаудың қарқыны бойынша ТМД елдерінің көбін басын озды. Атап айтқанда Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып зейнетақы реформасы, банктік салымдарға кепілдік беру жүйесі, Ұлттық банк арқылы Бүкіләлемдік банкке қарызды мерзімінен бұрын өтеу, Ұлттық қор құру, банктер мен зейнетақы қорларының салымшыларына ұлттық валютаны девальвациялаудан туған бағамдық шығындар үшін мемлекеттік өтемақы төлеу, экспорттерлардың валюталық көмекті міндетті түрде сатудан бас тартуы, автокөлік иелерінің жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру сияқты шаралар қабылдады. Қазақстанның ТМД елдері арасында шетел инвестицияларын тартудың жан басына шаққандағы көлемі жөнінен ең алдыңғы орында екені даусыз Мемлекет пен шаруашылық субъектілері қаржыны басқару оптимизациясының әдістерін табысты қолданып келеді: құнды қағаздар шетел рыноктарына шығарылуда қайта қамсыздандыру механизмдері іске қосылуда. Үшінші кезеңдегі ел Экономикасын реформалау ісі 90-жылдардың басында орын алған келеңсіз тенденцияларды өзгертуге жол ашты. Онжылдықтың үшінші бөлігінен бастап макроэкономикалық көрсеткіштердің басым бөлігі тұрақтылықты немесе өсімді көрсетіп келеді. Соңғы жылдары жүргізілген қайта қалыптастырулар елдің әлеуметтік саласына да бірқатар игі ықпалын тигізді: халықтың кірісі өсе бастады, жаңа жұмыс орындары ашылды, мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік мұқтаждылыққа шығысы артты.
Елдің шаруашылық комплексін реформалау процестерінде, оның жүйелік қайта қалыптасуында жетекші рольді мемлекеттің экономикалық саясаты атқарды. Тәуелсіздік алған соң Қазақстан экономикалық процестерді ұйымдастырудың ең қиын жүйесін іс жүзінде басынан бастап құру қажеттілігімен бетпе-бет келді, ол сонымен бірге шаруашылық ортаны түпкілікті реформалау ісімен күрделілене түскен қажеттілік еді. Өтпелі кезеңнің бұл объективті қиындықтары экономиканы басқару саласында жеткілікті дұрыс шешімдер қабылдауға әрқашан жағдай жасай бермейтін. Алайда жалпы алғанда өткен онжылдықтың қорытындысы бойынша елде экономикалық саясат жүргізудің рыноктық қоғам принциптеріне лайық жүйесі қалыптасты. Қазіргі уақытта елдің экономикалық саясатын бірнеше шешуші бөліктерге бөлуге болады: қаржы-несиелік, салықтық-бюджеттік, сыртқы экономикалық, инвестициялық, нарықтық блоктар және монополияға қарсы саясат. Реформалардың басынан аяғына дейінгі кезеңдеріндегі экономиканы тұрақтандырудың шешуші бағыты қаржы-несиелік саясат болды. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету көбіне Қазақстан Ұлттық Банкінің 1994 жылдың шілдесінен бері жүргізіп келе қатаң ақша саясатының жүзеге асырылуы байланысты. Ақша саясатын жүргізу инфляцияның төмендеуіне ықпал ететін ақшаны көлемін сомасы бойынша басқаруға, сондай-ақ өнеркәсіптің өсе түсуіне арналған тұрақты айырбастау бағамын қалыптастыруға бағытталды. Қайта қаржыландыруға иек арту инфляцияның іс жүзіндегі қарқынына байланысты туындады. Ал мемлекеттік құнды қағаздарға деген сенім аукциондық әдіспен анықталды, бұл шынына келгенде, олардың маңызын ашып берді. Екінші дәрежедегі банктерге қосымша талаптардың бекітілу жолын қадағалау өте сәтті жүзеге асырылды.
1995ж. ортасынан бастап Қазақстанның қаржы-несиелік саясатының құралдары дамыған елдерде дәстүрге айналған тағы бір шарамен — Ұлттық Банк өзінің құнды қағаздарға арналған жеке қоржынын жасай бастаған кездегі ашық рынокта жүргізілген операциялармен толықты. Осы мақсатта шығарылу көлемі ақшалай агрегаттар бойынша бағыттарға байланысты белгіленген арнайы құнды қағаздар — Ұлттық банк ноталарын шығару қолға алына бастады. Сонымен қатар ақша көлемін стерилизациялау және теңгенің айырбас құнының тұрақсыздығын жою мақсатында валюталық рыноктағы интервенция сияқты рыноктың экономикаға тән регулятор іске қосылды.
1996 жылдан бастап екінші дәрежедегі банктердің несие саясаты біршама өзгерді. Мұндай банктердің қатары кеміп қалған еді. Ал аталмыш операциялардың негізгі бағыты банк жүйесінің беріктігін сақтау болып қалды. Жеңілдік несиелерін беру мен кәсіпорындардың Ұлттық Банкке несие сұраған тікелей өтініштерін қарау тоқтатылды. Несиелердің бөлінуі аукциондар, банкіаралық рынок, сондай-ақ ломбардтық негізде жүзеге асты.
1997ж. бастап қаржы-несиелік саясаттық жүзеге асырылу әдістемесі дамыған елдердің осыған ұқсас стандарттарына сәйкес түпкілікті қалыптасын бітті және Ұлттық банктің ресми салымының өзгеруін, міндетті түрдегі резервтерге нормалар белгілеуді, ашық нарықтағы операцияларды және ішкі валюталық нарықтағы интервенцияларды қамтыды. Инфляция қарқынының бәсеңдеуі артынан пропорционалды негізде сыйақы түріндегі ресми ставкалар — қаржыландырудың ресми ставкасы, ломбардты несие бойынша сыйақы түріндегі ставка, “овернайт” несиелері бойынша сыйақы түріндегі ставкалар төмендеді.
1998ж. қаржы-несиелік саясат әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында жүргізілді және орын алған жағдайдағы қадағалаудың спецификалық қажеттілігін көрсетті. Бұл оған Қазақстанның қаржы секторын қорғауға бағытталған қатаң сипат берді. Сонда да 1999ж. ұлттық валютаның еркін жүзіп жүрген айырбас бағамының режимі қабылданды, және ол біршама девальвацияға ұшырады. Осы жағдайда қаржы-несиелік саясаттың ең басты міндеті инфляция қарқынының өсуіне тоқтату болды. Сонымен бірге, бұрынғыдай екінші дәрежедегі банктердің кредиттік қабілетінің артуы да көкейтесті мәселе Бүйінде қалды. Осыған байланысты Ұлттық Банк бір жыл ішінде қайта қаржыландыру салымының деңгейін 18%-ке дейін төмендетті. Кейін ол көрсеткіш 2000 жылғы қаржылық ахуалдың түркілікті тұрақталуына қарай 14%-ке, ал 2001 жылдың ақпанында 12,5%-ке түсті.
Экономикалық процестерді қадағалаудың тағы бір негізгі бағыты салықтық-бюджеттік саясат болып табылды. Қазақстан экономикасын реформалаудың бірінші кезеңінде осы салада басты назар негізінен рыноктық стандарттарға сай заңдарды қарастыруға аударылған еді. Нормативтік база салық салу саласында да, нарыққа бағытталған бюджеттік жүйе құру бойынша да құрылған болатын. Бюджеттік саладағы ахуал республиканың рубль аймағында тұрған кезінің өзінде өте қиын еді. Бюджеттік процесс эммисиялық жұмыстарды бақылап отырған Ресейге тікелей тәуелді болатын. Реформалардың алғашқы жылдары Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің өте үлкен диспропорциялары байқалды. Ұлттық валюта енгеннен кейін бюджеттік жүйені жетілдіруге ұмтылыстар жасалды. Алайда инфляцияның жоғары қарқыны бюджетті қалыптастыруды барынша жетілдіруге мүмкіндік бермеді. Бюджет жетіспеушілігін Ұлттық банк несиелері есебінен жабу кең көлемде қолданысқа енді. Бұл да инфляцияның өсуіне, ақыр аяғында бюджет балансының бұзылуына ықпал етті.
Бюджет саласындағы өзгерістер 90 жылдардың орта шенінде мемлекеттік бюджеттің жетіспейтін тұстарының инфляциялық емес әдістермен қаржыландырылуы жүзеге аса бастап, ал осы көрсеткіштің көлемі кірістер мен шығыстар арасындағы алшақтықтарды болдырмау мақсатында бақылауға алынған кезде басталды. Осы кезеңнің салық жүйесі де белгілі бір өзгерістерге ұшырады. Салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың тиімді әдісі ретінде ғана емес сонымен бірге инвестициялық-өндірістік жұмыстарды жөнге келтірудің құралы ретінде қарастырыла басталды. Бір жағынан бұл өзгерістер осы уақытта жүргізілген ірі кәсіпорындарды жеке проекттар бойынша жекешелендірумен де байланысты болды. Осы проекттар аясында инвесторлар едәуір салық жеңілдіктеріне ие болды.
Реформалардың үшінші кезеңі бюджеттік-салықтық саясат саласында мемлекеттік бюджетті орындаудың тұрақталуы, мемлекет жетіспеушілігі көлемнің кемуі, салық заңдарының отандық тауарөндірушілерге қолдау жасауға бағытталуы сияқты негізгі ерекшеліктерді қамтыды. Салық механизмдері белгілі бір салалардың дамуын жөнге келтіруге бағыттала отырып, қолданыла бастады. Осылайша, 1999ж. машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің бәсекелестікке қабілетін арттыру мақсатында машина жасау мен химия өнеркәсібі үшін НДС төлеу мерзімін 90 күнге ауыстыру бойынша салық заңына өзгерістер енгізілді. Ал жеңіл өнеркәсіп үшін бұдан бөлек НДС-тің нөлдік ставкасы енгізілді. 2000ж. салық уақының жекелеген ережелеріндегі өзгерістерді орнықтыруға дайындық бойынша жұмыс жалғасын тапты. Ол ережелер ең алдымен машина жасау кәсіпорындарына, ішкі рынокқа бағытталған химиялық, мұнай-химиялық және ағаш өңдеу өнеркәсіптеріне арналған қатаң емес салық режимін қарастырады.
Экспортқа бағытталған экономикалы ел ретіндегі Қазақстанның экономикалық дамуында реформалардың бүкіл өн бойында сыртқы экономикалық саясат үлкен роль атқарды. Елдің сыртқы экономикалық байланыстарындағы реформалар сыртқы сауданы жаңарта түсуге бағытталды. Бұл жаңарту қадағалаудың әкімшілік әдістерін экономикалық әдістермен алмастыруға жол аштты.
90 жылдардың ортасы сыртқы сауданы жаңартумен ерекшеленді. Мұндай жаңарту онжылдықтың басында рыноктың экономикалық талаптарына сай келмейтін қадағаланғандықтың жоғары дәрежесімен ерекшеленді. Атап айтқанда 1994—1995жж. бастап сыртқы сауданы жаңарту тауар экспортына квоталауды жою, лицензияланған өнімдер санын қысқарту, экспорттық кеден салықтарын жою сынды бағыттар бойынша жүрді. Республикада жүргізілген сыртқы экономикалық саясаттың негізінде республиканың сауда тепе-теңдігінің көрсеткіштері біршама жақсарды.
1995ж. шілдеде кедендік бақылау жүйесін қалыптастырған жаңа Кедендік кодекс қабылданды. Сол жылдың қаңтар айында Кедендік одақ туралы Ресей Федерациясымен, Белорусь және Қырғызстанмен келісім-шарт жасалды.
Елдің сыртқы экономикалық саясаты 1998-99жж. әлемдік экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өрлеуі мен Қазақстанның негізгі саудалық әріптесі — Ресейдегі қаржы дағдарысынан кейін қарқын алуға маңызды қадам жасады. Қазақстан экспортының негізгі тауарларына әлемдік бағаның түсуі мен рубль девальвациясы экспорттың 15%-ке және импорттың 7%-ке кемуінен туындаған сыртқы сауда айналымының 11%-ке төмендеуіне әкеп соқты. Қазақстанның әріптестері: Ресей, Украина, Өзбекістан, ЕО елдері сияқты негізгі елдерге экспорттық үлес салмағы азайды. Аталмыш келеңсіз тенденциялардың соңы сыртқы сауда саясатына үлкен прагматизм мен отандық тауарөндірушілерді қорғау құралы ретінде жетілдіруге тиіс шаралар енгізуге ұласты. Атап айтқанда заң, шығару базасы кеңейтілді, ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігі жанында бақылау жөніндегі комитет деп аталатын өкілеті орган құрылды. Қазақстандық компартиялардың шетел рыноктарындағы мүдделерін қорғау басталды.
Ұйымдастырылу аясы бойынша сыртқы сауда саясатын жүргізудің қазіргі кезеңі Армения мен Түркіменстанды қоспағанда, ТМД-ның барлық елдерімен еркін сауда режимімен және Қазақстанның ВТО құрамына енуіне күш салудың артуымен ерекшеленеді.
Өтпелі кезең жағдайындағы инвестициялық саясатта алғашында елде қажетті қаржы ресурстарының болмауы салдарынан күрделі сипатқа ие болды. Аталмыш факторға байланысты инвестициялық саясаттың негізгі бағыты шетел инвестицияларын тартуға және соған сәйкес елге жайлы инвестициялар ахуал қалыптастыруға ұмтылу болды. Инвестициялық саясаттық таңдалған бағытын қолданудың нәтижесінде Қазақстанда елдің шаруашылық комплексіне қаржы ресурстарын тартуды жетілдіру үшін институциональды және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Атап айтқанда, құнды қағаздар рыногының инфрақұрылымы қалыптастырылды, бір ғана өкіметті орган — ҚР инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік Комитеті құрылды кесін бұл орган ҚР инвестициялар жөніндегі Агенттігі болып қайта құрылды. Сондай-ақ ҚР Президенті жанында Шетел инвесторларының кеңесі құрылды. Бірқатар инвестицияларға қолдау көрсету және бірігіп қорғау туралы үкіметаралық келісімдер жасалды.
Елдің инвестициялық саясаты инвестициялық жұмыстар приоритетерінің бағытын, ел экономикасының дамуы үшін ең маңызды салалар мен бөлімдерді анықтайды. Аталмыш салаларды қаржыландыруды жөнге келтіру мақсатында 1997ж. ҚР Президенті Жарлығымен тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін ҚР экономикасының приоритетті секторларының Тізімі бекітілді.
Елдің инвестициялық саясаты сонымен бірге мемлекеттік бюджет: сыртқы займдар мен гранттар, сондай-ақ мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттер емес сыртқы займдар есебінен құралатын қаржыларды қосқандағы республикалық бюджет есебінен бірқатар бағыттарды қаржыландыру ісін жүзеге асыруды алдын ала қарастыруда. Мемлекеттік инвестицияларды бөлу және пайдалану үш жылға жасалатын Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын (МИБ) жасаудың көмегімен жүргізілуде.
МИБ-тің алғашқы құжаты 1996—1998жж.-ға арнап жасалды. Үкіметтің 1999ж. 15-шілдедегі №772 Қаулысымен 1999—2001 жылдарға МИБ бекітілді. Оның негізгі ресурстары ауыл шаруашылығы, су ресурстары, транспорт пен байланыс секторына бөлінді.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 79 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру, реферат Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Экономика жоспарымен казакша рефе, Реферат: Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы