» » » Реферат: Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны

Реферат: Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны

Реферат: Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны казакша Реферат: Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны на казахском языке
Әрқилы аумақтар бойынша адамдардың қозғалу процесі түріндегі көші-қон процесі өндіріс факторларының орын ауысуы теориясымен тығыз байланысты болады, сол себепті де, уақыт бойынша ресурстардың өзгеруі шеңберінде адам капиталының қозғалыстарының себептерін талдаудың қарапайым үлгісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Әлеуметтік категория ретінде көші-қон сандық мәліметтерді бақылап отыру және адамдардың кеңістік пен уақыт бойынша қозғалыс үрдістері дегенді ғана білдіреді. Экономикалық құбылыс ретінде адамдардың орын ауыстыруын талдау осындай қозғалыстардың салдарын талдауда үлкен мәнге ие болады. Бұндай салдарлар кейде аса үлкен болады, соған сәйкес қазіргі заманғы геоэкономикалық кеңістікте еңбек ресурстарының орын ауыстыруларына көп санды шектеулер қойылады — барлық елдер дерлік иммиграцияға шектеулер қояды, олар миграцияны капиталдың ауысуы түріндегі экономикалық процесс ретінде қарастырады, өздерінің қарамағындағы ең өнімді ресурс ретінде қарайды, себебі, экономист-ғалымдар басқа кез келген ресурстар тек адамдардың көмегімен пайдаланылуы мүмкін екенін әлдеқашан дәлелдеп шыққан. Адамдарсыз, олардың өндірістік процестерге қатысуынсыз табиғи ресурстар да, заттанған капитал да (негізгі қорлар) және көптеген технологиялық процестер де іске аспай қалады, яғни ресурстардың басқа түрлерінің тиімді пайдаланылуы адам еңбегінің сапасына, санына және тиімділігіне тәуелді болады, дегенмен, егер адам капиталы жетіспейтін болса, капиталдың басқа түрлерін жоғары деңгейде тиімді пайдалану мүмкін болмай қалады. Бұл ереже геоэкономикалық кеңістіктегі капиталдың қозғалысын бағалаудың қажеттігімен қоса алғанда адам ресурстарының саны мен сапасының өзгеруін бағалаудың және оның әрбір мемлекеттің болашағына тигізетін салдарын бағалаудың әдісі ретінде көші-қонды экономикалық тұрғыдан талдаудың қажеттігін туғызады. Бұл жағдайда экономика ғылымдарының обьективтік заңдылықтары бойынша Жер (Т) мен еңбек (L) шектеулі мөлшердегі бірден-бір ресурстардың түрлері болып табылады. Сонымен қандайда бір ел басқа жағдайлардың бәрі тең болғанда қандайда бір өнімнің түрін өзінде жоғарыда аталып өтілген ресурстар жеткілікті болған жағдайда ғана өндіре алады деп болжамдалады. Бір жағынан осы факторлардың бар болуы және сол экономикадағы өнімді өндірудің ара қатынасы елдің өндірістік функциясы [Q (T, L)] деп аталады, оның шамасы 1 суретте көрсетілгендей түрде ғана өзгереді.
Q өнімі Шекті еңбек өнімі, MPL
а) Еңбек L б) Еңбек L
Ескерту — автор теориялық көздер бойынша жүйелеп шыққан
Халықтың көші-қоны түсінігін кең және тар мағынада түсіндірулердің бар болуы экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық зерттеулерде оны жіктемелеуге және анықтауға әрқилы тұрғыдан келуге әкеліп соқты. халықтың көші-қонының барлық анықтамаларын төмендегіше қарастыратын төрт негізгі позицияларға топтастыруға болады:
- халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы;
- халықтың аумақтық қайта бөлістірілуінің формасы;
- халықтың жылжымалылығының формасы;
- халықтың әлеуметтік сипаттамасын қоса алғандағы оның аумақтық қозғалысының формасы.
Көші-қонның қарама-қайшылықсыз және әмбебап теориясын жасау, қандайда бір көзқарастардың көбірек немесе азырақ дәрежедегі негізділігін анықтау үшін қолданылған іс-шаралардың басты мақсаты қазіргі заманғы көші-қон дамуының үрдісін талдауда қолданылатын әдістемені дайындау болып табылады. ТМД елдерінің аумағында жүріп жатқан көші-қон үдерістері талданған кездері, әдетте, олардың бұрын-соңды болмаған бірегей құбылыс емес екендігі, сол себепті әлдеқашан қолданыста жүрген тұжырымдамаларды қайта қараудың қажеті жоқтығы назарға алынады.
1. кесте - Ғалымдардың көші-қонға қазіргі заман тұрғысынан көзқарастары
Көші-қонның себептері Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері
Көшіріп-қоныстандырудан түсетін экономикалық тиімділіктерді іздестіру Білімі мен біліктілік деңгейі жоғары азаматтардың кетуінен келетін шығындар
«Пайдалы» қызметтерді іздестіру Елдердің арасында өндіріс факторларын қайта бөлісуден келетін шығындар
Психологиялық факторлар Қоғамдағы жағдайдың тұрақсыздануы
Тілге байланысты кедергілер Әлеуметтік желілер мен делдалдардың арасындағы тепе-теңдіктердің жойылуы, қоғамдағы тұрақсыздық
Әлеуметтік көмекті пайдалану мүмкіндігінің болмауы Жұмыссыздықтың көбеюі, эмиграцияның ұлғаюы, қоғамдық құрылымдар үшін өндіріс факторлары ретіндегі адамдардың азаюы
Ескерту — автордың өзі дайындаған

Екі қажеттіліктер тобы көші-қондық үдерістерді туындатушы көздер болып табылады:
1. өндірістің дамуының экономикалық заңдылықтары (объективтік факторлар);
2. қоныс аударушы еңбек ресурстарының мүдделерін көрсететін материалдық және рухани қажеттіліктер (субъективтік факторлар).
Көші-қон факторларын жіктемелеу сияқты, оның құрылымының құрам бөліктерін топтастыру да әмбебеап сипатқа ие емес екендігін атап өту керек. Кейбір зерттеушілер факторлардың екі: экономикалық және әлеуметтік топтарын бөліп көрсетеді, басқалары экономикалық факторларға табиғи-климаттық, этникалық, демографиялық, моралдық-психологиялық факторларды қоса отырып, бес тобын көрсетеді.
Көші-қон факторларының бір-бірінен түбегейлі ажыратылып тұруы, оның табиғатына да қатысты, соның салдарынан көші-қон үдерістерін тиімділеу үшін қандайда бір факторларды пайдаланудың мүмкіндігі әр тарапты, қарама-қайшылықты болып келеді. Айталық, табиғи-климаттық факторлар көші-қонды реттеу тұрғысынан алғанда іс-жүзінде басқаруға келмейді. Демографиялық, этникалық, моралдық-психологиялық факторларды тек жанама түрде ғана басқаруға болады. Нарықтық қатынастар жағдайында көші-қонның этникалық, әлеуметтік, әкімшілік факторлары тікелей ретеудің объектісі болуы мүмкін.


ХКҚ жалпы факторлары
Эконономикалық
Әлеуметтік
Табиғи климаттық
Этникалық
Демографикалық
Моралды психологиялы
Еңбек ресурстары қозғалысының әлеуметтік-экономикалық бет алыстары.
Ғаламдық БЕН-ның қалыптасуында төмендегідей қатысушылар белсенді рөл атқарды: іс-жүзінде осы нарықтың құрылуының бастамашысы болған трансұлттық корпорациялар (ТҰК); біліктілігі жоғары қызметкерлерді тартуда бір-бірімен бәсекелескен ұлттық мемлекеттер; білім беру және біліктілік стандарттарын бірыңғайлауды жүргізіп отырған мемлекеттердің аймақтық бірлестіктері; халықаралық келісімдер мен ұйымдар, мысалы, соңғы уақыттары белсенділігі күшейіп бара жатқан БСҰ. БҰҰ, ХҚҚҰ, ХЕҰ сияқты ұйымдар ХВҚ, ХБ даму агенттері және басқалары ғаламдық БЕН-ның әрекетінің теріс салдарларын жоюға және оның беріп отыған артықшылықтарын пайдалануға жәрдемдесетін әрқилы бағдарламалар жасалуда. Соңғы кездері осы нарыққа шығу және өз ұлттық даму мақсаттары үшін ең үлкен артықшылықтарды алу стратегиясын жасап жатқан білікті жұмыс күшін экспорттаушы елдер белсенді рөл атқара бастады.
БЕН қалыптастырудағы БСҰ-ның рөлі оның білікті мигранттардың қоныс ауыстыруларын реттеуде келешекте ең тиімді болуы мүмкін әдістерді көрсетуінде болып отыр. БСҰ-ның ағымдағы раундында қызмет көрсетудің төртінші әдісі деп аталатынды қарауы ғаламдық еңбек нарығы шеңберінде халықаралық жылжымалылықты көбейту бағытындағы аса сенімді, бірақ шектелген қадам болып отыр. Қызмет көрсетудің бұл түрін БСҰ келісімнің қатысушысы болған қандай да бір елдің қызмет ұсынушысының сол елдің жеке тұлғаларының келісімнің қатысушысы болған басқа бір елдің аумағында коммерциялық қатысуы арқылы қызмет көрсетуі ретінде анықталады («жеке тұлғалардың орын ауыстыруы»). Қызмет көрсететін кез келген тұлға «қызмет ұсынушы» деп есептелетіндіктен, мұндай жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші дербес кәсіпкерлерді де, қызмет ұсынушы компаниялардың қызметкерлерін де жатқызуға болады. БСҰ «жеке қызмет көрсететін жеке тұлғалардың уақытша орын ауыстырулары»] үшін қолайлырақ жағдайларды жасауды жоспарлап отыр. Басқа үш әдісіне енетіндер: І режим – «халықаралық жеткізулер» (қызмет импорты); ІІ режим – «шетелдегі тұтыну» (туризм және шетелде оқу); ІІІ режим – «коммерциялық қатысу» (шетелдік бөлімшелер арқылы қызмет көрсету). Қызмет көрсету саудасының 25 % жуығы «халықаралық жеткізулерге»; 20 % - «шетелдегі тұтынуға»; 50 % - «коммерциялық қатысуға» тиесілі болады. «Қызмет көрсететін жеке тұлғалардың уақытша орын ауыстыруларына» (ІV режим) қызмет көрсету саудасының 1 %-дан сәл артығырағы тиесілі болады. Бірқатар жағдайларда бір қызмет түрін көрсету жеткізудің әрқилы әдістерімен ізбе-із жүзеге асырылуы мүмкін. Айталық, тіпті бір контрактінің шеңберіндегі консультациялық қызмет көрсету алдымен трансшекаралық түрде, кейін – консультанттың тапсырыс берушіге баруы, ең соңында – тапсырыс берушінің консультантқа баруы түрінде жүзеге асуы мүмкін.

Халықаралық білім беру бағдарламалары
Бір қатар елдердің жан басына шаққандағы табысы, экономикалық жағдайы, әлеуметтік өмір сұру деңгейі

БСҰ және оның іс-әрекетінің үдерісі
Жұмысшылардың қозғалуы
Шет елде білім алу
Жаһанданудағы еңбек нарқының мамандануы
ТҰК және оның сұранымы: жұмыс бабында карьералық өсудегі білімді пайдалануы
Халықаралық ұйымдар (ХҰҚҚ, ХҰЕ, БҰҰ)
Елдер арасындағы бәсекелестік және мамандар ұшін күрес
Мемлекеттердің аймақтық бірігуі, заңдар, мөлшерлер (нормативы), талаптар
Ғылыми-техникалыќ прогресс, мамандарға қажеттілік
Ескерту – іздену материалдары нәтижесінде автор дайындаған.
БЕН қалыптасуының тағы бір факторы ұлттық мемлекеттердің мамандарды тарту үшін өзара бәсекеге түсуі. Дамыған елдер, әдетте, ақпараттық технологияларға байланысты кейбір секторларда (Франция, Германия, Голландия, Ирландия, Канада, Австралия, АҚШ, Дания) және денсаулық сақтау саласында (АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, Дания, Ирландия, Голландия) жоғары білікті мамандарды тарту үшін өзара жиі бәсекелестікке түсе бастады
Тұтастай алғанда, шетелдік білікті жұмыс күшін тарту үшін үкіметтер пайдаланатын мына механизмдерді бөліп көрсетуге болады:
1. жоғары білікті мигрантарды тарту үшін пайдаланылатын Германиядағы «жасыл карталар» және АҚШ-тағы Н-1В, Н-1С визалары тәрізді арнайы схемалар; Канада мен Австралияның жоғары білікті жұмысшылардың уақытша және тұрақты миграциясы бағдарламалары; Ұлыбританияның жоғары білікті мигрантарға арналған бағдарламасы.
2. шетел жұмысшыларының еңбек нарығына тез енуін қамтамасыз ету мақсатында жұмысқа рұқсат алу процедурасын қарапайымдау немесе одан толық азат ету.
3. Табысы жоғары шетел жұмысшыларына салынатын салықтың салмағын жеңілдету үшін жасалған салықтық ынталандырулар (мысалы, Скандинавия елдерінде). Жоғары білікті жұмысшыларды және шетелдік қаржы салымдарын тарту үшін қолданылатын дербес салықтық ынталандырулар көптеген елдерде бірнеше жылдардан бері бар (Дания, Голландия).
4. Бұрын елде жұмыс істеп кеткен жоғары білікті эмигранттардың елге қайтуын қолдау (мысалы, Ирландия).

Кесте 2 – Шет елдегі көшіп-қонуды реттеудің тәсілдері.
Елдер Реттеудің тәсілдері Реттеудің нәтижесі
Германия «Жасыл карта» Білікті мамандардың келуін жоғарлату
АҚШ Н – 1В, Н-1С визалары Шектелген келулер
Канада
Австралия Уақытша және тұрақты көшіп-қону бағдарламасы Таңдау жоғары кәсіпті жұмысшылар жағында
Ұлыбритания Жеңілдетілген немесе босатылған процедурасы бойынша жұмысқа орналасу Тек қана жоғары кәсіпті мамандар үшін
Скандинавиялық елдер Салық қызықтырулары Салық мөлшерлерінің азаюы
Дания
Голландия Жекелеген табыстың жоғары өсуі Бірнеше мамандықтарды таңдауы
Ирландия Келушілерді марапаттау Табыстың экономикалық өсуі
Қытай «Сыртқа кету» стратегиясы Шетелге оқуға қызықтырулар
Жапония Елдің ішінде оқыту Көшіп-қонудағы тұрақтылық
Қазақстан Оралмандарды тарту Жоғары мамандарды елге шақыру және оралмандарды елге қайтару
Ескерту – іздену материалдары нәтижесінде автор дайындаған

Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерін талдау.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оны әлемдік қоғамдастықтың тануының нәтижесінде туындаған жаңа экономикалық және саяси жағдайлар тұтастай алғанда елдегі және оның аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрлеріне және бағыттарына елеулі өзгерістер енгізді. Қазақстан ұзақ кезең бойы жабық жүйе ретінде өмір сүрді, ондағы халықаралық миграция туристік немесе жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысулармен шектеліп, эпизодтық сипатқа ие болды. Ол, сондай-ақ, негізінен жоғары білікті жұмысшылардың социалистік және дамушы елдердегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа нысандардың құрылысына іссапарларға барып қайтуы түрінде де жүзеге асырылды.
Елдің «ашық болуы» саясатын жүргізу, эмиграцияға байланысты көзқарастарды либералдандыру халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс ауыстыруын жандандырды, бұның өзі еңбек әлеуетінің едәуір азайып кетуіне әкеліп соқтырды. Өзінің тарихи отанына оралуына мүмкіндіктің кеңеюіне байланысты тұрғылықты емес халықтың көшіп кетуі ұлғайды. Негізгі көші-қон ағыны жақын шетелдің Ресей, Украина, Беларусь сияқты елдеріне, Германия, Израиль сияқты алыс шетелдерге бағытталды. Айталық, 1991-2001 жылдардағы халықаралық көші-қон бойынша республикаға 788,2 мың адам көшіп келді, 2757,8 мың адам республикадан көшіп кетті. Көші-қонның теріс сальдосы 1969,8 мың адамды құрады. Көші-қонның теріс сальдосының ең көп болған «шыңы» 1994 жылмен тұспа-тұс келді, бұл кездері елден жарты миллионға жуық адам кетті, 70 мыңнан сәл астам адам көшіп келді.
3- кесте - Қазақстанда реформа жылдарындағы көшіп-қону үдерісінің динамикасы.
Жылдар Барлық көшіп-қонушыға қатысушылар, мың. адам
Көшіп-кетушілер Көшіп-келушілер Көшіп-қону сальдосы
1995 309,6 71,1 - 238,5
1996 229,4 53,9 - 175,5
1997 299,5 38,1 - 261,4
1998 243,6 40,6 - 203,0
1999 164,9 41,3 - 123,6
Барлығы 1995-1999 ж.ж. 1247,0 245,0 - 1002,0
Орташа жылдық 249,4 49,0 - 200,4
2000 155,8 47,5 - 108,3
2001 141,7 53,5 - 88,2
2002 120,2 58,2 - 62,0
2003 73,9 65,6 - 8,3
2004 65,5 68,3 2,8
Барлығы 2000-2004 ж.ж. 557,1 293,1 - 264,0
Орташа жылдық 111,4 58,6 - 52,8
2005 74,8 52,1 22,7
2006 68,3 65,5 2,8
Ескерту- ҚР статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйеніп жүйеленген

3 кестеге қарап, Қазақстанда 2004 жылдан бастап, сыртқа шығатын адамдар саны азайды, (бірінші рет соңғы 40- жылдың ішінде), сырттан келушілермен салыстырғанда. Статитстикалық мәліметтерге қарап баға берсек, 1206,7 мың орыс, 531,2 мың неміс, 177,5 мың украйндар кеткен, сонымен қатар осы аралық ішінде 171,8 мың қазақ көшіп кетті.
Көші-қон үдерістерінің қарқындылығын анықтайтын экономикалық факторлардың ішіндегі ең маңыздысы жылына бір адамға шаққандағы ақшалай табыстың көлемі болып табылады. Зерттеулер қала тұрғындарының табысы ауыл тұрғындарыныкінен 2 есе көп екендігін көрсетіп отыр. Сонымен бірге, бұндай жағдай 2001-2005 жылдарда да сақталып отыр және ол төмендегідей себептермен түсіндіріледі:
1) қалада асыраудағы адамдардың аздау болады және жалданып істелінетін жұмыс үшін алынатын табыс деңгейі жоғары болады (қалада —70-79 %; ал ауылда — 57-60 %);
2) әдетте, мөлшері аз болатын зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер ауылдық жерлердегі табыстың деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Ол ауылдық отбасының жалпы жиынтық табыстарының 23%-ын құрайды (ал қалада — 30%).
4 - кесте - Қазақстандағы халықтың орташа айлық еңбек ақысы 2001-2005 жылдар
Экономика саласы 2001 2002 2003 2004 2005
Өндіріс 23,76 26,23 30,3 36,2 40,9
Ауыл шаруашылығы
17,3
20,3
23,13
28,33
34,1
Сауда 15,4 18,9 22,8 27,6 33,6
Байланыс және көлік
24,4
29,0
34,1
41,6
49,0
Мемлекеттік басқару
15,0
16,9
18,0
26,0
31,1
Ескерту- ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметі

4 – кестеден көріп тұрғанымыздай, Қазақстанның экономикасы тұрақтанған кезден бастап, ауыл шаруашылығындағы орташа айлық еңбек ақысы өндіріспен салыстырғанда 15-17 % кем болды, ал ел бойынша орташа 16,3% - ға кем болды. Осы көрсеткіш табысқа да байланысты және күн көру қажеттілігіне де сақталып отыр. Келесі кестеде.
5 - кесте – Табыс, Қазақстандағы күн көруге байланысты (айлық орташа жан басына шаққанда, теңге)
Тұратын жері 2001 2002 2003 2004 2005
Қалалық жер 6787 7799 8999 98/60 11504
Ауылдық жер
4477
4989
5828
6560
7599
Ескерту- ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметі

5 - кестеден көріп тұрғанымыздай ауылдағы халықтың табыс деңгейі, қаламен салыстырғанда 66,1 %-ы құрайды.
Сондай-ақ Қазақстанның аумағындағы халықтың орналасуында да өзгерістер болып жатыр. Халықтың тығыздығы аз да болса төмендеді (1989 жылғы 1 км2 5,95 адамнан 1999 жылғы – 5,49 адамға). Республиканың халық ең тығыз орналасқан облысы Оңтүстік Қазақстан (16,9), ал халқы ең аз облысы Маңғыстау (1,9) болып отыр. Батыс Қазақстан аймағында да, сондай-ақ Орталық және Шығыс Қазақстанда да халықтың тығыздығы азғантай. Елдің халқының едәуір бөлігі (41,8% немесе 6250 мыңнан астам адам) Оңтүстік табиғи-экономикалық аймақта өмір сүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан елдің халқының саны көп аймағы болып табылады, санақ жүргізілген кезде бұл жерде 3,7 млн. адам немесе бүкіл халықтың төрттен бірі өмір сүріп жатты. Батыс Қазақстанның үлесіне халықтың 13,7%-ы тиесілі. Республиканың әрбір бесінші тұрғыны Шығыс (10,3%) және Орталық (9,4%) Қазақстанда өмір сүруде.
Өндірістік емес салада еңбек етушілердің үлес салмағының көбеюі ауыл халқының қалаға қоныс аударуы деңгейіне теріс әсерін тигізеді. Қазақстандағы жұмыспен қамту жеке тұтынудың барынша тармақталған және күрделі жүйесін қанағаттандыруға қатысушы жұмысшы күшінің жаңа топтарының пайда болу үрдісін көрсетіп отыр. Соған қарамастан бұл үрдісті бір жақты бағалауға болмайды, себебі, позитивтік көзқарас тұрғысынан ол халықтың экономикалық мінез-құлқының эволюциясына әкеліп соғады, сонымен қатар ол жұмысшы күшінің материалдық өндіріс саласынан (әсіресе ауылшаруашылық) ауысуына өте теріс әсер етеді, бұл қызмет көрсету саласына берілетін өндірістің күрт қысқаруымен қатар жүреді.
Республикадағы төзімділік көңіл күйге, этникалық және аймақтық талас-тартыстардың болмауына қарамастан, тек қана 1992-1994 жылдары елден 1125 мың адам кетті, 343 мың адам келді. Миграциялық кетудің ең көп болған кезі 1994 жылы елден 811,3 мың адам кетті, 400,9 мың адам келді. Миграцияның теріс сальдосы 410,4 мың адам болды. Елден кеткендердің ішінде елді мәжбүри тастап кеткен репатрианттар болды, олар қазіргі кездері өздерінің тұрғылықты орындарына қайтуда, бірте-бірте көші-қон үдерістерінің қарқындылығы азая бастады. Алайда, 1997 жылы әлеуметтік саланы оңтайландырудың барысында көптеген шағынжинақты ауыл мектептері, медициналық пункттер және басқа әлеуметтік мекемелер жабылған кездері адамдардың елден кетуі күшейді, кетушілердің саны 504 мың адамға дейін ұлғайды. Кейінгі жылдары таратылған, өмірлік маңызы бар әлеуметтік құрылымдарды қалпына келтіру адамдардың өз тұрғылықты орындарын ауыстыруға деген ынтасын едәуір төмендетті. 2001 жылы көші-қонның теріс сальдосы 94,2 мың адамды, ал 2002 жылы – 62 мың адамды құрады. Белгілі бір табиғи өсімге қарамастан республика өзінің халқының бір бөлігінен айырылып қалды. 1989 жылы жүргізілген санақтың мәліметтері бойынша Қазақстанның халқының саны 16199,2 мың адам болса, ал 1999 жылғы санақ бойынша – 14953,1 мың адам болды, яғни осы санақтардың арасында республика 1246,1 мың адамнан немесе өз азаматтарының 7,7 %-нан айырылды. 2006 жылдың басына қарай Қазақстанның халқы 15219,3 мың адам болды, яғни 5,6 адамға бір км2 келді, мұның өзі, әрине, елдің аумағына сәйкес емес. ....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 107 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Географиядан сабақ жоспары: Халық миграциясы (9 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Халық миграциясы (9 сынып, III тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Қазақстандағы халықтың миграциясы Миграциялық саясат (9 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Қазақстандағы халықтың миграциясы Миграциялық саясат (9 сынып, III тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары: Қазақстандағы урбандалу мәселесі мен оған баға беру (9 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Қазақстандағы урбандалу мәселесі мен оған баға беру (9 сынып, III тоқсан)
Географиядан сабақ жоспары:  Дүниежүзі халқының миграциясы (9 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзі халқының миграциясы (9 сынып, III тоқсан)
Реферат: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Рефераттар жинағы
Реферат: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Реферат: География | Жекеленген аймақтардағы халықтардың құрамы, мәдениеті және тұрмыс салты
Рефераттар жинағы
Реферат: География | Жекеленген аймақтардағы халықтардың құрамы, мәдениеті және тұрмыс салты
Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Еңбек әлеуметтануының зерттеу
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Еңбек әлеуметтануының зерттеу
Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Еңбек әлеуметтануы
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Еңбек әлеуметтануы

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны, реферат Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың маз, Реферат: Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы