Тыныс алу мүшесі

Тыныс алу мүшесі

Тыныс алу мүшесі.

Тыныс алу органдарының маңызы. Организмде әрқашанда және ұдайы тотығу арқылы белоктардың, майлардың және углеводтардың ыдырауы болып отырады, бұл кезде органикалық заттардың күрделі молекулалары оттегін қосып алады және ыдырайды. Заттардың ыдырауы әр түрлі физиологиялық процестерге және денені жылытуға пайдаланылатын энергияның бөлінуіне байланысты. Тотығу реакциясына қажетті оттегі организмге тыныс алу органдар арқылы келіп, клеткаларға қан арқылы жеткізіледі. Бұл процестің нәтижесінде организмдегі клеткаларда көмір қышқыл газы түзіледі, оны клеткалардан қан алып кетеді де, тыныс алу органдары арқылы бөліп шығарады.
Оттегін сіңіруге және көмірқышқыл газының бөлінуіне байланысты процестерді газ алмасу процесі деп айтады. Атмосфералық ауа мен организм арасындағы газ алмасудың жүзеге асуында тыныс алу органдарының маңызы бар.
Мұрын қуысы. Тыныс алу системасы мұрынның тар жолдарын, мұрын шеміршегі бөлетін мүұын қуысынан басталады. Ол оң және сол жақ жартылардан тұрады.
Мұрын жолдары эпителиймен қапталған. Оның кірпікшелері тыныс алатын ауамен бірге келген шаңды тұтып қалып, өзінің қозғалысы арқылы сыртқа шығарып отырады.
Мұрын жолдарының бетінде қан тамырлары көп болады. Ол тамырлармен ағатын қан, тыныс алатын ауаны жылытады.
Мұрын қуысының кілегейлі затында лейкоциттер болады. Олар өзінің фагоциттік қабілетінің арқасында тыныс алатын ауада болатын бактерияларды жояды. Бактерияларға мұрын қуысы бездері бөліп шығаратын кілегейлі зат та күшті әсер етеді. Бұл кілегейлі заттар бактериялардың тіршілік әрекетін баяулату арқылы, олардың организмге тигізетін қаупін кемітеді.
Егер ауа өкпеге ауыз арқылы енген болса, онда ауыз қуысындағы ауа, мұрын қуысындағыдай тазартылмаған, жылытылмаған және залалсызданбаған болар еді. Сондықтан тынысты ауыз арқылы емес, мұрын арқылы алу керек.
Ауа мұрын қуысынан хоан арқылы жұтқыншақ - таңдай тесігіне өтіп, одан тыныс алу системасының ең маңызды бөлігі - көмекей басталады.
Көмекей. Көмекей мойындағы 5-7 мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан. Оның қабырғасында үш үлкен тақ, үш кішкене жұп шеміршектер болады. Олардың ішіндегі ең ірісі қалқанша шеміршек деп аталады, оны мойынның алдынғы жағынан саусактармен ұстап тез тауып алуға болады. Оның үстінде екінші бір үлкен шеміршек - көмекей кацпагы орналасқан.
Бір-бірімен сіңірлер арқылы буындаса байланысқан көмекей шеміршектің талшықтары әр түрлі бағытталған, бірнеше көлденен жолақты еттер қозғалысқа келтіреді. Көмекейдің ішкі қуысы кілегейлі қабықпен астарланған. Көмекей қуысының ең тар жерінде дыбыс сіңірлері орналасқан, оларды ауа өткен кезде тербетеді де, сол тербелістің нәтижесінде дыбыс пайда болады.
Ауа көмекейден өткен соң кеңірдекке барады.
Кеңірдек. Кеңірдек ұзындығы 10-12 см шамасында болатын түтік тәрізді болып келеді. Оның қабырғасында екі ұшы толық тұйықталмай, бос ұштары артқа қарап орналасқан 15-20 шеміршекті сақиналар жатады. Бірінің үстіне бірі орналасқан сақиналардың арасында, сондай-ақ олардың бос ұштарының арасында бірінғай салалы ет талшықтарынан тұратын дәнекер жарғақ керіліп тұрады.
Кеңірдекті алдыңғы және екі бүйір жақтарынан қоршап жатқан шеміршектер, оның қуысының әрқашанда ашық тұруына жағдай жасайды. Егер шеміршектер болмаса, көйлектің немесе кофтаның жағасының түймесін түймелеген кезде, мойынның сәл басылып қалуынан - ақ тыныс алуды тоқтатып тастаған болар еді. Кеңірдектің артқы қабырғасында шеміршектің болмауы, оның артында жатқан өңеш арқылы тамақтың еркін өтуін қамтамасыз етеді.
Бронхы тармақтары. Кеңірдектің төменгі үшы өкпенің оң жақ және сол жақ бөлігіне баратын екі бронхыға бөлінеді. Өкпеге бронхылар бұтақтарға бөлініп, олар тағы да бірнеше рет бұтақшаларға ажырайды да, бронхы тармақтарына айналады. Бұл тармақтың өте жіңішкелерін бронхиолдар деп атайды. Бронхиолдар қабырғасы жұқа альвеолдық жолдармен аяқталады, олардың қабырғаларында альвеол деп аталатын көпіршіктер болады.
Ірі бронхылардың қабырғаларында шеміршек сақиналары болады, ал ұзақ бронхыларда шеміршек болмайды, тек сақиналанған ет
қабаты болады.
Кеңірдек пен бронхылар кірпікшелі эпителиймен жабылып, кілегейлі қабықпен астарланған. Эпителий кірпікшелерінің қозғалуының қорғағыштық маңызы бар. Өйткені олар өкпеге шаң басқа заттардың ұсақ бөлшектерінің өтуіне кедергі жасайды. Кілегейлі қабықта көптеген кілегейлі бездер болады.
Өкпе. Өкпе бүкіл көкірек қуысын түгелдей дерлік толтырып тұрады. Оң жақ өкпенің көлемі сол жақ өкпеден үлкен болады. Оның әрқайсысы сай арқылы бөліктерге: оң жағы - үш, сол жағы екі белікке белінеді.
Өкпелердің арасындағы шағын кеңістікте - аралық қабырғада жүрек, қан мен лимфаның ірі тамырлары, өңеш және алқым безі орналасқан.
Өкпенің пішіні конус тәрізді, оның төмен қараған түбінде диафрагма күмбезінің дөңесіне сәйкес келетін ойығы болады.
Өкпе сыртынан дәнекер тканьді қабықпен – плеврамен қапталған, ол екі қатпардан тұрады: оның біреуі тікелей өкпені жауып тұрады да, екінші көкірек қуысының ішкі қабырғасын астарлап жатады. Екі қатпардың арасында аздаған сұйық заты бар плеевралық саңылау болады.
Өкпенің әрқайсысында жалпы беттік ауданы 60-120 кв. м. Болатын бірнеше миллион альвеол болады. Беттік ауланның осыншама үлкен болуы қанға оттегінің көп млшерде кслуіиіи, аса кажеі"іі жаі даііы болып табылады. Альвеолдардың эпителийі бір қабатты, сондықтан олардың қабырғасының қалыңдығы бірнеше микроннан тұрады. Мұның өзі де газ алмасуына қолайлылық туғызады.
Тыныс алу механизмі. Өкпеде болатын ауа әрқашанда алмасып отырады. Газ алмасуы-тыныс алу және тыныс шығару кезінде орындалады.
Тыныс алу. Тыныс алу еттердің жиырылуы нәтижесінде, көкірек қуысының кеңеюі кезінде жүзеге асады.
Сыртқы қабырға аралық еттер жиырылған кезде қабырға бұрылып, көтеріледі де көкірек қуысы алға, артқа және бүйірге қарай ұлғаяды. Диафрагманың жиырылуы оның көкірек қуысына қараған күмбезін біршама тегісірек етеді. Бұл көкірек қуысының көлемін тік бағытта үлғайтады.
Көкірек қабырғалары мен өкпенің үстінгі бетінің арасында теріс қысымы бар плевральдық саңылау болады. Сондықтан көкірек қуысының көлемінің үлғаюы өкпенің пассивті созылуына себепші болады да, олардың сыйымдылығын артады. Осының салдарынан сыртқы ауа өкпеге кіреді, яғни тыныс алу орындалады.
Тыныс шығыру. Тыныс шығыру көкірек қуысы көлемінің кішіреюі салдарынан болады. Көкірек қуысының кішіреюі тыныс алған кездегі жиырылған еттердің босаңсуы арқылы іске асады.
Сыртқы қабырға аралық еттердің босаңсуынан қабырға төмен түсіп, көкірек қуысының көлемі алдыңғы, артқы және бүйір жақтарына кішірейеді. Диафрагма босаңсыған кезде, оны астыңғыдағынан итеріп тұратын ішкі органдар диафрагманың күнбезін дөңесішдіре түседі де, көкірек қуысын тік бағытта кішірейтеді.
Көкірек қуысы көлемінің кішіреюі өкпе сыйымдылығын азайтады және өкпенің ішіндегі қысымды ұлғайтады да, өкпедегі ауаны сыртқа шығарады.
Тыныс алу процесін еттердің жиырылуы нәтижесінде болатын активті процес деп атауға болады. Ал тыныс шығару - еттердің босаңсыуна байланысты жүзеге асатын пассивті процесс.
Көкірек қуысының моделі. Тыныс алу механизмін суретте көрсетілген моделді қарастыру арқылы тез түсінуге болады. Модель түбі кесіліп, оған тығыз резеңке керілген шыны бөтелке болып табылады. Бөтелкенің аузын тығыздап, оның ортасынан шыны түтік өткізеді. Кеңірдек орнына алған түтікке жануардың өкпесі ілінеді. Сыртқы ортамен түтік арқылы қатысып тұрғандықтан өкпенің ішіндегі қысым атмосфера қысымына тең болады.
Егер бөтелкенің түбіне керілген резеңкені төмен қарай созса, онда оның ішіндегі қысым атмосфералық қысымнан төмендейді. Қысымның айырмашылығы өкпенің кеңеюіне себепші болады. Өкпенің тканьдері үшін бұл күш сыртқы күш болып саналады, сондықтан өкпенің созылуы пассивті орындалады.
Шыны бөтелкені көкірек қуысымен салыстыруға болады. Резенкені төмен қарай созғанда бөтелкенің ішіндегі қысымның өзгеруі диафрагма жиырылған кезде плевральдық саңылаудығы қысымның өзгеруіне сәйкес келеді.
Терең тыныс алу және терең тыныс шығару. Терең тыныс алған кезде көкірек қуысы жай тыныштық кездегіден көп кеңейеді. Бұл тек қана сыртқы қабырға арлық еттер мен диафрагма жиырылғанда ғана емес, сонымен қатар қосымша еттер жиырылған кезде де орындалады.
Терең тыныс шығарған кезде қабырғаның ішкі еттері, сонымен қатар құрсақ қабырғаларының еттері жиырылады. Құрсақ қабырғаларының еттері жиырылғанда құрсақтағы органдарды қысады, ал олар диафрагманы итеріп, оның көкірек қуысына қараған дөңестігін ұлғайтады. Осыған байланысты көкірек қуысы тарылып, соған сәйкес көкірек қуысының көлемі де кішірейеді.
Терең тыныс алу жай тыныс алудан тек қана жиырылатын еттердің санымен ажыратылады. Терең тыныс шығару жай тыныс шығарудан пассивті болмай, активті болуымен ажыратылады.
Өкпе желдеткіші. Тыныс алу, тыныс шығарған кездегі ауаның көлемін спирометр жәрдемімен өлшеуге болады.
Спирометр екі цилиндірден: суға толтырылған сыртқы, оған түбі жоғары қаратылып, батырылған ішкі цилиндірден тұрады. Ішкі цилиндір бөліктерге бөлінген шкаланың бойымен төменгі жағындағы қысымның өзгеруіне байланысты - көтеріледі немесе түседі. Сыртқы цилиндрдің түбі арқыла бір ұшы ішкі цилиндірге ашылатын, ал екінші ұшы мүштекпен бітетін түтік өтеді. Ішкі цилиндр мүштек арқылы тыныс алғанда жоғары көтеріліп, төмен түседі. Шкаладағы бөліктер тыныс алған және тыныс шығарған ауа мөлшерін текше сантиметр есебімен көрсетеді.
Қалыпты жай тыныс алған кезде адам 500 текше сантиметрдей ауамен тыныс алып, сондай ауаны қайта шығарады. Ауаның бұл мөлшері тыныстық көлем деп аталады. Оның шамасы жаңа туған балада 20 текше сантиметрге жуық, 8-ден 14 жасқа дейінгі балаларда -350 текше сантиметрге жуық, ал 16 жасқа келгенде ол 500 текше сантиметрге дейін жетеді.
Тыныс алу қозғалысының жиілігі. Тыныс алу қозғалысының бір минуттағы саны жас пен жынысқа байланысты болады.
Жаңа туған бала минутына 50-60, бес жасар бала минутына 25 рет тыныс алу қозғалысын жасайды. Адам 18 жаста минутына 14-16 рет тыныс алыды, тыны шығарады, бұл ересек адамдар үшін де қалыпты мөлшер болып табылады.
Балалардағы тыныс алу қозғалысының санының көп болуы, ересек адамдарға қарағанда организмдегі зат алмасу процесінің қарқындырақ болуымен, организмнің оттегін көбірек қажет ететіндігімен түсіндіруге болады. Ересек адамдарға қарағанда балалардың тыныстық көлемі кіші болса да, олар оттегіне деген көтеріңкі қажеттілік жиі тыныс алу арқылы өтейді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!