» » » Реферат: Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану

Реферат: Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану

Реферат: Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану казакша Реферат: Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану на казахском языке
Тұрғындарды қорғау және олардың міндеттері.

Ғылыми анықтама негізінде ұтымды тәсілдерді және халық пен территориясының, шаруашылық объектілерінің алдын-ала дайындықтарын пайдалана отырып, осы замандағы қарулардан, табиғи және техногендік, сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғану жұмыстары жүргізіледі. Осы тұрғындардың бірінші дәрежелі міндетті болып табылады. Ол үшін келесі міндеттер орындалуы тиіс:
1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзірлікте ұстау;
2) Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасауға ұдайы әзірлікте ұстау;
3) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшілерін даярлау және халықты оқыту;
4) Радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;
5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзірлікті қамтамасыз ету;
6) Шаруашылық жүргізу салалары мен объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;
7) Қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинау және әзірлікте ұстау;
8) Халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі туралы хабарлау;
9) Іздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оларды қауіпті аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;
10) Азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізаттарын, жемшөпті, мал және өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биолигиялық) уланудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау.

2. Қорғанатын құралдарды пайдалану және олардың түрлері.

Қарсылас жау жаппай қырып жоятын қаруларды (ЖҚЖҚ) қолданған кезде немесе авариялық сипатга уландырғыш заттардың (УЗ), радиобелсенді заттардың (РЗ), бактериологиялық құралдардың (БҚ), КӘУЗ әсері күшті улы заттардың, химиялық авария күшті заттардың (ХАҚЗ) далаға шыққан төтенше жағдайларында (ТЖ) азаматтық ЖТҚҚ қорғаныстың (АҚ) қызметтер құрамын және жалпы халықты сондай-ақ медициналық қорғау құраддарымен қамтамасыз ету аса маңызды мағыналы болып келеді.
ТЖ туындаған жағдайда жеке тұлғаны қорғау құралдарын қолдану қажет болады; қажет жағдайда олар тіпті адамдардың қорғаныс паналарда және радиацияға қарсы паналарда орналасқан кезде де қолдануы артық емес.
Қарсыластың "шабуыл қауіпі төнген кезде, ол туралы хабарланғанда бүкіл халық жеке тұлғаны қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс: жасақтар құрамы, жұмысшылар мен қызметкерлер ЖТҚҚ-ын өздерінің объектілерінен алады (егер арнайы ЖТҚҚ жетпеген жағдайда өнеркәсіптік противогаздар мен респираторларды пайдаланады), тұрғындар үй шаруашылығын ұйымдастыру комитеттері сияқты мекемелерден талап етеді, тағы басқалары қарапайым қорғау құралдарын дайындауға кіріседі.
ЖТҚҚ ішкі ағзаға, адамның тері қабаттарына, сілекей қабыршақтарына және киімдеріне радиобелсенді, уландырғыш, бактериологиялық заттардың түсуінен, жалпы алғанда ауада, қоршаған ортада пайда болған зиянды қоспалардан қорғау (адамға жұғуға бөгет жасау) мақсатында пайдаланылады.
Қолдануына қарай ЖТҚҚ тыныс алу ағзаларын және адам денесін (терісін) қорғау құралдары болып бөлінеді.
Адамның қоршаған ортамен байланыс тәсіліне қарай немесе қорғау принциптері бойынша жеке тұлғаны қорғау құралдары оқшаулағыш және сүзгіш болып бөлінеді.
Дайындау тәсілдеріне қарай оларды өнеркәсіпте дайындалған (өнеркәсіптік) және жай, тұрғындардың қолданбалы заттардан дайындаған түрі деп бөлуге болады.
Жеке тұлғаны қорғау құралдарын қамтамасыздандыру принциптері бойынша әскери, азаматтық және өнеркәсіптіқ (өнеркәсіпте арнайы жұмыстарда қолданылады) деп топтастыруға болады.
Оларды қамтамасыздандыру табельдерімен қарастырылатын, яғни кабельдік және табельдік құралдарды толықтыру немесе оларды алмастыру мақсатында қолданылатын табельдік емес деп бөледі.
Адамның тыныс алу, ағзаларын, көзін, бет терісін қорғау үшін оқшаулағыш және сүзгілі газқағардар, сондай-ақ шаң-тозанға қарсы матадан тігілген маскілер мен таңғыштар қолданылады. Ал денені сақтандыру үшін - арнайы қорғайтын оқшаулағыш костюмдер және бейімделген күнделікті киімдер пайдаланылады. Медициналық қорғау құралдарына жеке таңғыш пакет (ЖТП), жеке химиялық қарсы пакет (ЖХҚП), жеке дәрі қобдишасы (АИ-2), үйде қолданылатын дәрі қобдишасы, әр-түрлі антидоттар, басқа да дәрілер жатады.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 119 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Реферат: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар Тұрғындарды қорғау
Рефераттар жинағы
Реферат: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар Тұрғындарды қорғау
Реферат: Экология | Қазіргі қоғам өміріндегі экологияның рөлі
Рефераттар жинағы
Реферат: Экология | Қазіргі қоғам өміріндегі экологияның рөлі
Реферат: Экономика | Маркетинг зерттеулер жүйесі сауалнама
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Маркетинг зерттеулер жүйесі сауалнама
Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ормандар орман экономикалық ресурсы
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ормандар орман экономикалық ресурсы
Реферат: Құқық | Еңбек қауіпсіздігінің құқық негіздері
Рефераттар жинағы
Реферат: Құқық | Еңбек қауіпсіздігінің құқық негіздері
Реферат: География | Апат кезіндегі әрекеттер
Рефераттар жинағы
Реферат: География | Апат кезіндегі әрекеттер
Курстық жұмыс: Меншік құқығы | Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Меншік құқығы | Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік
Дипломдық жұмыс: АӘД | Азаматтық қорғаныс ғимараттары Қорғаныс ғимараттарында жасырыну
Дипломдық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Дипломдық жұмыс: АӘД | Азаматтық қорғаныс ғимараттары Қорғаныс ғимараттарында жасырыну
Дипломдық жұмыс: АӘД | Химиялық және бактерилогиялық қарулары олардың құрылысы  жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері
Дипломдық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Дипломдық жұмыс: АӘД | Химиялық және бактерилогиялық қарулары олардың құрылысы жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері
Реферат:  Биология | Бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары
Реферат:  Биология |  Төтенше жағдай ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық гигиеналық ұйымдастырулар
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Төтенше жағдай ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық гигиеналық ұйымдастырулар
Реферат: Тарих | Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
Рефераттар жинағы
Реферат: Тарих | Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Тиршилик кауыпсиздиги жоспарымен, казакша реферат жоспар, Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану, реферат Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Тиршилик кау, Реферат: Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы