Синтаксис

Синтаксис

Сөз тіркесінің құрамында толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесуі сөз тіркесінің семантикалық тиянақтылығына негіз болып, оның мағыналық және құрылымдық қаңқасын құрайды.
Сөздердің салалас қатарынан сөз тіркесін ажырата білу үшін оның құрылымдық ерекшелігіне назар аудару қажет. Сөз тіркестері құрылымдық тұйықтылық қасиетімен сипатталады. Сөз тіркесінің құрылымдық тұйықтылығы оның құрамындағы сыңарлардың бірінің басыңқы, ұйтқы мүше болып, екіншінің оған бағыныңқы, тәуелді мүше болуынан көрінеді. Мысалы, ақ орамал, үйге бару, ағаштың жапырағы деген сөз тіркестерінің соңғы сыңарлары- басыңқы, ұйтқы мүше де, алдыңғы сыңарлары- бағыныңқы, тәуелді мүше. Бұлар тәріздес сөз тіркестері сөйлем құрамына енгенде және басқа сөздермен тіркескенде, ұйтқы, басыңқы мүшесі арқылы тіркеседі де, басыңқы мүше болған сөз тиісінше түрленеді, ал бағыныңқы мүше ретінде қызмет атқаратын сөз түркі тілдерінде және т.б. кейбір тілдерде сөз тіркесіндегі қалпын, грамматикалық формасын өзгертеді. Ал сөздердің салалас қатарында басыңқы (ұйтқы) мүше, бағыныңқы (тәуелді) мүше дегендер болмайды, олардың сыңарлары тең дәрежедегі сыңарлар ретінде бір- бірімен салаласа байланысады. Бірнеше сөздердің тізбегінен құралған салалас қатардың құрамынан бір сыңар түсіріліп айтылуы мүмкін, бірақ мұның өзі салалас қатардың ыдырауына немесе жойылып кетуіне соқтырмайды. Сабақтаса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңары да, бағыныңқы сыңары да, әдетте, түсіріліп айтылмайды. Салалас қатардың құрамына енетін сөздер сөйлемде бірыңға мүшелер ретінде қызмет атқарады.Осыған орай, салалас қатардың құрамындағы сөздер бір формада қолданылады.
Сөз тіркесінің сыңарлары бір бірімен бағыныңқы грамматикалық байланыс арқылы тіркеседі де, ол предикативті қатынастың негізінде тіркескен сөздердің тізбегінен ажыратылады. Предикативті қатынас негізінде тіркескен сөздердің тізбегін сөз тіркесі дейміз бе, жоқ па деген сұраққа лингвистер әр түрлі жауап беріп келді. «Сөйлемді сөйлемдік қасиеттеріне қарап, сөз тіркестерін де өзіндік қасиеттеріне қарап танып, мысалы, жазық дала дегенді сөз тіркесі деп танысақ, атқа мінді дегенді әрі сөз тіркесі деп қарау керек» [1,24].
«Бұлайша бір ғана құбылысты әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі деп қарау сөйлем мен сөз тіркесінің жігін ажыратуға , оларды бір- бірімен араластырып жіберуге әкеп соғады» [4,486].
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып екіге бқлінеді. Есімді сөз тіркесінеде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады.Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр- тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек- сөздердің байланысу формалары.
Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады; етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады.
Сонымен сөз тіркесі жайында жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде, мынадай қорытындылар жасауға болады:
1. Сөз тіркесі- кемінде екі дербес толық мағыналы сөздің бағыныңқы- басыңқы грамматикалық байланыстың негізінде тіркесуінен жасалған синтаксистік бірлік. Сөз тіркесі күрделі сөзбен де, фразеологиялық сөз тіркесімен де, атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесімен де, сөздердің салалас қатарымен де сырттай ұқсас келгенімен, олардың түбірлі айырмашылықтары бар.
2. Сөздің, соның ішінде күрделі сөздің бөлшектерінің арасындағы байланыс сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыстан анағұрлым басым және бекем болады. Осыдан келіп күрделі сөз, жалаң сөз тәрізді сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған единицаретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемніңқұрамына оның бір мүшесі ретінде емін- еркін енеді де, еркін сөз тіркесі сөйлеу кезіндебелгілі бір үлгілер бойынша жасалады, оның құрамындағы сыңарлар ыңғайына қарай басқа бір сыңарлармен ауыстырыла алады.Сыңарлардың басқа бір сыңарлармен ауыстырылуынан еркін сөз тіркесінің грамматикалық табиғаты өзгерілмейді.
3. Сөз заттарды, құбылыстарды, сапа- белгіні, іс- әрекетті және т.б. жеке- дара күйінде атаса, сөз тіркесі оларды бір-бірімен байланысында, өзара қарым- қатынасында атайды.
4. Синтаксистік сөз тіркесі сырттай фразеологиялық единицалармен ұқса болғанмен, олардан түбірлі айырмашылықтары бар. Сөз атаулының сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған единица ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына енетін сияқты фразеологиялық единицалар да бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған единицалар ретіндес интаксистік сөз тіркесінің және сөйлемнің құрамына енеді. Ал синткасистік сөз тіркесі даяр тұрған тіркес емес, ол сөйлеу кезінде дербес сөздердің тілдің грамматикалық заңдары бойынша еркін тіркесуінен жасалады.
5. Жеке сөздің эквиваленті ретінде жұмсалатын фразеологиялық оралымды құрастырушы сыңарлар дербестігінен айырылып, бүтіндей фразеологиялық оралым сөйлемде бір ғана мүше ретінде қызмет атқарса, синтаксистік сөз тіркесінің сыңарларының әрқайсысы дербестігін сақтап, сөйлемнің дербес мүшелері бола алады.
6. Синтаксистік сөз тіркесі үшін сөздердің лексикалық тіркесімділігі міндетті шарт болса, фразеологиялық единицалар үшін сөздердің лексикалық тіркесімділігі міндетті шарт бола бермейді.
7. Салалас қатардың құрамындағы сыңарлар тең дәрежедегі сыңарлар ретінде өзара салаласа байланысса, сөз тіркесінің сыңарлары басыңқы, бағыныңқы сыңарлар болып, бірі екіншісіне бағына байланысады. Сөз тіркесінің құрамындағы сыңарлардың орнының алмасуы оның мазмұны мен грамматикалық табиғатына әсер етсе, салалас қатардың сыңарларының орнының алмасуы оның мазмұны мен грамматикалық табиғатына әсер етпейді.
8. Бағыныңқы байланыстың негізінде сөз тіркесі жасалса, предикативті байланыс негізінде предикативті тізбек жасалады. Предикативті емес сөз тіркесі номинативті қызмет атқарса, предикативті қызметке ие бола алмайды. Сөз тіркесінің формалар жүйесі ұйтқы сөздердің формалар жүйесіне негізделсе, предикативті тізбектің парадигмасы грамматикалық шақ пен объективті модальдылыққа негізделеді.
Әлі күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ.
Бұл кітаптарда сөз тіркесі тек сөз арасында ауызға алынады. 1940 жылдары қазақ тілінің бірнеше грамматикасы мықты, синтаксиске арналған бірді екі зерттеулер шағын мақалалар жарияланды. Мұнда да жай және құрмалас сөйлемдер синтаксисінің негізгі мәселелері баяндалады да, сөз тәркесінің синтаксисі атаусыз қалады. Қазақ тілінің бүтіндей синтаксистік терминдерін жасаушы А.Байтұрсынов бұл мәселе сөз болмайды да. Міне, осылайша бірде сөз болып, бірде есептелмей келген сөз тіркесі қазіргі кезде синтаксистің үлкен бір саласына айналды. Қ.Жұбанов еңбегінде сөз тіркесінің кейбір элементтері сөз болып, онда байланысу формалары айрылмағанымен, онда бір сөз екінші сөзбен қиысады, меңгереді, қабысады, жанасады, тіпті матастырылады дейтін етістік түрінде берілгені белгілі [5,27].
1939 жылы С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев бірігіп жазған оқулықтары шықты және 1940 жылы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген атпен С.Аманжоловтың кітабы шықты. Бұл кітап 1950 жылы және 1994 «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» деген атпен қайта басылып шықты. Онда С.Аманжолов сөйлемдегі сөздердің қарым қатынасын субъектінің басқа мүшелерге түсірген әсерінен болатын түрліше құбылыс деп түсіндіріледі. Бұл тілдік тұрғыдан қарағанда сөздердің бір- біріне жалғастырушы элементтерін тексеру болып шығады. «Бұл орайда сөйлемдегі жалғаулар мағынасы, сөйлем мүшелерінің орны ескеріледі»,-дей келіп, сөйлем мүшелерінің өзара грамматикалық байланысының төрт түрін көрсетеді: қиысу, меңгеру меңгерілу, қабысу, жанасу [6,145]. Автор бұл байланысу формаларының әрқайсысының жалғасуын айта келіп, кейде сөз тіркесін басыңқы сыңарына қарай: етістікті және субъективті деп көрсете білді. Сонда бұл еңбекте бірінші рет есімшенің субстантивтеніп барып басыңқы сыңарда жұмсалуы арнайы сөз бола білді деп білеміз.
С.Аманжоловтың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» студенттер үшін жазылған бірінші оқу құралы.
Қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым С.Жиенбаев болатын. Оның жай құрмалас сөйлем мәселелеріне арналған құнды зерттеулерінің қатарында сөз тіркесі бөлек талданбайды. Бірақ «үйірлі мүше» деген атпен қай сқздің қандай сөздермен топ құрай алатыны жөнінде айтқандарының, сөздердің толықтауыштық, пысықтауыштық қызметтерін айыру жөніндегі дәлелдерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне қатысы бар.
Жалпы түркологиялық әдебиеттерде сөз тіркесі бөліп қарамай ақ, «анықтауыштық есімдер тобы» дегенге ерекше көңіл бөлінді. Оның себебі:түркологтар түркі тілдерінің синтаксистік құрылыстарында кездесетін өзгеше құбылыстарды айқындауды басты міндет етті.
Расында, зат есім мен зат есімнің, сын есім мен сан есімдердің зат есімдермен жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысқа еніп, анықтауыштық қатынаста жұмсалуы түркі тілдерінің елеулі өзгешелігі болып саналады. Бірақ олар ондай есімдер тобын сөз тіркесі деген тұрғыдан емес, сөйлем мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін айқындау тұрғысынан қарастырды. Кейбір авторлар есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанмен, олардың басты ерекшелігі біртұтастығы деп есептеді. Мысалы, профессор А.П.Поцелуевский сөз тіркесін сөзге балап, бір бүтін дейді, олардың соңғылары септеледі де, бағыныңқылары орыс тіліндегідей септелмейді ойын айтады. Бұл анықтама бойынша лексикалық тіркестерді ғана сөз тіркесі деп тануға болатын тәрізді. А.П.Поцелуевский сөз тіркестрін былай бөледі:
1. Детерминативті.
2. Салалас.
3. Сабақтас.
4. Сөйлем.
Бұндай бөліністің қандай принципке негізделгенін түсіну қиын.
Н.К.Дмитриев сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану керек екеніне ерекше көңіл бөледі. Сөйлем байымдауды білдіреді, сөз тіркесі оны білдірмейді дейді [7,43].
Байымдау, біріншіден, грамматикалық категорияларға тән емес, логика ғылымына тән. Оны елемегенде сөз тіркесі болып есептелетін синтаксистік топтар сөйлем сияқты кісінің кісінің ойын білдірудің, қарым- қатынас жасаудың да формасы болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.
Н.К.Дмитриев те, Н.А.Баскаков та атрибуттық топтарды ғана сөз тіркесі деп қарастырады.
Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан- жақты зерттеу объектісі еткен- Е. И. Убрятова. Ол «Исследования по синтаксису якутского языка» деген кітабында сөз тіркестерінің түрлерін синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады. Сөйте отырып сөз тіркесін «бір бүтін мағыналық единица» деп танып, екінші жағынан, сөз тіркестерін «предикативті», «предикативті емес» деген тұрғыдан да қарастырады да, сөз тіркесі дегеннің аясын дамытып, жай сөйлем ғана емес, құрмалас сөйлем де сөз тіркесі болады деген пікірді ұсынады. «Предикативные словосочетания, являясь ядром предложения, так как они выражают законченную мысль, теми же способами сочетаются с другими предикатвными словосочетаниями, образуя сложноподчиненные предложения»[8,82].
Е. И. Убрятова да сөз тіркестерін, сөйлем мүшелері мен сөз таптарының басын біріктіріп жан- жақты қарастыруды көздеген. Сондықтан оның зерттеуінде сөз тіркесіне бай материалдар негізінде жасалған қорытындыларымен қатар лексикаға және сөйлемнің синтаксисіне тән мәселелерді олармен араластырып алған жайлары да бар. Жалпы алғанда, бұл аталған кітап- құнды еңбектің бірі.
Сөйтіп, түркі тілдерін зерттеушілер сөз тіркесінің көп мәселелерінің әлі күнге дейін дұрыс шешімін тапқан жоқ. Орыс тіл білімінде де ғалымдар пікірі бір арнадан шыға бермейді. Дегенмен соңғы жылдары орыс тілі мамандарының дені академик В. В. Виноградовтың сөз тіркесі жөніндегі көзқарастарына ойысты. Ол сөз тіркесін күрделі атау, сөйлем құраудың құрылыс материалы деп танып, оны сөйлемнен айырғанда, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін, қарастыратын объектілерінің жігін айырып көрсетеді.
Сөз тіркесі тарихи құбылыс. Олардың жасалуы ғасырлар бойы қалыптасқан тілдің ішкі заңдылықтарына негізделген. Сөздің басқа бір сөзбен тіркесіп белгілі бір номинативтік мәнге ие болуы, ең алдымен, оның лексика- грамматикалық мүмкіндігінен туады. Тіл құрамында болып отыратын ір түрлі өзгерістердің салдарынан жаңа сөз пайда болуымен байлансты жеке сөздің қолданылуының кеңеюне таралуына сәйкес тілдің ұшталуы процесіне лайық сөздің синтаксистік қызметінің кеңеюімен байланысты сөздердің тіркес құрау қабілеті де белгілі бір өзгерістерге ұшырап отырады. Соған лайық бір дәуірде қолданыста болмаған тіркестер тілдің екінші бір дәуірінде жиі кездесетін болады[9,3].
Осы сөздердің қолданылуының кеңеюі не таралуына сәйкес сөз тіркестерінің ыңарларының тіркесу қабілеттілігі де өзгеріске ұшырайды.
Жалпы тіл ғылымында сөйлем синтаксисіне қарағанда сөз тіркесі синтаксисі кейін қалыптасты. Дегенмен қазақ тілі мен басқа түркі тілдеріндегі сөз тіркесі мәселесі тіптен соңғы кезде сөз болмағанымен, славян, үнді европа тілдерінде жалпы синтаксис сөз тіркесін немесе сөйлемді зертеуінде қайсысына назар аудрылуы жағынан ертеден сөз болып келе жатқаны белгілі. Қазіргі кезде сөз тіркесі синтаксистің үлкен бір саласы дәрежесіне көтеріліп, оның өзінің:
• байланысу формалары;
• байланысу тәсілдері;
• синтаксистік қатынастары;
• түрлері сияқты объектілері айқындалды.
С.Аманжоловтың А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев сияқты ғалымдармен бірлікте шығарған мектеп грамматикасының соңғы басылымдарында ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің тіркесін енді меңгеруден жеке бөліп алып, матасу деп бергені белгілі[10,33].
Академик Н.Сауранбаев изафет, оның түрлері туралы айта кетіп, оның үш түрін атап көрсетеді:
• бас киім;
• Арал теңізі;
• колхоздың малы;
Автор осы түрдің а,ә топтарын лексикалық изафет, ал соңғы үтірін синтаксистік мәнде айтылады.
Қазақ тілі оқулығында «сөз тіркесі» деген термин 1950 жылдардан кейін оқта текте аталады, бірақ оны авторлардың қай мағынада жұмсап отырғаны аян емес, оған берген анықтамалары басқа жайды меңзейді.
1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді кітап шықты. Бұл кітап қазақ тіл білімінің фонетика, лексика және грамматика мәселелерінен жан- жақты мағлұмат беретін елеулі табысы. Онда көп мәселелер жүйеге салынып, ғылыми тұрғыдан дұрыс баяндалған, көптеген жаңалықтар енгізілген. Синтаксистегі ол кітаптың бір жаңалығы сөз тіркесі синтаксисін жай сөйлем синтаксисінен бөліп алып, өзіндік өзгешеліктері бар мәселелер ретінде қарастырды. Бірақ мұнда сөз тіркесі әрі сөз таптарының, әрі сөйлем мүшелерінің тіркесі ретінде салаласатын, сабақтасатын байланыстағы сөздер деп қаралған ды. Дұрысында, сөз тіркесі сөйлем мүшелерінің тіркесі емес, сөз таптарының тіркесі. Сөз тіркесіндегі сөздер тек сабақтаса байланысады, салаласа байланысатын бірыңғай мүшелер сөз тіркесі деп есептелмейді.
Сөз тіркестерінің байланысын зерттеуші ғалымдардың бірі- В.П.Малащенко өз еңбегінде септік жалғаулары тұлғасында байланысқан сөздердің объектілік, бірлесу, мақсаттық, меншіктік қатынастарды білдіретінін айта келіп, «Эти словосочетания объединяет не только близость выражаемых отношений, но и характер синтаксической связи между их компонентами. Глаголы, существительные, прилагательные или наречия, выступающие в роли господствующих слов, требуют при помощи определенного предлого единственно возможной формы»,- деп көрсетеді[11,6].....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?