География | Климаты қуаңшылыққа жел эрозиясының әсері

География | Климаты қуаңшылыққа жел эрозиясының әсері

Климаты, қуаңшылыққа жел эрозиясының әсері

Климат жағдайларының арасында жерге орналастыру шешімдеріне әсер ететіндері: жауын-шашын, жел белсенділігі және температуралық режим.
Жерге орналастыру обьектісі орналасқан аймақта, әсіресе вегетациялық кезеңде түсетін жауын-шашынның түрі мен мөлшері бүкіл жерге орналастыру іс-қимылдарының әдістемесін себептейді. Соңғыларының мазмұны жеткілікті, артық немесе жеткіліксіз ылғалдану аймақтарында, құрғақ далада, шөлейіт немесе шөлде әртүрлі. Ал, суармалы аймақтарда жерге орналастыру әдістемесі, тәлімі егіншілік аудандарға қарағанда айтарлықтай өзгеше.
Желдің күші мен бағыты, әсіресе көктем мен жазда жел эрозиясы процестерінің өршуіне, олардың қауіптілігіне тікелей ықпал жасайды. Бұндай процестер көбінесе Қазақстанның жазық далаларына тән. Олар әсіресе жеңіл механикалық құрамды топырақтарда көп тараған.
Дефляциялық процестердің алдын алу немесе бәсеңдету мақсатымен, желдің зиянды бағыттары ескеріле отырып, егістік және орман жолақтары жобаланады.
Желдің зияндылығы, өзі кезегінде ауа ағындарының температурасымен себептеледі. Аса қауіпті аңызақ жел температураның жоғары және ауа ылғалдылығының төмен көрсеткіштерінде пайда болады. Ол шаң дауылдарының негізгі себепкері. Сондықтан да аймақтың температуралық режимі туралы мәліметтер аса қажетті болып табылады. Вегетациялық кезеңдегі температура қосындысынан өндірістің мамандандырылғандығы мен салалардың орналасуы тәуелді. Соңғылары ауылшаруашылық алаптарының құрамы мен орналасуын тікелей себептейді.


Экономикалық жағдайлар.

Жерге орналастыру, қоғамдық өндірістің құрамды бөлігі ретінде, әрқашанда нақты экономикалық жағдайларда жүргізіледі. Ол бірінші кезекте сол кездегі өндіріс әдісіне тән обьективтік экономикалық заңдар мен өндіргіш күштерінің және өндірістік қатынастарының арасындағы белгілі бір байланыстармен себептеледі. Сондықтан жерге орналастыруда жобаларды дұрыс негіздеу және жылдам жүзеге асыру мақсатымен, басқаша айтқанда, жоғары экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тиімділікке барынша тез жету үшін, осы заңдарды жан-жақты ескеру қажет. Салааралық және шаруашылықаралық жерге орналастыруды жүргізгенде оларға қатысты обьектілердің макроэкономикалық күйін, салалар мен шаруашылықтардың мүдделерін, сонымен қатар нақты экономикалық жағдайларын зерттеу қажеттілігі туындайды.
Экономикалық жағдайлардың арасында, негізінен ішкішаруашылық және учаскелік жерге орналастыруда ескерілетіндеріне, мынадайлар жатады:
1) жер алаптарының құрамы мен аудандары, оларды әртүрлі мақсаттарға игеру мүмкіншіліктері;
2) жалпы өнімге, шығындардың өтелуіне және дифференциалдық табысқа қарай, құндық немесе аналитикалық (балдық) көрсеткіштер арқылы жер сапасының өндіргіш қасиеттерін бағалау;
3) серіктестіктер мен кооперативтердің, шаруа қожалықтары мен басқа да агроқұрылымдардың мамандандырылғандығы (өндірістік бағыттары), шаруашылықаралық және интеграциялық байланыстары, нарықтық инфрақұрылымдары мен өнім тапсыру және жабдықталу пунктерінің орналасуы;
4) ауылшаруашылық кәсіпорындары мен бірлестіктердің шаруашылық жүргізу жүйесі және экономикалық нәтижелері, салаларының көлемі мен құрылымы, егіншілік жүйелері мен егістік аудандары, өндірістік және қаржы көрсеткіштері (егіншілік және мал шаруашылығы бойынша), а.ш. дақылдарының түсімділігі мен алаптарының өнімділігі, жалпы өнімі мен табысы, кірістері мен өндірістің рентабельдігі;
5) шаруашылықтардың ұйымдастыру-өндірістік құрылымы, еңбектің ұйымдастырылу деңгейі;
6) кәсіпорындардың еңбек ресурстарымен, а.ш. техникасымен, өндірістік қорларымен қамсыздандырылғандығы және еңбектің энергиямен қаруландырылғандығы.
7) Шаруашылықтардың ақшалай қорлары, алынған несиелері, күрделі қаржы жұмсау және несие беру мүмкіндіктері.
Шаруашылықтың іс жүзіндегі жер алаптарының құрамы мен аудандары оның өндірістік бағытын, мамандандырылғандығын және салаларының үйлесімін себептейді. Мысалы, жыртылған жердің үлес салмағы жоғары болса – астық өндіруге, табиғи жайылымдардың молшылығы – қой шаруашылығын жүргізуге қолайлы жағдай жасайды. Айтарлықтай кең ауданды шабындықтары мен жайылымдары бар шаруашылықтарда басты назар осылардың өнімділігін арттыру, территорияларын реттестіру мәселелеріне аударылады. Керісінше, мал азығы алаптары шамалы кәсіпорындар мал азығын өндіру жыртылған жерге ауыстырылып, көк азық конвейері ұйымдастырылады, арнайы мал азығы ауыспалы егістері енгізіліп, осы мақсатпен жұмысшы учаскелері мен суармалы жайылымдар жобаланады. Осымен қатар трансформацияға жарамды учаскелер белгіленіп, шаруашылықтың мелиоративтік қоры жасалады.
Құндылық бағалауға қатысты материалдар шаруашылықтың қарамағындағы жерлердің экономикалық құнарлылығын сипаттайды. Бұнда табиғи құнарлылықпен бірге жердің елді мекендерден шалғайлығы, эрозияның өршіп кету қауіптілігі, жер массивтерінің технологиялық қасиеттері, конфигурациялары, көлемдері және бедер ескеріледі.
Жерге орналастыруда экономикалық жағдайлар екі әдіспен ескеріледі: біріншісі, территорияны өндірістің мұқтаждықтарына қарай бейімдеу арқылы, екіншісі, өндірісті территорияның реттілігі мен қасиеттерін ескере отырып өзгерту. Бірінші жағдайда өндірістің салалық құрамына сәйкес алаптардың аудандары мен құрамы қалыптастырылады, еңбек пен көлік шығындарын мол талап ететін дақылдардың егістіктерін шаруашылық орталықтарына, мал фермаларына барынша жақындату мүмкіншіліктері және жер массивтерінің пішін кескіндерін жақсарту, алаптардың ұсақ контурлылығы мен ыдыраңқылығын жою қажеттілігі қарастырылады. Екінші жағдайда шаруашылықтың өндірістік бағыты, мамандандырылғандығы, мал фермалары мен бөлімшелерінің орналасуы, ауыспалы егістіктері мен а.ш. дақылдарды өсіру технологиялары топырақтардың құнарлылығы мен таралуына, эрозияланғандығына және жердің басқа да кеңістік ерекшеліктеріне қарай анықталады. Шаруашылық орналасқан аймақтың топырақ –климаттық жағдайлары алаптардың құрамы мен арақатынастарын себептейді, ал соңғысы шаруашылықтың мамандандырылғандығын, демек территорияның реттестірілуіне тікелей әсер етеді. Мысалы, астық өндіретін шаруашылықтарды алаптардың басым бөлігін жыртылған жер құраса, қой шаруашылықтарында табиғи жайылымдардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Қала маңында орналасқан, еңбек ресурстарымен толығырақ қамтамасыз етілген шаруашылықтарда көбінесе интенсивтік дақылдар (көкөніс, картоп және т.с.с.) шоғырланады.
Ал, мал өсіру мамандандырылған кәсіпорындардың егістік құрамында мал азығы дақылдарының (көпжылдық және біржылдық шөп, жүгері, тамыр жемістілері және т.б.) үлес салмақтары едәуір артығырақ болады. Жеміс-жидек бағытындағы шаруашылықтарда алаптарының біраз бөлігі көпжылдық көшеттерді өсіруге үлестіреді.
Нарықтық экономика кезеңінде өнімнің қай түрі болса да шаруашылықтың мамандандырылғандығына қарамастан, өзін-өзі өтеу және қаржыландыру принциптерінің негізінде өндіріледі. Бұл, ауылшаруашылық өндірісі толығымен ұдайы өндіріске жеткілікті тұрақты рентабельдікке бағытталған деген сөз.
Сондықтан жерге орналастыруда шаруашылық пен оның өндірістік бөлімшелерінің мамандандырылғандығын талдау, соңғысының жерді тиімді пайдалану талаптарына сай болуын анықтау қажетті. Осымен қатар өнімдерді қабылдау және өңдеу кәсіпорындарының жабдықтану пункттері мен инфрақұрылымның бар болуы және орналасуы, шаруашылықаралық кооперация және агроөнеркәсіптік интеграция мүмкіншіліктері туралы мәліметтер жиналады. Бұл мәліметтер шаруашылықтың мамандандырылғандығын нақтылауға, алаптардың құрамы мен аудандарын және т.б. осыған сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді. Түпкі мақсат – жердің пайдалану деңгейін барынша көтеру және топырақтың құнарлылығын жүйелі түрде арттырып отыру.
Осы мақсатпен, сонымен бірге өндірістің тиімділігін арттыру үшін, шаруашылық жүргізу жүйесі, егіншілік және мал шаруашылығы салаларының үйлесімділігі, өндірістің ұйымдастыру деңгейі зерттеледі, жалпы және тауарлы өнімнің құрамы мен өндірістің рентабельдіктігі, кіріс пен шығыс, өнімнің өзіндік құны мен тағы да көптеген экономикалық көрсеткіштер талданады.
Бұл іс-әрекеттер нарық қатынастары, толық шаруашылық есебі, өзін-өзі өтеу және қаржыландыру талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.
Сондай-ақ жерге орналастыруда еңбектің ұйымдастырылуы, еңбек ұжымдарының а.ш. техникамен және өндірістік қорларымен қамсыздандырылғандығы назарға алынады. Ол үшін еңбекке жарамды адамдардың саны, біліктілігі, а.ш. алаптарымен жүктелуі, өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі, шаруашылық жүргізу және жекешелендіру формалары, мүлік және жер үлестерінің мөлшері, бұрынғы совхоздар мен колхоздардың территорияларында жаңа шаруашылық құрылымдарының ( ШФҚ, ЖШС, ЖК және т.с.с.) ұйымдастырылуы анықталады.
Қажетті жағдайда, осымен бірге шаруашылықтың бос ақшалай қорлары айқындалып, керекті өндірістік обьектілерді салуға, территорияны инженерлік тұрғыдан жабдықтауға, белгіленген культур-техникалық және мелиоративтік шараларды жүзеге асыруға несие бөлу мүмкіншіліктері қарастырылады.
Бұл мәліметтердің барлығы жоспарланған жерге орналастыру іс-қимылдарының дәлдігін қамтамасыз ете отырып, жобалық шешімдерді толық негіздеуге жағдай жасайды.
Аталып өткен экогомикалық жағдайлар жерге орналастыру дейінгі және содан кейінгі көрсеткіштер бойынша талданады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі