Экономика | Бағаның нарық жағдайы

Экономика | Бағаның нарық жағдайы

1. Бағаның нарық жағдайы

1.2. Бағаның нарық жағдайына бейімделуі

Нақты нарықтық жағдайдың өзгерістеріне фирма үнемі бейімделіп отыруы қажет. Әзірленген баға стратегиясы бағалар прейскурантын жасап шығарудың негізі болып келеді. Олар каталогтар, жобалар, дилерлердің тапсырыстар бланкісін жасау үшін негіз болып табылады. Егер бағалар өзгерсе, онда каталогтар мен жобаларға да түзетулер енгізіледі.
Бағалардың бейімделуі мынадай тәсілдерді қолдану негізінде жүргізіледі (40):
1. Илімді баға белгілеу— бағаны саудаласу арқылы қою. Зергерлік дүкендер, автомобиль дилерлері, «бүрге базарлар», жылжымайтын мүлік брокерлері, антиквариат сатушылары осы саясатты жиі қолданады. Жасалған мәміленің тиімділігіне қарай сауда қызметкеріне комиссиондық сыйақы төленеді.
2. Дисконттар. Дисконт - бұл тауар бағасының жеңілдігі. Мысалы, мейрамханада ішілген шараптың алғашқы екі рюмкасын құйылған баға бойынша төленеді, ал үшіншісі -тегін беріледі. Алайда, үшінші рюмканың құны алғашқы екі рюмканың құнына кіруі мүмкін. Дисконттар ақшалай және заттай түрде болады. Заттай дисконтқа сатып алушыға тегін берілетін қосымша тауар жатады.
3. Бағалық сызықтар. Мұндай бағаларды есептеген кезде өнімнің өзін-өзі өтеу нүктесі анықталып, тауардың сапасы мен бағасының арасындағы байланысты көрсететін бағалық сызықтар түзіледі. Оларды жасап шығарған кезде төмен, орташа және жоғары баға түріндегі диапазон белгіленеді. Бұл бағалар анық болуы және бір-біріне жуық болмауы керек.
Әрбір сызық бойынша фирманың ықтимал табысы есептеліп шығарылады. Бағалық сызықтар бөлшек саудаға барлық бағалар диапазоны бойынша тауарлардың үлгілерін ұсына отырып, олардың ассортиментін көбейтуге, өткізу көлемін ұлғайтуға жәрдемдеседі.
4. Психологиялық әсерді қолдана отырып, бағаларды жасанды түрде көтеру.
5. Базалық бағалар көбіне дискриминациялық бағаларды қолдану арқылы түзетіледі.
6. Жеңілдікті бағалар. Олар бағасы кемітілген тауарларды сатуда қолданылады, сондай-ақ клиенттердің назарын аудара отырып, арзандатып сатудың уақытша шарасы ретінде қолданады. Жеңілдікті бағалар негізінен демпингтік бағалар сияқты өндіріс шығындарынан төмен деңгейде белгіленеді. Мұндай бағалар кей кездерде бәсекелестерді ығыстыру және қажет болған жағдайда қоймаларды қорлардан босату үшін қолданылады.
7. Баға белгілеу стратегиясын тәжірибеде қолдану делдал шешімдерін ескере отырып, оны нарықтық жағдайларға үнемі бейімделуін талап етеді. Бұған жеңілдіктер мен үстеме бағалар жүйесін қолданып жетуге болады. Әлемдік тәжірибеде бағалық жеңілдіктердің 30 түрі танымал. Олардың ішінде жиі қолданылатындары:
• "Сконто " немесе қолма-қол ақшамен төлегеніңіз үшін берілетін жеңілдік. Бұл фирмалар арасында жылдам есеп айырысуға ықпалын тигізеді. Мұндай жағдайда, көбіне 2/10 нетто 30 шарты қолданылады, яғни сатып алушы 30 күннің ішінде есеп айырысатын болса, жеңілдік алмайды, ал егер төлем 10 күн ішінде жасалса, тауар құнынан 2% мөлшерде жеңілдік жасалынады.
• Бонустық немесе айналым үшін берілетін жеңілдік тұрақты сатып алушыларға жыл ішінде жасаған айналымдарына қарай беріледі.
• Прогрессивті жеңілдіктер. Сатып алушыға сатып алу санына, көлеміне, сериясына (бір типті тауарлар) қарап беріледі. Бұл жеңілдіктер сомасы өткізу көлемінің ұлғаюына
• Қарапайым жеңілдіктер. Ол әдетте тауардың прейскуранттық немесе анықтама бағасының 20-30%-ын құрайды. Мұндай жеңілдік түрі машина және жабдықтар бойынша мәміле жасағанда кең қолданылады.
• Клубтық жеңілдіктер. Бұл жеңілдіктер ұлттық және халықаралық дисконттық клуб мүшелеріне ұсынылады. Олар үшін жеңілдікпен тауар сататын дүкендер жүйесі қызмет етеді. Мұндай жеңілдіктер негізінен жүк тасу, машинаны жалға беру, қонақүй және ресторан қызметтері, сонымен қатар сақтандыру ісінде көп таралған.
• Экспорттық жеңілдіктер. Тауарды шетелге сатқанда ішкі нарықтағы жеңілдікпен қатар қолданылатын жеңілдік. Оның мақсаты - тауардың сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Тауар сапасы, оны жеткізу жылдамдығы және сатып алушы талаптарын орындағаны үшін белгіленетін үстеме бағалар кең таралмаған.
Қазақстан Республикасында және басқа да кейбір мемлекеттердің заңдарына сәйкес баға белгілеу үшін мынадай іс-қимылдарға тыйым салынады:
1. Кесімді бағаларды қолдану. Бәсекелестермен сөз байласып, баға қоюға тыйым салынады.
2. Әр түрлі сауда кәсіпорындарына қатысты бағалық дискриминация. Өндіруші өзінің тауарын іс-әрекеттері ұқсас сауда кәсіпорындарының бәріне бірдей шарттармен ұсынуға міндетті.
3. Өндіруші делдалдардан тауардың өзі белгілеген бағамен сатуды талап етпеуі тиіс. Дилердің тәуелсіз баға саясатын жүргізуге құқығы бар.
4. Бәсекелестерді ығыстыру мақсаты мен тауарды өзіндік құнынан төмен деңгейдегі бағамен сатуға тыйым салынады.
5. Бағаларды алаяқтықпен көтеруге заң бойынша тыйым салынады. Бұл тұтыну тауарлары нарығында кездеседі, себебі түпкі тұтынушыларда қажетті ақпарат үнемі бола бермейді.
2. ФИРМАНЫҢ БАҒА БЕЛГІЛЕУДЕГІ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ
СТРАТЕГИЯЛАРЫ

2.1. Баға белгілеудегі мақсаттары және нарық құрылымының түрін бағалау, талдау.

Өмірде баға белгілеудің мынадай мақсаттары қойылады:
• Нарықта қалуды қамтамасыз ету;
• Пайданы мейлінше молайту;
• Нарық үлесін жаулап алу;
• Тауар сапасы бойынша берілген нарықта жетекші (лидер) орынды алу.
Көтерме саудамен айналысатын ірі саудагерлерді, фирманың өндірістік мүмкіндіктерін пайдалану, тауар имиджін жасауда баға белгілеудің мақсаттары болуы мүмкін.
Қазақстанның нарықтық қатынастарға өткен бастапқы кезеңінде көптеген фирмалардың баға белгілеудегі басты мақсаты - нарықта сақталып қалуды қамтамасыз ету болса, қазіргі жағдайда күнделікті ағымдағы пайданы мейлінше молайту мен нарық үлесін жаулап алу алға шықты.
Кәсіпорындардың экономикалық жағдайы жақсарса, баға белгілеудің де мақсаттары өзгереді. Ағымдағы пайданы молайту жаңа, беделді, стандартты емес тауарлар өткізілген кезде ғана баға белгілеудің мақсаты бола алады.
Егер нарықта бәсеке деңгейі едәуір жоғары болса, көбіне баға белгілеудің мақсаты - нарық үлесін жаулап алу деп қабылданады. Мұндай жағдайда бәсекелестік бағаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ, нарық жағдайларына үнемі бейімделіп отыру баға дифференциациясының болмауына әкеледі.
Фирма белгілі бір көрсеткіштері бойынша нарық лидері болғысы келеді, бұл оның шығындарын азайтып, пайда алуға көмектеседі. Өнім сапасын жоғарылату көптеген шығын дарды талап етеді, әйтсе де бұл шығынның орны тұтынушы сапалы, озық тауарды жоғары бағамен сатып алуға әзір болғандықтан, тез толады.
Фирма басшылары бағаны есептеудің әдістерін таңдап, ең жоғары және төмен бағаның ықтималды деңгейін бекітеді. Бағалық стратегия шығынға, сұранысқа, бәсекеге, тауардың өмірлік цикл кезеңіне негізделіп, айқындалуы мүмкін.
Нарық түрін (типін) бағалау фирма баға жасаудағы нақты бір әдісті таңдауының маңызды шарты болып табылады. Жетілген бәсеке нарығы белгілі бір өнімді сатып алатын және сататын көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады. Мұндай нарықта ешбір сатушы, не болмаса сатып алушы күнделікті ағымдағы бағалар деңгейіне көп әсер ете алмайды. Сатушы нарықтық бағадан жоғары баға қоя алмайды, өйткені сатып алушы бұл тауарды төмендеу бағамен басқа бір сатушыдан сатып алуы мүмкін. Мұндай нарықта бәсекелестік баға белгілеу стратегиясын қолданған дұрыс болады.
Қазіргі экономикалық теорияда қарастырылатын бағаның формуласы жетілген бәсеке жағдайында бір жағынан шекті пайдалылық (MR), екінші жағынан шекті шығындарға (MC) сәйкес келіп, сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіне орналасады.

Олигополия нарығы.Егер нарықта біртекті өнім өндіретін бірнеше ірі фирма басым болса, онда ол жерде олигополия орын алады. Саладан фирмалар санының аздығы олардың бір біріне тәуелді болатынып бідіреді, яғни, әр фирма өзінің баға, жарнама және өнімнің дамуы жөніндегі шешіміне бәсекелестің мүмкін болатын жауабын есепке алуы тиіс.
Олигополия ол:
 саладағы бірнеше фирмалар;
 өзара тәуелділікті шешім қабылдау;
 салаға кірудегі кедергілердің айтарлықтай дәрежеде
 болуы;.
 ұзақ мерзімді потенциалды пайда;
 бөлінген нарықтың шоғырлануы және баға бақылау.

Олигополистік салада стандартталған өнімдер өндіріледі. Көптеген өнеркәсіп өнімдері: болат, мырыш, мыс, аллюмини, қорғасын, техникалык спирт және т.б. физикалық мағынада стандартталған өнімдер болып табылады және олигополия жағдайында өндіріледі.

Олигополияның баға тағайындау туралы шешімі
Нарықта бірнеше фирма басым болған кездей ынтымақтастық пен жарыстастықты суреттеу үшін бірнеше үлгіні қолдануға болады. Олигополиялық құрылымдар, әдетте, жасырын келісім (айқын формальді келісім) түрінде немесе формальды емес (үнсіз келісім), бірақ сапалы ынтымақтастық түрінде болады.
Бағалық жетекшісі бар салаларда бағаның ұзақ мерзім бойына салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақталыну тенденциясы бар. Жетекші «кеменің қайрагы түсуіне» қарсы болады, бірақ қабылданбауы мүмкін өзгерістерді жариялай отырып өз қалпын жоғалтуға тәуекелі болады. Бағадағы жетекшілік құралын қолдана отырып олигополистер жасырын келісімге тікелей катыспай-ақ баға саласындағы өз мүмкіндіктерін үйлестіре алады. Бірақ формальды келісімдер және заңсыз кездесулер алдын ала қарастырылмайды. Баға орнату кезінде шығындар және сұраныс жөніндегі мәліметтер олигополист үшін ең маңызды болып табылады. Бірақ не себепті шығындар мен сұраныс қалыптасу шарттары өзгергенде, басқа фирмалар өз бағасын өзгертпейді. Осы сұрақтың жауабын сұраныстың сынық қисығы, үнсіз ынтымақтастық үлгісі тусіндіреді.
Сұраныстың сынық қисығының улгісі олигополистік багалардың тұрақтылығын үнсіз қарым қатынастың табиғи нәтижесі ретінде түсіндіреді. Бір фирма өз бағасын көтергеніне қарамастан, ол баска фирмалардың ағымдағы бағаны сақтап калуға тырысуын мәлімдейді, бірақ кем дегенде бір фирма бағасын түсірген жағдайда барлық фирмалар бағасын төмендетеді.
Олигополистер пікірінше, бағаның бәсекеден қашу бәрінен дұрыс шешім болып табылады. Олар өзінің нарықтык қуысын арттыру немесе сақтап қалу үшін, жарнама немесе клиентке қызмет көрсету сияқты бәсекенің әр түрлі бағалық емес тәсілдерін қолданады.
Қорытынды: олигополия біртекті немесе ерекшеленгсп өнімге фирманың аз көлемі билік еткенде болады. Олигополия бірігу және салаға кірудегі әр түрлі кедергілер арқылы пайда болады.

Олигополистердің мінез-құлқы
Картелъдер (формальды келісім стратегиясы)
Картель — бұл мүшелері баға деңгейі және өндіріс көлемі жөнінде бірге шешім қабылдайтын ұйым, ен алдымен картельдер мыс, қалайы, боксит (аллюминий кені), алмаз, хром, фосфоттар, мұнай, кофе және банан секілді негізгі материалдардың шикізаі нарығында жұмыс істейді. Картельдердің көбісін негізігі өнірушілер мемлекеттерінің үкіметі қүрылымдастырады.
Табысты картельдер келесі принциптердің әрқайсысын орындайды:
1) картель өнім нарығындағы үлесін қолдау және бақылауы қажет;
2) картельдің жақын алмастырушылары болмау керек;
3) экономикалық дағдарысқа қатысты тауарға деген сұраныс айтарлықтай дәрежеде тұрақты болуы тиіс;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!