Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Реферат: Биология | Желшешек

Реферат: Биология | Желшешек

Реферат:  Биология |  Желшешек казакша Реферат:  Биология |  Желшешек на казахском языке
Желшешек



Желшешек – баланың терісіне, шырышты қабаттарында көпіршік тәріздес лимфаға толы бөртпе шығып, кейіннен бұл бөртпелер кеуіп, орнына ққабықшалардың қалуымен сипатталатын инфекциялық ауру.



Қоздырғышы- фильтрленуші вирус. сыртқы артада тұрақсыз.



Эпидемиологиясы:



Ауру көзі-ауру адам.

Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей жолы.

Төзімділік (сезімталдық-6 ай-12 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.

Иммунитет-тұрақты,

Маусымдылық- қыс-көктем.

Клиникалық белгілері:



Жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Бастапқы кезеңі көбінесе байқалмайөтеді.



Бөртпе шығу кезеңі: Баланың дене қызуының көтерілуімен қатар, бетінде, денесінде, басында, аяқ-қолында, шырышты қабықтарында желшешектің бөртпелері пайда болады: бастапқыда бөртпе терінің үстінде көтерілген қызыл дақ болып шығады, біраздан кейін дақтардың ішінде лимфа жиналып көпіршік пайда болады, 1-2 күннен кейін көпіршік қүрғап қабыршақтанып қалады.. Бөртпенің шығуына байланысты денесі қышып ауру мазасызданады.



Аурудың өрістеу кезеңі: Желшешектің бөртпесі полиморфизммен сипатталады.: терінің бір жерінде қызыл дақтарды, көпіршіктерді және қабыршшықтарды көруге болады.. Өрістеу кезеңі 5 күнге дейін созылады, содан кейін бөртпенің шығуы тоқталып, 1-2 аптаның ішінде денесі қабыршықтан тазаланады.



Асқынулары: стоматит, ларингит, менингит, энцефалит, пневмония, терінің іріңді жарасы.



Емделуі және күтімі:



1 Бала үйде емделеді, жалпы жағдайына байланысты төсек режимін сақтағаны жөн.



2. Диета- жасына сай, жылы, жұмсақ.



3. Жеке бас гигиенасы-тырнақтарын алып тастау керек.



4.Көпіршіктерді әбден құрғағанша 1-2 процентті бриллиант жасылымен немесе 2 процентті перманганаттың ерітіндісімен өңдеу.



5. Симптомдық ем.



6. Ауру асқынып қабыну процесстері дамыса-антибактериальды ем.



Профилактикасы: әдеіленген алдын-алуы жоқ.



Ошақтағы шаралар:



1.Ауруды оңашалау-5 күн, бөртпе шығуы тоқталғанша.



2.СЭС-ке №58 форма бойынша хабар беру.



3. Ауру баламен қарым-қатынаста болған балаларға 21 күнге карантин тағайындау., бөлмесінің тесіктерін екі жақтан желімдеп жабу.



4. Бөлмені жиі желдетіп, сүртіп тұру.



5.Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 208 | 19.10.2018



Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Желшешек туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Желшешек на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat, реферат Желшешек туралы реферат биология казакша на казахском реферат Желшешек на казахском языке биология скачать бесплатно биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat, Реферат: Биология | Желшешек реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы