Қазақ әдебиеті | Таңғыт Еңсеұлы

Қазақ әдебиеті | Таңғыт Еңсеұлы

Таңғыт Еңсеұлы (1879, Қытай, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауд. - 1952, сонда) - қоғам қайраткері, рубасы. Әкесі Еңсе үкірдай қажыға барарда Т-ты өз орнына найман елінің жұмық руына үкірдай етіп қойып кеткен. Ол осы орын- да 1897 жылдан 1936 жыл- га дейін болды. Т. өзінің әділдігімен, парасаттылығымен ел көңілінен шығып отырған. Халықтың оқу-білімін жетілдіру жағына баса назар аударды. Азамат соғысы жылдары А.Байтұрсынов, М.Дулатов және Р.Мәрсеков бастаған Апаш қайраткерлері Қытайға өтіп, Т-тан жергілікті қазақтармен кездестіруді сұраған. Таңғыт қарсы болмай Шәуешек қаласында Тарбағатай аймағындағы төрт үкірдайдың басын қосқан. Алашорда басшыларының келу мақсатынан хабарланған кеңес үкіметі өкілдері іске араласып, Бұл арды таратып жіберді. 1944 жылы Шығыс Түркістан Республикасы құрылғанда Таңғыт әскер жинап, заттай көмек берді. Осы еңбегіне орай Шығыc Түркістан өкіметініц тәуелсіздік орденімен мараппталған (1946). Таңғыт қытай билігіне қарсы 1933 жылы дүнгендермен бірлесіп қарулы көтеріліске қатысты. Осыған байланысты оны 1938 жылы жергілікті қытай өкіметі 10 жылдық қамау жазасына отырғызып, оны үйінде атқаруға ұйғарым жасады. Қытайда Коммунистік партия билік басына келгеннен кейін «Алашордамен тіл табысқан, Кеңес Одағына қарсы шыққан», - деген айыптар тағы- лып, өлім жазасына кесілді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!