Мағжан Жұмабаев

 Мағжан Жұмабаев

Ашу қысса ақырасың,
Қайғы басса, аһ ұрасың,
Қорықсаң бас ұрасың,
Қуансаң шарқ ұрасың,
Ендi неңдi жасырасың?!

Өзiңе тiлемеген жамандықты басқаға да тiлеме. Өзiңе iстеген жақсылықты басқадан қызғанба.

Сұм тағдыр абақты ғой саналыға.

Жалпы адамзаттың жақсылығына сену — адамгершіліктің ең биік белгісі.

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.

Тұранда Түркі ойнаған ұқсап отқа,
Түркіден басқа от боп жан туған ба?
Көп түркі енші алып тарағанда,
Қазаққа қара шаңырақ қалған жоқпа.

Адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты — өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу, келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу.

Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір қазақ мұғалімдері!

Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі.

Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.

Тәрбие – кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.

Байғұс қазақ бас көтеріп, тұрар ма?
Көңілі түсіп, білім мойнын бұрар ма?
Күні туып оң жағынан, солдан - Ай,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма?

Алты алаштың абласы бас қосқанда, қадірлі орын - мұғалімдікі.

Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.

Тәрбиедегі мақсат - адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару.

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Таралған түрік балаларын бауырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен, тілім!

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.

Білімдінің сөзі — ем,
Мейірімі көп, өзі кең!

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Тіл – адам жанының тілмашы.

Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!

Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек.

Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.

Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.

Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?