Ахмет Байтұрсынов

 Ахмет Байтұрсынов

Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

Сөздің ең ұлысы – тарих.

Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!

Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.

Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.

Мектептің жаны – мұғалім.

Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.

Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.

Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек.

Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.

Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді.

Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.

Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.

Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.

Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.

Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!

Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Пікірлер 4

  1. Индира Бегимова
    Индира Бегимова 09.05.2016 05:22
    0 + 0 -
    салем калай ұялы тел коширип алуга болады
  2. Бауыржан Маратулы
    Бауыржан Маратулы 25.05.2015 02:30
    0 + 0 -
    Заман не болмақ, осындай даналарымыз қалдырған сөздерді пір тұтып,алға қарай баса бермейсің, қазағым
  3. Бауыржан Ермағанбетов
    Бауыржан Ермағанбетов 29.03.2015 13:36
    0 + 0 -
    Осындай накыл соз сайттары коп болса екен керемет создер рахмет
  4. Erkebulan Khasein
    Erkebulan Khasein 30.09.2014 19:47
    0 + 0 -
    күшті рахмет сайтқа
Келесі мақала жүктелуде...