Бұлшық еттің құрылысы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||
| Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||
| Бұлшық еттің құрылысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.2.4 бұлшық еттің құрылысын сипаттау | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | оқушылар: - адамның негізгі бұлшық ет топтарын ажырата алады; - адамның негізгі бұлшық ет топтарының қызметін сипаттай алады; | ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: - адамның негізгі бұлшық ет топтарын ауызша ажырата алады; - адамның негізгі бұлшық ет топтарының қызметін ауызша және жазбаша сипаттай алады; - адамның негізгі бұлшық ет қызметін ауызша және жазбаша түсіндіре алады; Пәнге тән лексика мен терминология: Бұлшықеттер, жүрек бұлшықеті, бұлшықет талшықтары, актин, миозин, бірыңғай салалы бұлшықет. Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер: • Адам бұлшық еті бірнеше функцияларды орындайды, олар ......,• Адам адам бұлшық еттерінің мынадай түрлері бар: ...... ........Глоссарий
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | -Өмір бойы оқуға құштарлық, қоршаған ортаны танып-білуге құштарлық; -Оқушылардың бірін-бірі сыйлауы, мұғалімді сыйлауы; -Оқушылардың айтқан пікірлері мен ойына сыйластықпен қарау; -Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған; -Құндылықтарды дарыту жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сабақ тақырыбы бұлшықет құрылысы болғандықтан болғандықтан, тақырып биология және анатомия курсымен байланысты оқытылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламторға қосылған ноутбуктар арқылы «Twig-bilim.kz» ресурсын пайдаланып оқыту. Ғаламтордан қажетті ақпараттарды тауып, пайдалана білу | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 5 сынып, Жаратылыстану 5.5.2.1 тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіру және түсіндіру 5.5.2.2 әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу 5.5.2.3 денелер қозғалысының себебін анықтау | ||||||||||||||||||||||||||||||
ЖОСПАР | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-4 мин 5-10 мин | 1. Ой шақыру Ойшақыру сұрақтары арқылы оқушылардың бұрынғы білімін тексеру және жаңа тақырыпқа бейімдеу. - Адамның денесінің негізгі тірегі не? - Адам қаңқасы туралы не білеміз? - Қаңқа мен бұлшықет қалай байланысады? Осы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау. 2. Глоссариймен жұмыс Әдіс-тәсілдер: CLIL – әдісі «Card sorting» (карталарды сұрыптау). Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде терминдерді сәйкестендіреді Оқушылар өз ойларын ортаға салады, түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады. Қалыптастырушы бағалау:
| Презентация Презентация Глоссарий Қосымша 1 | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 11-16 мин 17-18 мин 19-26 мин 27-31 мин 32-36 мин | 3. Жаңа тақырыпқа кіріспе - Адам ағзасында қанша бұлшық бар екенін білесің бе? (оқушылардың жауаптары). - Дене салмағының 30-35% бұлшықет құрайды. - Мәселе: адам ағзасында бұлшықеттердің салмағын есептең (оқушылар мәселені шешеді). - Мәселен, адамның денесінде 600-ден астам бұлшықет бар және 47 кг дене салмағында 14 кг бұлшықеттер құрайды. Сандар өте әсерлі. Сабақ барысында бүгін не талқыланады деп ойлайсың? (Оқушылардың жауаптары: денеде қандай бұлшықет бар? Олар қайда орналасқан?) Қалыптастырушы бағалау:
4. Сен білесің бе ... - Адам денесі алты жүзден астам бұлшықеттерден тұрады. Олардың барлығы қатаң белгіленген функцияларын орындайды. - Барлық бұлшықеттердің 25% -ы адамның бетіне және мойнына шоғырланған, соның арқасында біздің бет-әлпетіміз әртүрлі бола алады. - Француз невропатологтарының айтуы бойынша, жылап жатқан адам бұлшықеттердің 43-сін қозғалтады, тек 17 бұлшықеті күлген кезде қимылдайды. Бір-бірімен сөйлесіп жатқанда, бізде мойынның, тілдің, жіліктер мен еріннің бұлшықеттерінің 100-і қимылдайды. 5. Жаңа материалды игеру Twig-bilim.kz сайтында жүктелген бейнероликті көру арқылы басталады. Бейнероликтегі көрсетілген материал бойынша оқушылармен сабақ талданып, тақтаға негізгі анықтамалар мен ұғымдар жазылады. 6. Жаңа білімді пысықтау Талдау барысында оқушылар мәтінді қажетті терминдермен толтыруы керек (2-қосымшаны қараңыз) Әдіс-тәсілдер: жұппен жұмыс істеу Қалыптастырушы бағалау:
7. Білімді тексеру Оқушылар шағын тестік тапсырма орындайды Қалыптастырушы бағалау:
| презентация Презентация Әр жұпқа ноутбуктер https://twig-bilim.kz/kz/film/cardiac-and-smooth-muscles https://twig-bilim.kz/kz/film/skeletal-muscles Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | 5. Кері байланыс “Last Man Standing” Әрбір оқушы 1 минут ішінде өтілген тақырып бойынша есінде қалған терминдерді жазады. Содан кейін барлық оқушылар өз орнынан тұрып, сөздерін оқиды. Егер сол термин басқа оқушыда табылса, ол оны өшіріп тастап, атамауы керек. Егер терминдер таусылса, оқушы орнына отырады. Ең соңғы қалған оқушы жеңімпаз болып табылады. | Кері байланыс | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар адам бұлшықет бөлімдерін сипаттай алады. Оқушылардың көпшілігі -адам бұлшықет қызметін сипаттай алады. Кейбір оқушылар адам бұлшықет қызметін сипаттау арқылы жануарлар бұлшық етінен айырмашылығын анықтап сипаттай алады. |
| Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау Ноутбуктармен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?