Ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 6.3А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер | Мектеп: | |||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануы | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.2.6 ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын модельдеу | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| |||||||||||
Бағалау критерийлері: | 1. өсімдік ағзасына еретін және бөлініп шығатын заттарды анықтайды; 2. диффузия және осмос үдерістеріне тән ерекшеліктерді сипаттайды; 3. диффузия және осмос үдерістерінің заттар тасымалындағы рөлін талдайды. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: «диффузия» және «осмос» түсініктерін байланыстыратын тірі ағзалардағы үдерістердің маңызы туралы жазбалар жасап, есеп дайындай алады Пәнге тән лексика мен терминология: Диффузия, осмос, оттегі, қант, көмірқышқыл газы, су булары Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық - өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық - оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биологиялық ұғымдар туралы көбірек біледі. НЕМЕСЕ Топта жұмыс істегенде оқушылар биологиялық терминдерді қолданатын болады. | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта тірі және өлі табиғаттағы үдерістермен танысты. Диффузия газдардың немесе сұйықтықтардың араласуы туралы 5 сыныпта алған білімдерін қайталайды және бөлшектер ұғымы сипаттау арқылы бастапқы білімдеріне формативті баға алады. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында бөлшектер қозғалысы туралы білімдерін (бөлшектер модельдерінің теориясы) мысалдармен түсіндіру арқылы жүзеге асады. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушыларды тамыр, сабақ, жапырақ деп тортарға бөліңіз. Оқушылар солып қалған өсімдікті қайта қалай «тірілтуді» болжайды. Қажетті азық жасушаға қалай түсетіні туралы өз білімдерін көрсетеді. 2. Ой шақыру. Мұғалім ұсынған тамыр, жапырақ және сабақты көрсететін өсімдіктің сызбасында су, минералды заттар және көмірқышқыл газының өсімдік ағзасына енуін және су мен оттегінің өсімдіктен шығуын көрсететін белгілер қояды.
3. Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды. | Қосымша 1 Қосымша 2 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 10-15 15-20 20-22 22-32 32-37 | 4. Оқушылар бейнебаян көріп, су мен қоректіқ заттардың тамыр бойымен қозғалуымен танысады және өсімдіктердегі судың қозғалысын модельдейді.
5. Мәтін «Өсімдіктегі тасымалдау жүйесі» Өсімдіктердің мүшелері: жапырақ, тамыр, сабақ және гүлдер арасында түрлі заттар тасымалданады. Мысалы, топырақтағы су мен дәрумендерді тамырдан жапырақтарға және жапырақтардағы өндірілген заттарды тамырмен гүлдерге тасымалдау қажет. Бұл мақсатқа жету үшін тек бір ғана диффузия жеткіліксіз болғандықтан, материалдарды тез көшіру үшін өсімдіктердің өзіндік тасымалдау жүйесі дамыған. 6. Мұғалімнің түсіндірмесі. Осмос дегеніміз жартылай өткізгішті мембрана арқылы судың бір жақты диффузиясы (өтуі), мысалға, бұл өсімдік және хайуан жасушаларындағы мембраналар арқылы жүзеге асады. Су тамырлардан сабаққа жоғары қарай көтерілетіндіктен, ол жойылған нәрсенің орнын толтыру үшін тамырларға таралуға тырысады. 7. Топтық жұмыс. «Өсімдік ұлпасындағы осмос» Оқушылар өсімдік ұлпасындағы осмосты көрсету үшін эксперимент жүргізеді.
Мұғалім кері байланыс береді. 8. Сабақты бекіту Оқушылар суретті пайдаланып өсімдік ағзасында қоректік заттардың тасымалдануы кезіндігі бөлшектердің қозғалысын сипаттайды. Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.
| Қосымша 3 Өсімдіктегі су тасымалы туралы бейнебаян: https://www.youtube.com/watch?v=l7s5kJr1yRU Қосымша 4 Қосымша 5 | ||||||||||
Сабақтың соңы: 37-40 | 8. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс «Сэндвич» әдісі 1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; 2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; 3 бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы | Қосымша 6 | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану (сурет), талдау (суреттерді салыстыру және талдау). Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қызығушылығы төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қызығушылығы жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады. | Диффузия газдардың немесе сұйықтықтардың араласуы туралы 5 сыныпта алған білімдерін қайталайды және бөлшектер ұғымы сипаттау арқылы бастапқы білімдеріне формативті баға алады. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс арқылы өсімдік ағзасындағы осмос үдерісін түсіндіру дағдыларынады. | Ең қауіптісі - өткір скальпельді пайдалану, бұл ұқыптылықты талап етеді. |
Қосымша 1
Солып қалған өсімдікті қайта қалай «тірілтуге» болады?
Қосымша 2
Қосымша 3
Өсімдіктегі су тасымалы туралы бейнебаян:
https://www.youtube.com/watch?v=l7s5kJr1yRU
Қосымша 4
«Өсімдік ұлпасындағы осмос»
Өсімдік ұлпасындағы осмосты көрсету үшін эксперимент жүргізеді.
- 3 стакан алып, 1 стаканға – таза су, 2 стаканға – тұздың әлсіз ерітіндісін, 3 стаканға – тұздың күшті ерітіндісін кұй.
- Салмағы 4,0 г болатындай картоптың 3 бөлігін өлше.
- Әр бөліктің салмағын жазып ал.
- Картоптың 3 бөлігін 3 стаканға бір уақытта сал.
- Бөліктерді ерітіндіде 20 минутқа қалдыр.
- 20 минут өткен соң алып, оның массасын өлшеу алдында қағаз сүлгімен картоптың бөлігін кептір.
- Жаңа салмағын кестеге жаз.
Стақан | |||
Картоп бөлігінің алғашқы салмағы, (г) | |||
Картоп бөлігінің ерітіндіден алынғаннан кейінгі салмағы, (г) |
- Нәтижесін түсіндір.
...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Қосымша 5
Өсімдік ағзасында қоректік заттардың тасымалдануы кезіндігі бөлшектердің қозғалысы
Қосымша 6
«Сэндвич» әдісі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?