Ағзадан бөлініп шығатын өнімдер. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 6.3А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер | Мектеп: | |||||||||||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ағзадан бөлініп шығатын өнімдер | |||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.2.8 ағзадағы бөлініп шығатын өнімдерді атау | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | 1. өсімдіктер мен жануарлар ағзасынан бөлініп шығатын өнімдермен танысады; 2. ағзадағы түрлі өнімдерді бөліп шығатын мүшелерді атайды. | |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: өсімдіктер мен жануарлар ағзасынан бөлініп шығатын өнімдерін анықтап, оларды бөліп шығаратын мүшелердің ерекшеліктері бойынша жазбалар жасап, есеп дайындай алады Пәнге тән лексика мен терминология: безді түктер, эфир майлары, шайыр, шірнеліктер, неткар, гидатодтар, су, ас қорыту бездері, ферменттер, қышқылдар, тері, несепнәр, тұздар, өкпе, көмірқышқыл газы, су буы, бүйрек, азоттық өнімдер Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы: Бөліп шығару –бұл ағзадан қалдық заттарды:..., ..., ... шығару. Біржасушалылар, ішекқуыстылар, шаянтәрізділер, тұщы су балықтары ... бөледі. Омыртқалы жануарлар, теңіз балықтары, бауырымен жорғалаушылар... бөледі. Несеп қышқылын – ... мен ... бөледі. | |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық - өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық - оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады. | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биологиялық ұғымдар туралы көбірек біледі. НЕМЕСЕ Топта жұмыс істегенде оқушылар биологиялық терминдерді қолданатын болады. | |||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – шы сыныпта тірі табиғаттағы үдерістермен танысты. Олар тірі табиғаттағы үдерістерді ажырата алады. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында «Пазл» жинау арқылы жүзеге асады. | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар өкпе, тері, бүйрек, жапырақ, оттегі, көмірқышқыл газы, су буы, су, тер, зәр, несепнәр сөздері жазылған пазлды жинау арқылы топтарға бірігеді. Пазлда жазылған сөздерді топтастыру арқылы ағзадағы бөлініп шығатын өнімдер туралы білімдерін көрсетеді.
2. Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды. | Қосымша 1 | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10- 20 20 - 25 25-37 | 3. «Джигсо» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс. «Жұмыс тобында» мәтінмен танысады: I топ. Бөліп шығаратын мүшелер II топ. Бөлініп шығатын өнімдер III топ. Бөліп шығарудың маңызы «Жанұя тобына» келіп топ мүшелерін өздері танысқан ақпараттармаен таныстырады. 4. Мұғалімнің түсіндірмесі. Тәжірибелер арқылы жануарлар мен өсімдіктерден бөлінетін өнімдерді көрсетеді. №1 – оттегінің бөлінуін көрсетеді. №2 – көмірқышқыл газының бөлінуін дәлелдейді. №3 – су буларының бөліненетінін тексереді. №4 – майдың бөлінуін көрсетеді. 5. Топтық жұмыс. «Бұлттағы сөздер»
Әр топ нәтижелерін өзге топ мүшелеріне таныстырады.
Мұғалім кері байланыс береді. 6. Сабақты бекіту Қалып қойған сөздерді толтыру. Бөліп шығару – ол ағзаны қалдық заттардан, зат алмасу үдерісінің соңғы өнімдерден, бөгде заттар мен улы заттар, су мен минералды заттар, органикалық қосылыстардан босату. Бөліп шығару мүшелеріне ………….., …………., ………. (тер және май бездері) жатады. Бөліп шығару мүшелерінің негізгі маңызы ішкі орта құрамының тұрақтылығы мен сұйықтықтардың, әсіресе қанның мөлшері болып табылады. Өкпе ағзадан 1) …….. 2) ………… 3)…………… бөліп шығарады. Сілекей және асқазан бездері 1) ……………. 2)……………; 3) ………………. . бөліп шығарады: Тер бездерінен: 1) ……………; 2) …………… 3)…………… . Теріні майлау үшін май бездері …………………бөліп шығарады.
Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді. | Қосымша 2 Қосымша 3 Қосымша 4 Қосымша 5 | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы: 37-40 | 7. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? | Қосымша 6 | ||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысында мәтінмен жұмыс жасай отырып, өзге топ мүшелеріне ақпаратты таныстырады. Кесте толтыру барысында қиындық танытқан оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қызығушылығы жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады. | Пазл жинау барысында берген ақпараттар бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс арқылы жануарлар мен өсімдіктердің бөліп шығаратын мүшелері мен өнімдерін көрсетуі. | ® = техника қауіпсіздігі ережесі Жануарлар мен өсімдіктердің бөліп шығаратын өнімдерін дәлелдейтін тәжірибелер барысында тұрлі құралдарды қолдану. |
Қосымша 1
Қосымша 2
Мәтін «Жануарлар мен өсімдіктердің бөліп шығаратын мүшелері мен бөліп шығару өнімдері»
Безді түктер. Эпидермистің жасушаларынан пайда болады. Олар эфир майларын, шайырды, және т.б. заттарды жинап қана қоймай, оларды өсімдік денесінен газ түрінде, сүйық және қатты күйінде өсімдік денесінен сыртқа шығарып отырады (55-сурет). Құрылысы жағынан олар алуан түрлі, бірақта өсімдіктердің әрбір тобына морфологиялық тұрғыдан тұрақты болады. Орналасуына қарай сыртқы және ішкі, құрылысына қарай жай және күрделі, бөлінетін заттарына қарай тұзды, майлы, шайырлы, шырышты безді түктер деп жіктеледі.
Шірнеліктер. Өсімдіктердің мүшелерінің сыртына көмірсулардың (тәтті сұйық зат – некткар немесе шірнелік) ерітіндісін бөліп шығаратын бездер. Шірнелік негізінен гүлдің бөліктерінде кездеседі. Шірнеліктерден бөлінетін қантты сұйықтар гүлдің тозандануын қамтамасыз ететін насекомдарды өздеріне еліктіреді. Шірнелік жасушаларының цитоплазмасы қою және оларда зат алмасу белсенді жүреді. Шығу тегі алып жатқан орнына қарай – флоральді және экстрофлоральді деп бөлінеді. Флоральді гүлдерге тән, ал экстрафлоральді вегетативті мүшелерге тән.
Гидатодтар. Бұл сулы устьицалар, эпитема жасушалары, жапырақтың өткізгіш ұлпаларымен байланысты тамыршасы-талшық шоғы. Олар жапырақтың шетінде, көп жағдайда иректелген тісті жиектерінің ұштарында орналасады. Олар су тамшыларын және онда еріген тұздарды бөліп шығарады.
Гидатодтар арқылы су тамшыларының бөлінуі гуттация деп аталады. Бұл құбылыс өсімдіктерде транспирация баяулап, артық су жиналған кезде (шық) байқалады. Гуттация арқылы өсімдік өзінің денесіндегі артық судан және тұздан арылады.
Ас қорыту бездері. Ас қорыту бездеріне бунақденелілермен қоректенетін (шықшылдық, дүңгіршек және т.б.) өсімдіктердің сыртқа бөліп шығарушы ұлпалары жатады. Бездер бөліп шығаратын сұйықтық құрамында бунақденелілерді қорыта алатын ферменттер, қышқылдар болады.
Жануарлардың бөліп шығару өнімдері
Эволюция даму жолында жануарлардың ағзадан қалдықтарды шығару тетіктері мен шығу жолдары жетілді. Ағза құрылмының күрделінуі, қоршаған орта өзгеруі салдарынан тері мен бүйрекке қоса басқада шығару жолдары пайда болды. Жануарларда шығару процесстері зат алмасудың жылдамдануымен және анағұрлым күрделі өмірлік процесстерімен байланысты. Бөліп шығару –бұл ағзадан қалдық заттарды, яғни тағаммен бірге түскен суды, улы заттарды шығару. Бөліп шығару системасы - ол ағзалардың жиынтығы, қоршаған ортаға қалдық суларды, зат алмасу процесі кезіндегі жиналған қалдық заттарды сыртқа шығару. Бөліп шығару ас қорыту, тыныс алу, тері және зәр шығару жүйесі арқылы жүзеге асады. Бөліп шығару процесстері зат алмасу процесінің негізгі бөлігі. Ағзаның бір қалыпты ұстауына метаболизмнің дұрыс жүруі маңызды. Ағзадан керексіз улы заттарды шығару оның ішкі ортаны ұстауға көмектеседі. Жануарларда әр түрлі систематикалық топтарда бөліп шығару процесстері әр қалай жүреді. Жануарлардағы негізгі бөліп шығару мүшелері- тері, өкпе, бауыр, бүйрек.
Тері. Су, несепнәр, тұздар тері капиляры мен тері бездері арқылы сыртқа шығарылады. Тыныс шығару кезінде тері беті буланып суды буға айналдырады. Ол өз кезегінде терморегуляцияға көмектеседі.
Өкпе. Көмірқышқыл газы мен су буы өкпелік альвеола арқылы сыртқа шығарылады. Сүтқоректілердің өкпесі көмірқышқыл газын бөлетін жалғыз мүше. Су буы да өкпе арқылы сыртқа шығарылып отырады.
Барлық зат алмасу кезіндегі заттар ағзаға қажетті болмауы мүмкін. Су ағзаға тез түсіп, солай тез шығарылады. Көптеген сұйық өнімдер омыртқасыз жануарлардың беткі қабаты арқылы шығарылып отырады.
Бөліп шығару өнімдері: аммиак – суда оңай улылыған жоғалататын азоттық өнім түрі. Біржасушалылар, ішекқуыстылар, шаянтәрізділер, тұщы су балықтарынан бөлінеді.
Несепнәр – токсиндігі жағынан аммиактан кейінгі орында тұрады (көптеген омыртқалы жануарлар, теңіз балықтары, бауырымен жорғалаушылар)
Несеп қышқыл – құстар мен жәндіктерден бөлінеді.
Қосымша 3
№1 – оттегінің бөлінуі | №2 – көмірқышқыл газының бөлінуі |
№3 – су буларының бөлінуі | №4 – майдың бөлінуі |
Қосымша 4
мүшелер | өнімдер | |||||||||
өсімдіктерде |
|
| ||||||||
жануарларда |
|
| ||||||||
|
|
Қосымша 5
Қалып қойған сөздерді толтыру
Бөліп шығару – ол ағзаны қалдық заттардан, зат алмасу үдерісінің соңғы өнімдерден, бөгде заттар мен улы заттар, су мен минералды заттар, органикалық қосылыстардан босату.
Бөліп шығару мүшелеріне ………….., …………., ………. (тер және май бездері) жатады. Бөліп шығару мүшелерінің негізгі маңызы ішкі орта құрамының тұрақтылығы мен сұйықтықтардың, әсіресе қанның мөлшері болып табылады.
Өкпе ағзадан
1) ……..
2) …………
3)…………… бөліп шығарады.
Сілекей және асқазан бездері 1) ……………. 2)……………; 3) ………………. . бөліп шығарады:
Тер бездерінен:
1) ……………; 2) …………… 3)…………… .
Теріні майлау үшін май бездері …………………бөліп шығарады.
Қосымша 6
Кері байланыс
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?