Жердегі тіршілік. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

2. Ғалам. Жер. Адам

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жердегі тіршілік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.4.1 Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды біледі;
  • Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстырады;

 Бағалау критерийлері:

1.Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды біледі;

2.Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыра алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды ауызша сипаттай алады және салыстырады.

Пәндік лексика және терминология:

Болжам, абиогенез, биогенез, панспермия, креационизм.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

... болжамы бойынша Жердегі тіршілік ... пайда болған.

... болжамын ... болжамымен салыстырғанда ...

 Құндылықтарды дарыту

 

Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты дарытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Жердегі тірішіліктің пайда болуын түсіндіру барысында биология пәнімен байланыс орнатылады.

Бастапқы білім

Оқушылар 5 – ші сыныпта жердегі тіршіліктің пайда болуын сипаттады.

Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы идеялармен бөлісу арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтар «5.2.4.1 Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.

Оқушылар «Идеялар кілемшесі» әдісі бойынша жұмыс жасайды.

Топтар «Идеялар кілемшесіне» келесі сұраққа жауап беру барысында өз идеяларын жазады:

-Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды?

Бағалау критерийлері:

  • Жер бетінде тіршіліктің қашан пайда болғанын жазады;
  • Жер бетінде тіршіліктің қалай пайда болғанын жазады;
  • Алғашқы тірі организмдерді жазады.

Топтар идеяларын ортаға салады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.

2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы 4 болжамды ұсынады.

1. Креационизм – тіршілікті Құдай жаратты.

2. Тіршіліктің өздігінен пайда болуы – тірі ағзалар өлі материядан пайда болды.

3. Панспермия – тіршілік Жерге ғарыштан келді.

4. Биохимиялық эволюция – тіршілік химиялық және физикалық үдерістердің нәтижесінде пайда болды.

Содан кейін бірінші болжаммен келісетін оқушыларға сыныптың бірінші бұрышына, екінші болжаммен келісетін оқушыларға екінші бұрышқа, үшінші болжаммен келісетін оқушыларға үшінші бұрышқа, төртінші болжаммен келісетін оқушыларға төртінші бұрышқа баруларын сұрайды. Оқушылар өз таңдауларын түсіндіреді.

3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды біледі;
  • Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстырады;

А3 форматындағы қағаз

Маркерлер

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

30-37

4. Мәтінмен жұмыс. INSERT әдісі.

Оқушылар INSERT әдісінің көмегімен Жердегі тіршіліктің пайда болу болжамдарымен танысады.

+

-

?

V- білемін

+ Жаңа мәлімет

-Түсініксіз

? Cұрақ бар

Дескрипторлар

Оқушы

-Кестеге мәтін бойынша білетін ақпаратты жазады;

-Кесетеге мәтін бойынша жаңа мәліметті жазады;

-Кестеге мәтін бойынша түсініксіз ақпаратты жазады;

-Кестеге мәтін бойынша туындаған сұрақтарын жазады.

Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді.

5. Кесте толтыру. Оқушылар мәтіннің негізінде кестені толтырады. Кестеге ғалымдардың теорияларын жазып, олардың артықышылықтары мен кемшіліктерін жазады.

Ғалым

Теория

+

-

Дескрипторлар

Оқушы

-Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды түсіндіреді;

-Ғылыми болжамдарды салыстырады;

-Ғылыми болжамдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіреді.

Мұғалім формативті бағалау жүргізеді және кері байланыс береді.

6. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар Венн диаграммасы арқылы екі ғылыми болжамды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Мұғалім формативті бағалау жүргізіп, оқушыларға кері байланыс береді.

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы:

37-40

7. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Рефлексия «Мейрамхана»

- Мен тағы да жегім келеді …- Маған бәрінен де ұнады …- Мен қорыттым …- Мен көп жеп қойдым ...- Маған тағы да беріңізші ...

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Қабілеті төмен оқушыларға қабілеті жоғары оқушылар сабақ барысында қолдау көрсетеді.

5.2.4.1 Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. INSERT кестесі арқылы талдау дағдыларын бағалау. Кесте, Венн диаграммасы арқылы Жердегі тіршіліктің пайда болу болжамдарын салыстыру дағдыларын бағалау.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Қосымша 1

Идеялар кілемшесі

Қосымша 2

Мәтін «Жердегі тіршіліктің пайда болу болжамдары»

 Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар. Ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар қалыптасты.

Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама- карсы екі көзкарас қалыптасқан. Оның біріншісі — тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік теорияға келіп тіреледі. Екінші көзқарас — биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайындағы бұл екі көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік пікір осы күнге дейін жалғасып келеді.

№1 болжам «Абиогенездік болжам»: Ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д. IV ғ.) бит — еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң — балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды. Грек философиясының негізін салушылар Фалес және т.б., органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп корытынды жасады. Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі көзқарастар орын алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болады деген көзкарасты қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі микроскоптың ашылуына байланысты ағзалардың құрылысы жайындағы деректер нақтылана түсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болуына күмән келтіретін тәжірибелер жасала бастады. А.И. Опариннің болжамы бойынша да тіршілік абигенез жолымен пайда болды. Оның ойынша Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін қажетті химиялық заттар болды (нуклейн қышқылы, протеин). Осы заттар мен басқа заттардың арасындағы химиялық эволюцияның нәтижесінде жер бетінде алғашқы тірі жасушаның пайда болуына алып келді.

№2 болжам «Биогенездік болжам»: XVII ғасырдың ортасында италиялық дәрігер Франческо Реди (1626—1698 жж.) тәжірибе жасап, тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға карсы шықты. Ол 1668 жылы, төрт ыдысқа ет салып, оны ашық койды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты. Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар өсіп шықты, ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ. Реди осы тәжірибесі арқылы шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана шығатынын, яғни шыбынның өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеп берді. Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822—1895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.

№3 болжам «Креационизм»: Абиогенез теориясын жақтаушылар Л.Пастер тәжірибесінің дәлелділігін мойындамады. Олардың бір тобы жер бетіндегі тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш бар деген пікірді ұсынды. Бұл көзкарас креационизм (латынша "creatio" — жаратушы) деп аталады. Осы көзқарасты К.Линней, Ж.Кювье, т.б. колдады.

№4 болжам «Панспермия»: Жер бетіне тіршілік тұқымы басқа ғаламшарлардан метеориттер арқылы үнемі таралып тұрады деген де көзқарастар болды. Бұл көзқарас ғылымда панспермия теориясы (грекше "pan" — барлық және "sperma" — тұқым) деген атпен белгілі. "Панспермия теориясын" 1865 жылы алғаш неміс ғалымы Г.Рихтер ұсынған. Оның пікірі бойынша жер бетінде тіршілік бейорганикалық заттардан пайда болмайды, яғни тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған. Бұл көзқарасты сол кездегі көрнекті ғалымдар Г.Гельмгольц, Г.Томсон, С.Аррениус, П.Лазарев, т.б. қолдады. Тіршілік мәңгі, ол ғарыш кеңістігінде кеңінен таралған. XX ғасырдың бас кезінде швед ғалымы С.Аррениус (1859—1927 жж.) панспермия тұжырымын колдады. "Ол тіршілік ғарыш кеңістігінде күн сәулелерінің қысымы арқылы бір аспан денелерінен екіншісіне ауысып отырады,"— деп түсіндірді.

Ақпарат көзі: https://kk.wikipedia.org

Қосымша 3

INSERT кестесі

+

-

?

Қосымша 4

Венн диаграммасы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу