Жылулық ұлғаю. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: Энергия | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
СЫНЫП: 5 сынып | Оқушылардыңсаны: | Сабақта жоқ оқушылар саны: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Жылулық ұлғаю | |||||||||||||
Сабақтың оқу мақсаттары | Жылулық ұлғаюды сипаттау | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Төмендегі критерийлер орындалса, оқушы оқу мақсатына жетеді: оқушы жылулық ұлғаюды тұрмыстағы мысалдар арқылы сипаттайды; оқушы жылулық ұлғаюды көрсететін экспериментті сипаттайды; | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тақырып бойынша глоссарий
Арнайы пәндік лексика және терминология Жылу, жылулық ұлғаю, сығылу, температура, дене жылынғанда оның көлемі ұлғаяды. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмысқа қатыстыру арқылы бірлесе жұмыс жасауға баулу, өз пікірін дәлелдеуге және басқалардың пікірін сыйлауға тәрбиелеу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика: көлем, ұзындық, аудан түсініктері | ||||||||||||
АКТ | Power Point презентациясы | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | 5 сынып: энергия |
Уақыттыжоспарлау | Жоспарланғаніс-шаралар | Ресурстар | |||
0-5 мин | (Т) (W) Сәлемдесу. Сабақ тақырыбымен және оқу мақсаттарымен таныстыру. | Power Point презентациясы | |||
5-15 | (Т) (D)Дененің қызған кезде ұлғаюын демонстрациялау. Эксперимент жасау алдында оқушыларға қауіпсіздік техникасы ережелерін ескерту. Бөлме температурасында болаттан жасалған металл шар сақина арасынан оңай өтеді. Оқушыларға сұрақ: шар мен сақина өлшемдері тупалы не айтуға болады? Жауап: шардың диаметрі сақинаның ішкі диаметрінен сәл кішірек. Егер болаттан жасалған шарды от жалынына қыздырсақ, ол шар сақинадан өтпей, тұрып қалады. Оқушыларға сұрақ: шардың сақинадан өтпей тұрып қалуын қалай түсіндіреміз? Жауап: шардың өлшемдері ұлғайды. Біраз уақыттан кейін шар өз-өзінен сақинадан өтіп кетеді. Оқушыларға сұрақ: осы құбылысты қалай түсіндіресіңдер? Жауап: дене қызған кезде оның өлшемдері артады, суыған кезде – азаяды. Ескертпе: егер арнайы құрал болмаса, екі шеге арасында тұрып қалатын теңгемен экспериментті ұсынуға болады. | Құрал-жабдықтар: металл сақина, металл шар, спирт жанарғысы.Екі шеге арасынан өтетін монета туралы эксперимент: | |||
15-25 | (Е) Оқушылар шағын демонстрацияларды жасайды. 1. Термометр көрсеткіші көтеріледі 2. Колбадағы ауа қызады 3. Колбадан ауа көпіршіктері шығады | Құрал-жабдықтар: термометр, суық және ыстық су құйылған ыдыстар, ауызында жінішке түтікпен тығыны бар шыны колбалар | |||
25-30 | (І) Оқушылар экспериментті талқылау кезінде қорытынды жасайды және сол қорытынды бойынша дәптерлеріне анықтаманы жазып алады. Жылулық ұлғаю – қыздыру процесі кезінде дене мөлшерінің ұлғаюы. | Power Point презентациясы | |||
30-40 мин | (G) Топтық жұмыс Оқушылар суреттер бойынша тұрмыстағы және табиғаттағы жылулық ұлғаюдың мысалдарын талқылайды. Әр мысал үшін құбылыстың пайдалы және зиянды жақтарын атайды. Сурет 1. Сүт қайнағанда тасып төгіледі Сурет 2. Қазан плитада қысылып қалады Сурет 3. Отқа түскен пластик жабық ыдыс жарылады Сурет 4. Бір-бірінің ішінде тұрып қалған стакандар Сурет 5. Рельстердің жазғы ыстық күнде қисаюы Сурет 6. Жылу құбырларының иілген бөліктері | Дидактикалық материалдар Жұмыс парақтары | |||
40-45 | Рефлексия. Өз жұмысыңды бағала Үйге тапсырма. (I) Оқушыларға тұрмыстағы жылулық ұлғаюдың адам үшін қауіптілігі туралы ескеру үшін, қауіпсіздік ережелерін құрастыруды ұсыну( шәйнекке суды толтырып құймау, баллондарды отқа лақтырмау). | ||||
Қосымша ақпарат | |||||
Дифференциация | Бағалау | ||||
Барлық оқушылар демонстрация бойынша пікірін айтады, топтық жұмысқа қатысады. Кейбір оқушылар мұғалім көмегімен демонстрация жасайды. | Оқушылардың эксперимент және суреттер бойынша пікір айтуы, қорытынды жасауы бағаланады. | ||||
Шағылу Сабақтың мақсаты / оқу мақсаты дұрыс па? Оқушылар бүгін не оқып-үйренді? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім және қандай? | |||||
Қорытынды баға Ең табысты екі сәті қандай еді ? Сабақтың қандай екі сәтін жақсарттым ? Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?