Кенсіз пайдалы қазба деген не? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары.

Мектеп:

Модератор: Данабаева М.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Кенсіз пайдалы қазба деген не?

Оқу мақсаты:

4.3.4.2 - Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын картадан көрсету.

Сабақтың мақсаты:

Кенсіз пайдалы қазбалармен танысу.

Бағалау критерийі

Кенсіз пайдалы қазбаларды ажыратады.кенсіз пайдалы қазбалардың таралу аймақтарын анықтайды.

Тілдік мақсат

Тірек сөздерді қолдана отырып, кенсіз пайдалы қазбалар туралы айтып бере алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Кенсіз пайдалы қазбалар.

Құндылықтар

Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Қара металдар мен түсті металдарды ажыратады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар зейінін сабаққа аудару. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. «Гүл сыйлау» ойыны арқылы бір-біріне жылы лебіз айтады.

Керемет баспалдақтар.

Тапсырманы орындау барысында оқушылар театрдың суреттерін талдай отырып, оның баспалдақтары неден жасалғанын анықтайды.

«Ойлан. Жұптас. Бөліс» стратегиясы арқылы баспалдақтың граниттен жасалғаны туралы ой қорытады. Жетекші сұрақтар:

  • Театрдағы баспалдақтар неден жасалған?
  • Гранит магмалық тау жынысына жатады ма?
  • Гранит қатты ма, әлде жұмсақ па?
  • Граниттен жасалған бұйымға күннің ыстық көзіне, жаңбырға төзімді ме?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Көңілді әуен қосып қою

Слайд №1,2

Слайд №3

Сабақтың ортасы

5 минут

2минут

Неден жасалады?

Мақсаты: Құрылыста пайдаланатын саз бен лайдың пайдалы қазбаға жататынын түсіну.

Слайдта көрсетілген суреттер мен оқулықта берілген суреттерге назар аудара отырып, бірнеше сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар:

  • Суреттегі ыдыстарды неден жасайды?
  • Ал, үй салуды нені пайдаланады?
  • Оларды неден жасайды?
  • Саз бен лай пайдалы қазбаға жатады ма?

Оқушылар жұптасып «Т-кестесіне» өз ойларын жазады.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Топырақ туралы не білесің?

Мақсаты: Топырақ туралы білімдерін еске түсіру. Оқушылар жұптасып топырақ туралы кластер құрастырады. «Ақпарат алмасу» ойыны арқылы әр жұп өз жауаптарын тексереді.

Сұрақтар:

  • Топырақтың құрамы қандай?
  • Топырақ құнарлы болу үшін не істеу керек?
  • Тыңайтқыш деген не?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Кенсіз пайдалы қазбалар.

Топтарға біріктіру. Оқушыларды «Менің затым» ойыны арқылы бірнеше топқа біріктіру.

Мұғалім әр оқушының бір затын алып, қорыпқа жинап алады. Алынған заттарды топ санына байланысты топтастырады. Оқушылар заттары бойынша бір-бірімен бірігеді.

Жетекші сұрақтар арқылы оқушылар фосфор, әктас, тұз, құм, сазды кенсіз пайдалы қазбаларға жататытын түсінеді.

  • Фосфор қандай күйде кездеседі? Әктас ше?
  • Фосфордың құрамында темір бар ма?
  • Ал әктастың ішінде?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Ойлан. Оқушылар тұздың қалай пайда болатынын топта талқылап, өз ойларымен бөліседі. Олар «Біздің ойымызша...» ойыны арқылы өз жауаптарымен бөліседі.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: Кенсіз пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау.

Ресурстарды таратып беру. Әр топқа бор, әктас, ыдыстарға салынған құм, саз, су құйылған төрт пластикалық стақан, құйғы, пластикалық бөтелке, майлық қағаз, магнит таратып беру.

Зерттеудің сұрағы: Кесіз пайдалы қазбалардың қасиеті қандай?

Зерттеудің жоспары:

  • Ресурстарды зерделеу;
  • Заттардың қаттылығын анықтау;
  • Заттардың сынғыштығын анықтау;
  • Заттардың ерігіштігін анықтау;
  • Пайдалы қазбалардың суөткізгіштігін анықтау;
  • Заттардың магнитке тартылуын анықтау;
  • Алынған нәтижелерді кестеге жазып, қорытындылау.

Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға немесе топтарға кенсіз пайдалы қазбалардың тағы қандай қасиеттері болуы мүмкіндігі жайлы сұрауға болады.

ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.

Сен білесің бе?

Оқушыларға өрт сөндіруші адамның киімі неге отқа жанбайтынын айтып, асбест кенсіз минералы туралы ақпарат беру.

Cергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналған ұсыныстар.

29-жұмыс парағы. «Кенсіз пайдалы қазба деген не?», 31-б.

Су өткізу қасиеті. Кенсіз пайдалы қазбалардың су өткізгіштігін анықтап, пікірлерің дұрысы мен бұрысын анықтау.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Су өткізгіш кенсіз пайдалы қазбаны анықтайды;
  • Су өткізбейтін кенсіз пайдалы қазбаны анықтайды.

Кестені толықтыр.

Оқушылар кестені шартты белгілермен және пайдалы қазбалардың атауымен толықтырады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Кенсіз пайдалы қазбаның атын ажыратады;
  • КЕсіз пайдалы қазбаның шартты белгісін біледі.

30-жұмыс парағы. «Кенсіз пайдалы қазбаларды пайдалану», 32-б.

Сенің сөзжұмбағын. Дайын жауаптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Сұрақтар құрастырады;
  • Сөзжұмбақ құрастырады.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша бағалауы.

Оқулықпен жұмыс

Слайд №4,5

Слайд №6

Слайд №7

Бор, әктас, ыдыстарға салынған құм, саз, су құйылған төрт пластикалық стақан, құйғы, пластикалық бөтелке, майлық қағаз, магнит

Слайд№8

https://yandex.kz/video/search?filmId=1517460504044615586&text=cthu3ne%20c2n3

Сабақтыңсоңы

2минут

Кері байланыс.

«Табыс баспалдағы» арқылы өздерін бағалау.

Саралау –оқушыларғақалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Қалыптастырушыбағалауқұралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзара бағалау: «зерттеу бойынша бағалау»

- мұғалімнің жазбаша керібайланысы

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау;

-«Табысбаспалдағы».

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу