Жүйке жүйесінің маңызы. Жаратылыстану, 4 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану

4-сынып

Жүйке жүйесінің маңызы

Адам айналасындағы түрлі құбылыстарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Сезім мүшелерінің бес түрі бар: көру, есту, дәм және иіс сезу, сипап сезу немесе түйсіну. Адам қоршаған ортада болып жатқан оқиғалардың 90%-ын көз арқылы қабылдайды. Көзарқылы болып жатқан құбылыстармен қатар жарық пен қараңғыны, түрлі түстерді ажыратады. Есту мүшесі арқылы қоршаған ортадан әртүрлі дыбыстарды естиді. Естіген дыбыстарды түсініп, соған сәйкес жауап беріп, қарым-қатынас жасайды. Құлаққа жағымды және жағымсыз дыбыстарды ажыратады. Иіс сезу мүшесі арқылы ауадағы жағымсыз иістерді, зиянды газдарды сезіп, олардан сақтанады. Дәм сезу мүшесі арқылы тәттіні, қышқылды, ащыны және тұзды тағамдарды ажыратады. Бұзылған тағамдардарды иісінен, дәмінен байқап, оны пайдаланбайды. Өте тұзды және ащы тағамдар адам денсаулығына зиян. Сипап сезу немесе түйсіну арқылы заттың пішінін, қатты мен жұмсақты, ыстық пен суықты және ауырғанды сезініп, сақтанады. Бұл үдеріс өте жылдам жүреді, яғни жүйкелер арқылы жұлынға және миға жетіп, ми келген ақпаратты өңдеп, жұлынға, жұлын жүйкелерге жеткізеді. Жүйкелерден мүшелерге таралады да, адам іс-әрекет арқылы тиісті қимылдар жасап сақтанады.Адамның барлық іс-әрекеті жүйке жүйесімен байланысты. Әртүрлі іс-әрекет кезінде ағзаның шаршауы, алдымен мидың шаршауынан болады. Сондықтан жүйке жүйесі гигиенасын сақтау керек. Ой еңбегінен кейін таза ауа-да серуендеп, үй шаруасымен шұғылдану керек. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі жүйке жүйесі гигиенасын сақтауға көмектеседі.

Кіріспе тапсырма. Жедел жауап. Сұрақтарға оқушылар жеке тәжірибелерін және өткен сабақтағы білімін қолдана отырып жауап береді. Иісті қалай сезесің? (Мұрын арқылы.) Иісті дұрыс сезе алмайтын кездерің бола ма? (Тұмаумен ауырған кезде сезбеуі мүмкін.) Тағамның дәмін қандай мүше арқылы сезесің? (Тағамның дәмін тіл арқылы сезеді.) Тағамның дәмі қандай болады? (Дәмді, дәмсіз, ащы, тұзы жоқ, т. б.) Тері арқылы нені сезесің? (Тері арқылы суықты, ыстықты, ауырсынуды).

Ағзаны басқару орталығы.

Бұл тапсырманы орындау барысында өткен сабақтағы білім пысықталады және жүйеленеді. Схеманы сұрақтардың көмегімен талдатыңыз. Схема арқылы берілген ақпаратты әңгімелеп бер деген тапсырма тиімдірек болады. Оқушы суреттер арқылы берілген ақпаратты сөйлемге айналдырады, сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Балалар схемадан алған ақпаратты айтады: раушан гүлін көзбен көрді, мұрынмен иісін сезді, қолымен ұстап көрді әрі тікенін көзімен байқады. Бұл ақпарат жүйкелер мен жұлын арқылы миға жетеді. Мидан қайта өңделген ақпарат келеді. Көз арқылы нені байқадың? (Гүлдің әдемілігін және түсін.) Мұрын арқылы нені сездің? (Хош иісін.) Гүлді сабағынан ұстағанда нені сездің? (Тікендердің саусаққа қадалғанын және оның қауіпті екенін.) Қоңыраулы сағатты қай мүше арқылы естисің? (Құлақ.) Қарның ашқанда немесе дәмді тағамды көргенде не байқалады? Ауыз қуысында сөл бөлінеді, бұл қарның ашқандығына байланысты тамақтану қажеттілігін білдіретінін айтыңыз. Осының бәрін сезім мүшелері: көз, мұрын, құлақ, тіл және тері арқылы қабылданып, жүйкелер арқылы миға жетіп отырады. Миды неге теңер едің? (Компьютерге, пультке, т. б.) Ми туралы өздері не білетінін анықтаңыз. Айналадан қандай ақпарат алған-дарын, оған қандай сезім мүшелері қатысқаны туралы әңгімелесіңіз.

Ойлан.

Оқушы жұптарына бір-бірінің қолына саусақтарын тигізіп көруді, одан кейін, алақандарын қытықтап көруді ұсыныңыз («Қуыр, қуыр, қуырмаш» ойынын ойнатуға болады.) Не сезінгендерін сұраңыз. Енді әркім өз алақанын қытықтап көрсін. Неліктен алдыңғыдай қы-тықтау сезімі болмайтынын сұраңыз. Балалардың жауа-бынан соң,адамның миы сыртқы әсерлерді қабылдауға бейімделгенін айтыңыз.

Оқушы неге шаршады?

Оқушылардан қай кезде, қандай әрекеттерден соң шаршайтынын сұраңыз. Ал мына оқушы неліктен шаршап отыр деген сұраққа балалар сурет бойынша болжау жасайды. (Компьютерде көп отырды, кітаптар оқып, өзіне қажет мәлімет іздеді.) Балалардан суреттегі оқушы бір орнында отыр, ешқандай дене жұмысын істеген жоқ, сонда неліктен шаршады? – деп сұраңыз. Балалар «көзі шаршайды, отыра бергендіктен арқасы, миы шаршайды» деп айтуы мүмкін. Оқушыларды бұл бала күн режимін сақтаса, компьютерде

жұмыс істеу ережесін сақтаса, шаршамайтын еді деген қорытындыға жетелеңіз.

Зертте.

Тапсырманы орындау арқылы жүйке жүйесінің, мидың шаршауының алдын алу үшін күн тәртібін сақтау қажет екенін түсінеді. Оқушыларды бірнеше топқа біріктіріңіз. Жұмысты бірнеше нұсқамен орындауға болады: 1-нұсқа: ми шаршамауы үшін өздеріне күн тәртібін

құрастыру; 2-нұсқа: дайын күйде ұсынылған күн тәртібін зерделеу, талдау, осы күн тәртібін пайдаланатын баланың күн соңындағы жағдайын анықтау (шаршай ма, шаршамай ма), оны жақсарту жолдарын ұсыну.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

1-нұсқа:

• Өз күн тәртібі туралы сөйлесіп, күні бойы шаршамай жүру үшін не істеу керек деген

тақырып төңірегінде талқылап, пікір алмасады.

• Неғұрлым тиімді күн тәртібін құрастырады.

• Дайындаған күн тәртібін сыныптастарына таныстырады, қорытынды жасайды.

2-нұсқа: (бірнеше түрі болуы мүмкін. Тек ой немесе дене еңбегінен тұратын; ой еңбегімен қоса, компьютерде ойнау ғана жоспарланған; т.с.с.)

• Дайын күйде ұсынылған күн тәртібін зерделейді, талдайды.

• Осы күн тәртібін ұстанатын баланың күн соңындағы жағдайын болжайды.

• Күн тәртібін жақсарту жолдарын ұсынады.

• Қорытынды жасайды, сыныптастарына ұсынады.

Жұмыс аяқталғанда, жалпы қорытынды жасалады. Ми, жүйке жүйесі шаршамай жұмыс істеу үшін, күн тәртібін сақтап, дене еңбегі мен ой еңбегін кезектестіре құрған дұрыс болады.

Невролог-дәрігер кеңесі.

Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударыңыз. Сосын оларға сұрақтар қоясыз. Бала неліктен дәрігердің қабылдауына барды? (Шаршап жүр, ашуланшақ, сабағы нашарлап кетті, көңіл күйі жоқ, досымен не-месе сыныптасымен келіспей қалды, т. б. деп болжаулары мүмкін.) Невролог-дәрігер қандай кеңес берді және осы кеңестердің қайсысын дұрыс деп есептейсің? (Уақытында дұрыс тамақтану, жеміс-жидектер және көгөністерді жиі пайдалану. Ата-ана, мұғалімнің айтқанын тыңдау. Сабақты тыңдап түсінуге тырысу. Қосымша кітаптар оқу. Доста-рыңмен бірге бос уақытында серуендеу, оқыған кітабың немесе көргең кино жайлы пікір бөлісу. Қиындықтарды ата-анаңнан жасырмау). Бұл әрекеттер жүйке жүйесі-не қалай көмектеседі? Жүйке жүйесінің қалыптасуына қатысы жоқ кеңес бар ма? Өз қосатының бар ма? – деп сұраңыз. Оқушылармен тапсырманы қорытындылап, осы жұмысты әрі қарай қалай жалғастыруға болады деп сұрап, аталған кеңестерді орындап, зерттеп көруді ұсыныңыз. Апта сайын оқушылардан жүйке жүйесіне көмектесетін әрекеттерді орындап жүргенін сұрап отыруды ұмытпаңыз. (Мысалы, дұрыс тамақтанып жүрсің бе? Сабақты дұрыс тыңдап жүрсің бе? Достарыңмен қарым-қатынасың қалай? Ата-анаңа, мұғалімге қиындықтарыңды жасырмай

айтып жүрсің бе?).

Сен білесің бе?

Бұл ақпарат оқушылардың мидың қызметі туралы білімдерін тереңдете түседі. Олардан мәтінді оқытпас бұрын «Қалай ойлайсыңдар, біздің миымыз қашан тынығады?» – деп сұраңыз. Олар біз ұйықтағанда деп айтуы мүмкін. Шын мәнінде, адам миы еш уақытта жұмысын тоқтатпайтынын, үнемі жұмыс істейтінін айтыңыз. Сондықтан да жатар алдында асқазанға ауыр тамақ жемеу, суды көп ішпеу керек екенін, жағымсыз фильмдер көріп, компьютерлік ойындар ойнамау, т.с.с. қажет екенін ескертіңіз. Адам жүйке жүйесінің гигиенасын сақтаса, мидың жұмысын жеңілдететінін айтыңыз.

Есте сақта!

Ми көру, есту, дәм сезу, иіс сезу және түйсіну мүшелері арқылы қоршаған ортадан түсетін ақпаратты қабылдап және оған жауап қайтаратынын біледі.Адамның күнделікті барлық іс-әрекеті жүйке жүйесімен байланысты болғандықтан, жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау қажет екенін есте сақтау керек.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналған ұсыныстар

37-жұмыс парағы. «Жүйке жүйесінің маңызы», 39-б.

Толықтыр.

Оқушылар берілген сөйлемдердегі бос орындарды қажетті сөздерді тауып жазады. Бұл тапсырма білімді бекітуге арналған.

Жауабы: 1 – жиырылуына; 2 – бөлінуін; 3 – тыныс алу; 4 – қорғайды.

Сәйкестендір.

Оқушылар дұрыс жауапты таңдап, белгілейді, яғни адам ағзасындағы мүшелер жүйесінің

атауларын олардың атқаратын қызметімен сәйкестендіреді.

Жауабы: 1 – В; 2 – Г; 3 – Ә; 4 – А; 5 – Б.

38-жұмыс парағы. «Жүйке жүйесінің гигиена-сы», 40-б.

Дұрыс – дұрыс емес.

Кестедегі пікірлерді оқып, дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықтап, бос ұяшықтарға белгісін қояды.

Жауабы: Дұрыс пікірлер

1. Мектептен келген соң бірден үй тапсырмасын орын-дамай, біраз тынығып алу.

2. Сабаққа дайындалғанда әрбір 40 минуттан соң үзіліс жасау.

3. Сабаққа дайындалып болған соң таза ауада серу-ендеу.

4. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.

5. Үй тапсырмасын күнделікті бір мезгілде орындауды әдетке айналдыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу