Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау Жаратылыстану пәні 3 сынып 2 тарау 6 сабақ Сабақ тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі Сабақты «Иә немесе Жоқ» ойынынан басталады. Ойынның мақсаты жануарлар туралы тақырыптарды қайталау. Оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту үшін сұрақтарды жазбаға түсіріп тыңдату.
Бәсеке. Оқулықтағы суретпен жұмыс жасалады.
Оқушылардың жауаптары мен болжамдары тыңдалған соң жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. Өзгерістер Ғаламтордан немесе суреттер арқылы ғаламшарымыздағы табиғаты ерекше көркем жерлерді көрсету. Оқушылар табиғатты сипаттайды. Батпақтану, құрғақшылық, су тасқыны деген құбылыстар туралы оқушылардың алғашқы білімдері тексеріледі.
Сызба. Топтық жұмыс Оқушылар жұмбақсызбаны шешу үшін топта жұмыс жасайды. Мәтінмен жұмыс. Мәтін бойынша жұбына 3 сұрақ дайындау. Бір-бірінің сұрақтарына жауап беру. Зертте. Жануарлардың тіршілік ортасының жағдайы өзгерсе, не болуы мүмкін? Оқушылар кестемен жұмыс жасайды. Олар өзіне алдыңғы сабақтардан таныс немесе бұрыннан білетін жануарлар тізімін жазып, ақпарат көздерін пайдаланып кестені толтырады.
Ойлан. Жер бетінде басқа жануарларға қарағанда бунақденелілер көп. Неліктен? Жануарлардың сүтқоректілер, құстар, балықтар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, бунақденелілер болып бөлінетінін оқушылар естеріне түсіреді. Оларға мысалдар келтіреді. Бунақденелілер саны туралы қосымша мәліметтер: Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды. Құстар-8600 түрі бар. Ерекшелігі ұшады. Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың ерекшелігі жүзеді. Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың ерекшелігі бауырымен жорғалайды. Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың ерекшелігі құрлықта да, суда да тіршілік етеді. Жәндіктердің – 700 000 түрі бар. -Неліктен бунақденелілер саны көп? (олар ғаламшардың кез - келген түпкірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы) «Жетістік баспалдағы» арқылы сабаққа рефлексия жасау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?