Күн жүйесі ғаламшарларының макетін құрастыру. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Жер және Ғарыш. Жер. Ғарыш. Кеңістік пен уақыт.

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күн жүйесі ғаламшарларының макетін құрастыру

Оқу мақсаттары

2.4.2.2 Күн жүйесінің ғаламшарларына сипаттама беру 2.4.2.3 Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін сақтап макетін құрастыру

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларда күн жүйесіндегі ғаламшарлар мен оладың орналасу реті туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.Оқушылар модель бойынша ғаламшарларды орналастыруға үйренеді.

 Баалау критерийлері

Күн жүйесінің ғаламшарларына сипаттама бере алады; Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін сақтап макетін құрастыра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылардың ғарыш тақырыбында сөздік қоры молаяды. Ай, Жер, серік, Ай-Жердің табиғи серігі, ғаламшарлар, күн жүйесі сөздері мен сөз тіркестерін үш тілде айтып үйренеді.

 Құндылықтарды дарыту

Ғарыш туралы білуге, зерттеуге деген құлшыныстары артады.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ дүниетану пәнімен байланысты өтеді.

 АКТ

АКТ-дан видео материалдар көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Күн және көлеңке туралы білім алды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

) «Өз орныңды тап» ойыны

Мақсаты: Оқушылар күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орнын анықтай алатындығын тексеру.

Оқушыларға күн мен ғаламшарлардың атаулары жазылған қима қағаздар таратылады. Қима қағаздағы сөздерді оқып, өз орындарын тауып, тұру ұсынылады.

-Балалар, не байқауға болады?

-біз не құрастырдық?

-Қалай ойлайсыңдар, сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕН МАҚСАТЫН ХАБАРЛАУ

-Қалай ойлайсыңдар, қандай жетістіктерге қол жеткіземіз? Не үйреніп, не білеміз?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Сабақ ортасы

7 минут

23 минут

) Жазбаша викторина

Оқушыларға бағалау парақтарында Күн жүйесі ғаламшарларының сипаттамаларын олардың атауларымен сәйкестендіруді ұсыну.

Мақсаты:Күн жүйесіндегі ғаламшарлар жайлы білімдерін анықтау

  • Ең кішкентай ғаламшар? Меркурий
  • Ең үлкен ғаламшар? Есекқырған
  • Жерге ең жақын орналасқан ғаламшар? Шолпан
  • Жерден ең алыс орналасқан ғаламшар? Нептун
  • Ең ыстық ғаламшар? Шолпан
  • Ең суық ғаламшар? Уран
  • «тірі» ғаламшар? Жер
  • Ең жұмбақ ғаламшар? Нептун
  • Күннен санағанда 6-болып тұратын ғаламшар? Қоңырқай
  • Сақиналы ғаламшар? Қоңырқай

Әр дұрыс жауап үшін бір күннің суреті салынады.

Дескрипторлар бойынша бағаланады:

*8 – дұрыс жауап үшін күліп тұрған сары күн;

*6-7 дұрыс жауап үшін сары күн;

*6-дан кем дұрыс жауап үшін қызыл күн.

(Ө,Ж,Дефф.) «Бұл қай ғаламшар?» ойыны

Оқушылар арнайы парақтарда Күн жүйесіндегі кез келген ғаламшардың суретін салып, оны екі сөйлеммен сипаттап жазады. Бұдан соң оқушылар парақтарымен алмасып, ғаламшардың атауын табады. Бір-бірін тексеріп, бағалайды.

) «Күн жүйесі» модельдеу

Оқушылар ермексаз арқылы Күн жүйесінің моделін құрастырады.

Жұмысты орындап болған соң топтар бір-біріне өз макеттерін көрсетіп, жұмысын қорғайды. Топтар бір-бірін «2 жұлдыз 1 тілек» арқылы бағалайды.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушыларға толған Ай мен жарты Айдың суреті көрсетіледі.

Сабақты өте жақсы түсіндім деген оқушылар толған Айға отырады, ал сабақты жартылай түсіндім деген оқушылар жарты Айға отырады.

Ай суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:ғаламшарлардың суретін салып, сипаттайды;

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Суреттерді пайдалана отырып, оқушылардың ғаламшарлар туралы білімдерін бағалау.

Тәжірибелер жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу