Қозғалыс деген не? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Сабақ: Ғылымға кіріспе

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс деген не?

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5- бөлім. Табиғат физикасы: Күш және қозғалыс

Күш пен қозғалыс

Сабақтың мақсаттары

1.5.1.1 Түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру.

Тілдік мақсаттар

Қозғалу, итеру, тарту, жылдамдату, бәсеңдету/жайлату, бағытты өзгерту, тоқтату

Құндылықтарды дарыту

Өзарасыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика, музыка, бейнелеу өнері.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

Шаттық шеңбері

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.!

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Сыныпқа түрлі қозғалыс мысалдарын көрсету:

Адамның қозғалысы

Су мен бұлттардың қозғалысы

Жердің өз осі бойынша қозғалысы

Өсімдіктердің өсуіндегі жарыққа бағытталған қозғалысы (мысалы, күнбағыс)

Көліктердің жолдағы қозғалысы

Ұшақтардың қозғалысы

(Ұ) Оқушылармен бірге қозғалыс – деген бір дененің қалыбын өзге денелерге қарағанда, өзгерту болып табылатынын талқылау.

(ОТ,Т,Ж) Оқушыларға ойын ұсыну: екі оқушы сыныпта қатар келе жатады, оларға қарсы өзге екі оқушы келе жатады.

  • Қандай оқушылар бір-біріне қатысты қозғалып келе жатыр?
  • Қайсылары тыныштық қалыпта?
  • Қайсылары отырған оқушылардың көзқарастарына сай тез қозғалып келе жатыр?
  • Қайсылары қозғалып келе жатқандарға қатысты тез қозғалып келеді?

Бір жұпқа екінші жұпты қуып жетуді ұсыну. Олардың қозғалыс жылдамдықтары қалай өзгерді?

Дәптермен жұмыс

Заттар қалай қозғалады?

Домалайды, секіреді

Тайғанайды, серпіледі

Тайғанайды, ұшады

Секіреді, сырғанайды

Жүзеді, секіреді

Жүзеді, жүреді

Фотография, суреттер, видео материалдар

Секундомер

Сабақтың соңы

2 минут

Қорытындылау

Бүгін не білдік?

Кері байланыс.

Бүгін не білдім?

Мен үшін қызықты болғаны

Әлі де түсініксіз...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Заттардың қозғалысы туралы айтуда қиналатын оқушыларға көмекші сұрақтар беру.

Оқушылардың денелердің қозғалысын ажарата білулері бағаланады.

Сыныпта жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу