Аппақ бала - Ана тілі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ана тілі
Бекітемін:___________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Алимова А
Тақырыбы: Аппақ бала | Мектеп: Ж.Мырзағалиев | ||||||||
Күні: 18.05.16ж | Мұғалімнің аты-жөні: Саттарова Б | ||||||||
Сынып: 1 «б» | Қатысқаны: | Қатыспағаны: | |||||||
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар: | 1.1.1.1; Тыңдау және сөйлеу барысында сөз бен сөйлемді ажырату, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну 1.1.5.2; Диалогке қатыса отырып, өзгенің пікірін тыңдау және сыйлау, өз пікірін дұрыс жеткізу 1.2.1.1; Сөз/сөйлем сызбасын оқу; сызбаға сәйкес сөйлем құрастыру 1.3.10.1; Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу 1.3.12.1; Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу 1.3.12.2 Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу | ||||||||
Табыс критерийлері: |
| ||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім: | Хоккей, мәнерлеп сырғанау, коньки тебу туралы түсінік алып, спортшылар туралы білді. Сөйлемдегі заттың атын, қимылын білдіретін сөздерге тиісті сұрақ қоя отырып таба біледі. | ||||||||
Күтілетін нәтиже: | Тазалықтың денсаулық кепілі екенін ұғынады. Қорытынды жасай біледі. Заттың атын, қимылын білдіретін сөздерге тиісті сұрақ қояды. | ||||||||
Керекті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: | Оқулық, флипчарт, маркерлер, интербелсенді тақта. | ||||||||
Сабақтың барысы: | |||||||||
Уақыт | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | |||||||
Қызығушылықтарын ояту | |||||||||
Басы 0-3 мин | Интербелсенді тақтадан балаларға су, сүлгі, сабын, тіс пастасы, тіс щеткасының суреттері көрсетіліп, сұрақ қойылады. – Бұл суреттен қандай ой туындайды? Балалардың жауабы «тазалық» сөзіне алып келуі керек. Оқушыларға «5 минуттық эссе» әдісі арқылы «тазалық» сөзінің мағынасын қалай түсінетіндігін жазбаша жеткізуді сұрау. Тақырыппен таныстырылады. | (Ө, Ұ) Сұраққа жауап іздейді. Ойларын қағазға түсіреді. Топта оқып, үздігін жариялайды. | |||||||
Мағынаны тану | |||||||||
Ортасы 5-20 мин | (Қ) Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға мәтін мазмұнын «Аялдамамен оқу» әдісі мен «Болжау» әдісі бойынша таныстырады. Мұғалім мәтінді өзі оқыса да немесе оқушыларға оқытуына да болады. «Аялдамамен оқу» әдісі арқылы (бір сөйлемнен немесе 2-3 сөйлем, бір абзацтан кейін аялдап, тоқтап оқу) оқытудың (іштей, дауыстап, хормен оқу) түрлерін де көрсетуге болады. (Қ) «Жуан, жіңішке сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына талдау жасатады. (Жіңішке сұрақтарға жеңіл сұрақтар яғни мәтін көлеміндегі, ал жуан сұрақтарға күрделі сұрақтар жатады.) Оқулықтағы суретпен де жұмыс жүргізіледі. Сөздік жұмысы. Жуыну – ... | (Ұ) Тыңдалым мен айтылымды байла-ныстыра отырып жұмыс жасайды. Оқиға желісі бойынша қойылған сұрақтарға өз ойын білдіреді. Сұрақтарға өз ойын білдіреді. Таныс емес сөздердің мағынасын ашуға тырысады. Өзге топтардың жауабын тыңдап, толықтырады. | |||||||
Ойтолғаныс | |||||||||
20-25 мин | (Қ) Дәптермен жұмыс. 1-жаттығу: Қимылды білдіретін сөздерге сұрақ қой. Асан ойыннан асығып келді. Оның жүзі қызарыпты. | Қимылды білдіретін сөздерге сұрақ қояды | |||||||
25-35 мин | 2-жаттығу: Суреттергеқарап, оларға тиісті сөздерді тап. жасады тамақтанды жуынды | ||||||||
Бағалау 35-40 мин | барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын. түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын ештеңеге түсінген жоқпын | ||||||||
Соңы 40-45 мин Рефлексия | Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындағанболсаң, желкенді жасыл түске боя -Егер сабақта белгілібір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя -Егер саған сабақ барысында тапсырмалардыорындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса желкенді қызыл түске боя | ||||||||
Қосымша мәліметтер | |||||||||
Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі: Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді: Оқушылардың белсенділігі: Сабақтың мақсатына жету жолындағы қадамдардың маңызы: Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?