Сауат ашу 1 сынып 7 бөлім Тамақ және сусын Жемістер және көкөністер жазылым ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Сауат ашу 7 – бөлім «Тамақ және сусын» Тақырып: Жеміс және көкөністер жазылым | Назарбаев Зияткерлік мектебі Талдықорған қаласы | |||||||||||||
4 тоқсан
| Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И. | |||||||||||||
Сынып 1 | Қатысқан оқушылар | Қатыспағаны | ||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | Ж1 Ж3 Ж4 Ж5Ж6 Білетін дыбыстарды пайдалана отырып сөздер жазады. Бір нәрсе туралы жазуда сипаттау сөздерін қолданады. Жазуда дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі. Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады. Аудио-визуалды- құралдарынан алынған материалды сипаттап жазады. | |||||||||||||
Сабақ мақсаты |
| |||||||||||||
Алдыңғы сабақта | Әңгіменің мазмұнын ретімен айтып үйренді, сұрақтарға жауап берді. | |||||||||||||
Сөздік қоры | Әңгімені, оқиғаны ретімен баяндау үшін сұрақтарға жауап берді. Көкөністер мен жеміс - жидектердің атауларын ажыратып айтады. | |||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздер | ||||||||||||
Кіріспе бөлім 2 минут Негізгі бөлім 35 минут Қорытынды бөлім 3 минут | (Ұ)Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Сабақты төмендегі өлең жолдарын оқушылармен хормен бірге қосылып айтудан бастаймын. Жарық болсын күніміз. Жарқын болсын үніміз, Елін сүйіп ер жетер Біз болашақ гүліміз. Алдыңғы сабақтарда меңгерген жеміс – жидектер мен көкөністердің атауларын дұрыс ажыратып, бөлу мақсатында шеңберде екі себетке бөліп салуды ұйымдастыру. (МК,Ұ) Шеңбер құру. Оқушылар көздерін жұмып үлкен себеттен кез келген жемісті немесе көкөністі таңдайды. Таңдап алған жемісінің немесе көкөнісінің атауын (кейбір оқушылар үш тілді атаулары мүмкін) атап, ажыратып тиісті себетке салады. (шеңбердің ортасында екі себет қойылған) Екі себетке жемістерді бөліп салғаннан кейін оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында оқушылардың назарларын белсенді тақтада ашылған таныстырылымға аудару. Тапсырмалардың кейбірінде сыни тұрғыдан ойлауға, яғни жаңа идеялар табуға, сұрақтар қоюға жетелейтін тапсырмалар берілген. (Ұ,МК) Жұмбақтар шешу (2 – 7 слайд) Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқан оқушыға қол шапалақтап қошемет көрсету арқылы мадақтауды ұйымдастыру. Үлкендігі алмадай, Сырты жанған қызыл от, Ішін жарып қарасаң- Майда , майда қызыл шоқ . (Анар) Аспай піскен, Қайнамай түскен. (Жеміс)
Аласа ғана бойы бар, Қабат – қабат тоны бар. (орамжапырақ)
(МК) Бейнежазбамен жұмыс. Берілген сілтеме бойынша оқушылардың көкөністер мен жемістер туралы сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту (Ж) Әр жұпқа жемістердің суреттері беріледі. Тапсырма. Берілген жеміс туралы білгендерін бір – біріне айту. Жұптың біреуі айтқанды қайталамау керек. Жұппен жұмыс (9 – слайд) Төменде берілген рет бойынша айтады.
Кез келген 2–3 жұптың әңгімелеуін тыңдай отыра «Басбармақ» әдісі арқылы бағалауды тапсыру Жұппен жұмыстан кейін, деңгей бойынша топтық жұмыстар орындату (Т) Топпен жұмыс. (10 – слайд) Дифференциация Сынып бес топқа бөлінген. 1 – тапсырма. Барлық топқа кеспе әріптер беріледі. Сол әріптерден тақатаға шығып әрбір топ мүшелері төмендегі сөздерді құрастырады. Жылдам сөз құрастырған топты қол шапалақтау арқылы бағалауды ұсыну. 1 – топ. Бұрыш 2 – топ. Картоп 3 – топ. Қызанақ 4 – топ. Шалқан 5 – топ. Орамжапырақ 2 – тапсырма. 1 – топ. Көкөністер мен жемістердің суреттері араластырылып беріледі. Оқушылар берілген суреттер арқылы көкөністер мен жемістерді екі топқа бөледі және атауларын жазып берулері керек. 2 – топ. Көкөністердің суреттері беріледі. Оқушылар берілген көкөністердің аттарын жазып, берілген көкөніс атауының 1 – 2 – н қоса отырып бір сөйлем құрап жазулары тиіс. 3 – топ. Берілген жеміс суреттерінің аттарын жазып , сол аталған жемістерге байланысты сөйлем құрап жазулары тиіс. Фокус топ 4 – топ. Берілген жеміс немесе көкөністің атауын жазып және оның пайдасы туралы жазылым (шағын мәтін) жазады. 5 – топ. Берілген жеміс немесе көкөністің атауын жазып және оның пайдасы туралы жазылым (шағын мәтін) жазады. Жазылым. (ОТ) Тосын сый. Рольдік қойылым. «Көкөністер сыр шертеді»(музыка әуенімен ортаға әр топтан көкөністердің маскасын киген оқушылар шығады да, өздеріне берілген рөл бойынша өздерін таныстырады, сонымен қатар оларға жемістер мен көкөністер тобына бөлініп, бірлесе таныстыруды ұсынуға болады) ( 11 – слайд) (мәтін нұсқасы төменде берілген) Кері байланыс. «Бағдаршам» (12 – слайд)
|
Көкөністер мен жемістер муляждары, үш себет презентация
www.youtube.com/watch?v=yzT0efaO0OM Көкөністер мен жемістердің суреттері постер, түсті қарындаш фломастер, көкөністер мен жеміс – жидектердің қиылған шаблондары 4,5 топқа берілетін тапсырма үлгісі Оқушының аты – жөні ----------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Оқушының аты – жөні ----------------
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ | ||||||||||||
Қосымша ақпарат. | ||||||||||||||
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз? | Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі АКТ байланыстары Құндылықтар байланысы | ||||||||||||
Қабілетті оқушыларға 4 – 5 топта отырған оқушыларға суретте берілген көкөніс, жеміс түріне байланысты жазылым жазу тапсырылады. Топпен жұмыс барысында қол шапалақтау арқылы қолдау көрсетіледі | Жұппен әңгімелеуде түртіп алу, топпен жұмыс барысында берілген тапсырмалардың сауатты орындалуы арқылы, 4 – 5 топтағы оқушылардың жұмыстарын жетістік критерийлері арқылы , сонымен қатар «бағдаршам» кері байланысы арқылы тексеремін. | Дүниетану, ағылшыын тілі, орыс тілі пәндерімен байланысты көкөністер мен жеміс – жидектердің атауларын шеңберде үш тілде атау арқылы орнату. Көкөністердің денсаулыққа пайдасы туралы рольдік қойылым арқылы көрсету. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?