![]() |
|
![]() |
Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 5 – бөлім «Саяхат» Хат жазу. Тасымал САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 – бөлім «Саяхат» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||
Күні: 15.02.16 | Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т. | ||||||||||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Хат жазу. Тасымал | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Ж4 Өз ойынан мәтін жазу Ж 12 Пунктуациялық нормаларды сақтау Ж8 Мәтінді түзету және редакциялау | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады 1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады 1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді. | ||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Мұғалімнің көмегімен құттықтау хат жазады. | ||||||||||||||
Сөздік қор
| Қуаныш иесі, қала тұрғындары, оқушылар, қадірлі, құрметті, аса қадірлі, қымбатты, тез жету, аман болу, қызық сапар, денсаулық, шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден, тілек білдіруші. | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Конверт жасау барысында «Өнер» пәнімен байланыс жүзеге асады. | ||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Құттықтауға арналған кейбір сөздерді біледі. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы | (Ұ, МК) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, ұйымдастыру кезеңін өткізу. ОМ хабарлау. | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| (МК,Т) Құттықтау хат үлгілерінің бірнешеуін оқушыларға көрсету. Мұндай хаттарды қайдан көргендерін, не үшін қажет екенін сұрап, өз ойларын айтуға мүмкіндік беру. Өздігінен құттықтау хат құрастырып жазуға үйретуді құттықтау хат құрылымымен таныстырудан бастау.
Кестемен жұмыс жасау барысында лепті сөйлемге ерекше назар аударту. Бұл сөйлемнің ерекшелігін естеріне салу. Құттықтау хаттың бөліктерімен жұмыс істеп, бірнеше мысал келтіруді сұрау. Топтық жұмысты ұйымдастыру. Әр топты ауызша құттықтау дайындауды сұрау. 1-топ – анаға; 2-топ – бауырына; 3-топ – досына; 4-топ – көрші балаға. Оқушыларға тірек сөздер беріп, қолдау көрсету.
Оқушылардың айтылымдарын тыңдау. Сергіту сәтін өткізу: Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. Хат жазу дағдыларын сұрақ қою арқылы бекіту.
(Ө) Оқушылардың өздігінен хат жазуын сұрау. Қабілеті төмендеу оқушыларға қолдау көрсету. (Т,Ө) Оқушылар өз жазғандарын қасындағы көршісімен айырбастап, бірінікін бірі оқиды, топтың басқа мүшелерімен бөліседі. Бір бірінің қатесін, құрылымын тексереді. Соңында жұмысы өз қолына тиген соң соңғы түзетулер енгізеді. Оқушылар парақтың жиегіне түрлі-түсті қарындашпен белгі салып отырады. Жасыл – қателерді белгілеңізші, мен барлығын өзім түзетемін. Көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін. Оқушылардың белгілерін қарап шығып, қойған белгілеріне байланысты әрекет ету. Түзетулер жасалынғаннан кейін таза бетке көшіруді сұрау. Күрделі тапсырманы ойынға айналдырып қызықтыру мақсатында құттықтау хатты жазып болған соң, түрлі-түсті қағаз, желім таратып, конверт жасатып, ішіне өздері жазған хатты салып, сынып бұрышына хат салатын қорапқа салуды ұсыну. Жұмысты ерте аяқтаған оқушыларға конверт сыртына сурет салуды ұсыну. | Хат салатын қорап | |||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақтың соңында оқушылар тақырыпты қаншалықта меңгергенін бақылау мақсатында, келесі сұрақтарды ұсыну:
| ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Қиналатын оқушылардың қасына барып, сұрақтар қою, бағыт беру арқылы көмек көрсету. Жұмысты жылдам орындайтын қабілеті жоғары оқушыларға конверт сыртына сурет салуды ұсыну. | Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау. | Сергіту сәтін өткізу. |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022