Қылмыстық қудалау – қылмыстық іс жүргізу құқығының институты. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ тақырыбы:

Қылмыстық қудалау - қылмыстық іс жүргізу құқығының институты.

11 сынып

Оқу мақсаты

11.4.1.1 - қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру.

Сабақ мақсаты

қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын анықтау

Бағалау критерийлері:

  • қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттарын анықтайды.
  • жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерiнің ерекшеліктерін анықтайды.

Құндылықтарды дарыту

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

АКТ

Интернет ақпарат материалдарын және слайд-презентацияны Әділет kz сайтымен жұмыс жасау.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

12 минут

Сабақтың ортасы

12 минут

8 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Ой шақыру. «Миға шабуыл» әдісі. «Қылмыстық қудалау қалай басталады?» деген проблемалық сұрақ оқушыларға қойылады. Оқушылар өз пікірлерін жеткізеді және талқылайды. Кері байланыс жасаған кезінде мұғалім дұрыс жауабын түсіндіреді. Қылмыстық қудалау қылмысты тергеу жұмыстарынан басталатынды түсіндіреді.
  • Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен оқу, сабақ мақсатымен таныстыру. Мұғалім бағалау критерийлерді слайдта шығарып таныстырады. Оқушылар өздерінің де бағалау критерийлерін ұсына алады.
  • Сұрақ-жауап әдісі. Оқушылар ҚР Қылмыстық процестік кодекстегі 34 бап бойынша мәліметтермен танысып сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор: қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттарын анықтай алады.

1) Қандай мақсатымен қылмыстық қудалау жүргізіледі?

2) Қылмыстық қудалау органы қылмыстық процестегі өкiлеттiктерiн қалай жүзеге асырады?

3) Объективті қылмыстық қудалау қандай болу керек?

4) Мемлекеттік органдар, азаматтар қылмыстық қудалау органының заңға сәйкес қойған талаптарын қандай уақытта орындауға тиісті?

5) Күдіктіні ұстап алу, күзетпен ұстау туралы шешім қабылдау қажет болған жағдайда, қылмыстық қудалау органының талабы неше сағаттың ішінде орындалады?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп талқылайды.

Оқушылар өзіндік бағалау жүргізіп, бір-біріне кері байланыс береді. Мұғалім қосымша кері байланыс береді.

  • ЖИГСО стратегиясы арқылы топтық жұмыс ұйымдастырылады. Топтар ҚР Қылмыстық процестік кодексін пайдалана отырып жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерiнің ерекшеліктерін анықтайды.

Дескриптор: жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерiнің ерекшеліктерін анықтайды.

І топ- жекеше қудалау және айыптау iстерiнің ерекшеліктерін анықтайды (ҚР Қылмыстық процестік кодекс, 32,114,123,147 баптар)

ІІ топ – жекеше- жариялы қудалау және айыптау iстерiнің ерекшеліктерін анықтайды (ҚР Қылмыстық процестік кодекс 32, 110,115,120 баптар)

ІІІ топ- жариялы қудалау және айыптау iстерiнің ерекшеліктерін анықтайды (ҚР Қылмыстық процестік кодекс, 32, 152, 345, 349 баптар).

Оқушылар «ЖАДА» әдісі бойынша мәліметтермен алмасады. Кейін әр топтан бір спикерді таңдап, жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерiнің ерекшеліктері туралы жауаптарын тындау керек. Жауаптар арқылы талқылауды ұйымдастыру және кері байланыс беру.

Бағалау жүргізу. Оқушылар өзіндік бағалау жүргізіп, бір-біріне кері байланыс береді. Мұғалім қосымша кері байланыс береді.

Слайд-презентациясы

Конституция РК

Нормативті-құқықтық актілер

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

3 минут

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • - нені білдім, нені үйрендім
  • - нені толық түсінбедім
  • - немен жұмысты жалғастыру қажет

Бағалау. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.

Үй тапсырмасы. Қайталау.

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Үлгерімі жоғары оқушылар көбінесе дәлел мен фактілерді келтіреді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Оқушылалар жұпта/топта дескрипторларды пайдалана отырып, өзара бағалауды жүргізеді.

Мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тексеріп кері байланыс береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді