Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал 2.
Сақтандыру шарты – сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы олардың өзара міндеттемелерін реттейтін келісім. Бұл келісім бойынша бір тарап (сақтандырушы) шартта көзделген уақиға басталған кезде екінші тарап (сақтанушы) төлейтін шартта уағдаласылған ақшалай сома (сақтандыру жарнасы) үшін сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
Шарт тек жазбаша түрде ғана жасалады, жеке немесе ұжымдық сақтандыру шарты болуы мүмкін. Сақтандыру:
- Экономикада өте маңызды орын алады, ең маңыздысы ол адам өмірің неше түрлі жағдайдағы қауіпсіздігін қорғайды.
- Экономикалық қарым-қатынастың түрлі адаммен өндірістік процес арасында қалыптасады.
- Жеке тұлға мен заңды тұлғаның шеккен зияны мен шығынды қайта қалыптастыруға мүмкіндік береді, шеккен зиянды қайта қалпына келтіріу,сақтандыру қорындағы қаржы қаражаттарымен қайтарады.
- Қарапайым тілмен айтқанда сақтандыру – халықтың жеке және шаруашылықтық мүліктік мүдделерін табиғи апаттан немесе басқада белгісіз төтенше салдардан болатын шығындардан арнайы мақсатты қор құру арқылы сақтандыру. Оның негізгі қайнар көзі сақтандырушылардың сақтандыруға төлеген төлемі.
Сақтандырудың қызметтері:
Сақтандыру қызметінде қаржы және несиені байланысиратын жағы бар,экономикада бұл қызымет өзіне лайықты міндетін атқарады.жалпы қызыметте мыналарды атап айтуға болады
ақша қаражаттарындағы мамандандырылған сақтандыру қорларын қалыптастыру.
шеккен зияны мен шығыны бар азаматтарды жеке материялдық қамтамасыз ету.
Сақтандыру ұйымдарының топтастырлуы:
Сақтандыруды топтастыру өз алдына ғылыми жұйе құрады, бұл олардың атқаратын қызыметтер мен салаларна байланысты.
Ұйымдастырудың тұрлеріне байланысты сақтандырудың түрлері былай бөлінеді:
1. Мемлекеттік сақтандыру
2. Акционерлік сақтандыру
3. Өзара сақтандыру
4. Кооперативтік сақтандыру
5. Медициналық сақтандыру
Сақтандыру объектісі
Қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында оның өміріне және денсаулығына келтірген зияны үшін, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі болып, қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында оның өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша туындаған міндеттемелеріне байланысты жұмыс берушінің мүліктік мүддесі табылады.
Сақтандырудағы жалпы ережелер:
Жұмыс берушінің жұмысшылар алдындағы жауапкершілігін сақтандыруға байланысты :
Қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында оның өміріне және денсаулығына келтірілген зияны үшін, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру аумағы болып Қазақстан Республикасының барлық аумағы саналады.
Қамту мерзімі – қызметтік міндеттерін орындау мерзімі, қызметтік іссапарда болу мерзімі; Сақтанушының көлігінде жұмысқа бару және жұмыстан қайту жолында екі сағаттық аралығында; техникалық үзіліс және тамақтану үзілісі; жұмыс уақтысында қоғамдық көлікте немесе жаяу жүру бағытында, егер еңбектік міндеттерін атқару жол жүрумен байланысты болса; жұмыс уақтысында қызметтік немесе жеке көлікте, егер оны қызмет мақсатымен басқаруға әкімшіліктің өкімі болса
Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Сақтандырушы міндетті:
Сақтанушыны жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының ережелерімен таныстыруға, және жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын оның құқтары мен міндеттерін түсіндіруге;
сақтандыру жағдайы басталғанда, осы сақтандыру Шартына және жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру Ережесіне сәйкес, сақтандыру төлемін атқаруға;
өз қызметі нәтижесінде Cақтанушы және Пайда алушы туралы алған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге;
Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Сақтанушының сақтандыру жағдайының залалдарын азайту бойынша шеккен шығындарын өтеуге;
осы сақтандыру Шартына сәйкес, аннуитеттік сақтандыру ұйымына ақша аударуды жүзеге асыруға;
осы Шартпен және ҚР заңнамасымен қамтылған өзге де іс -әрекеттер жасауға.
сақтандыру төлемін атқарудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, Пайда алушыға уәжді себептері көрсетілген жазбаша ұйғарымын жолдауға;
Қазақстандағы сақтандыру түрлері: Міндетті, Ерікті
Міндетті-заңмен бекітілген және оның талабын орындауға барлық адам міндетті,яғни адамдардың белгілі әрекетпен айналыспауға қойылатын заң жүзіндегі талап.
Ерікті –адамдардың жеке өмірі және шаруашылық жағдайындағы мүліктік мүдделерін әр түрлі жағдайлардан қорғауға деген қажеттіліктен туындайды.
Ерікті сақтандыру: Мүліктік және жеке деп екіге бөлінеді.
Жеке сақтандыру – азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабылеттігін және жеке басына байланысты өзге де әр түрлі жағдайлардан қорғауға деген қажеттіліктен туады.
Жазатайым оқиғалардан, Ауырудан, Өмірде белгілі оқиғалардың басталуына байланысты, Өмірді сақтандыру
Көп елдерде ерікті сақтандыру сыйақысы сақтандыру компаниясының сыйақысының 50-80% ұстаса,қазақстанда небәрі 2% ғана. Ол жан басына шаққанда 4$ құраса, дамыған елдерде айталық АҚШ-та-1661$, Жапонияда-2528$. Ұлыбританияда-2725$, Швецарияда-3291$.
Мүліктік сақтандыру: Мүлікті сақтандыру және жауапкершілікі сақтандыру.
Мүліті сақтандыру – заңды және жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерін, көліктерін, малын, үй мүліктерін, ауылшаруашылық өнімдерін, қондырғыларын, шикізат және т.б. сақтандыруда туындайтын қатынас.
Жауапкершілікті сақтандыру – бұл көлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру,жүмыс беріушінің жүмысшылар алдындағы жауапкершіліктерін сақтандыру, кәсіпорындардың 3-түлғаға тигізетін залалдарын сақтандыру және т.бзаңды және жеке түлғалардың заң жүзінде туындайтын азаматтық құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыруға байанысты қатыныс.
Сақтандыру компаниялары:
Қазіргі кезде Қазақстанда жеке сақтандырудың бір бөлігі -өмірді сақтандыру. Қазақстанда сақтандыру саласын дамытудың басым бағыттарының бірі, бұл салада қызмет ететін 4 компания бар.
Мемлекеттік меншіктегі «аниуитеттік компания» және жеке меншік:
«БТА өмірді сақтандыру»АҚ
«Валют транзит-life»АҚ
«Халық life»АҚ
«Номад Иншуранс» АҚ
Терминдер:
Сақтандыру сомасы – Сақтандырушының Шарт бойынша өз міндеттерін атқарған көлеміндегі Шартпен белгіленген ақшалай сомасы. Сақтандыру сомасы Сақтандырушының жауапкершілік шегі болып табылады. Кез келген жағдайда, сақтандыру төлем мөлшерінің шегі (жауапкершілік шегі) әрбір сақтандыру жағдайы бойынша Шартпен белгіленген сақтандыру сомасынан аспайды.
Сақтандыру (сақтандыруды қорғау) – Сақтандырушының міндеттемесі, тиісті тұлғаға сақтандыруды қорғау кезінде болған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін, Шарт тәртіптеріне сәйкес жүзеге асыру.
Сақтандыруды қорғау мерзімі – сақтандыру жағдайы туындаған кезде, Сақтандырушының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру міндеттемелері пайда болған мерзімі.
Суброгация-subrogation — келтірілген залалға жауапты тұлғаға Сақтанушының талап қою құқының сақтандыру төлемін атқарған Сақтандырушыға ауысуы. Шағымдану құқына, талаптануға және одан басқаға қатысты жағдайларда бір тұлғаны басқамен ауыстыру.
Зиянды өндірістік фактор — өндірістік фактор, оның қызметкерге тигізген әсері ауруға немесе еңбекке жарамдығын төмендетуге апаруы мүмкін;
Сақтанушы – Сақтандырушымен сақтандыру Шартына отырған тұлға;
Сақтандырушы — сақтандыруды жүзеге асыратын тұлға, атап айтқанда, сақтандыру жағдайы туындаған кезде, Шартта белгіленген тәртіп бойынша сақтандыру төлемдерін атқаруға міндетті;
Пайда алушы – сақтандыру төлемдерін алушы тұлға; Шарт ережелеріне сәйкес, сақтандыру төлемдерін алушы болып Сақтанушы табылады.
Сақтандыру сыйақысы — Сақтанушының Сақтандырушыға, сақтандыру жағдайы туындаған кезде, соңғының Шарт тәртібіне сәйкес сақтандыру төлемдерін атқару міндеттемелерін өзіне алғандығы үшін, төлеуге міндеттелген Шартта көрсетілген сомасы;
Сақтандыру жағдайы – Шартта көзделген төлемдерді атқаруға себеп туғызушы оқиға.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім)
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Кодексі (үзінділер)
40-тарау. Сақтандыру
803-бап. Сақтандыру шарты
1. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және жағдайларда өзге де төлемдерді жүзеге асыру жағдайлары көзделуі мүмкін.
2. Сақтандырусақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
804-бап. Осы Кодекспен реттелетiн сақтандыру қатынастары
Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесi кезiнде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары осы Кодекспен реттеледi.
808-бап. Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердiң бұзылу зардабы
1. Заң актілеріне сәйкес пайдасына мiндеттi сақтандыру жүзеге асырылуы тиiс болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгiлi болса, осы мiндет жүктелген тұлғадан оны сот тәртібімен талап етуге құқылы.
2. Егер сақтандыру мiндетi жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе сақтандыру шартын заң актілерінде көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезiнде сақтандыру төлемi қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса, сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады.
3. Заң актілерімен сақтанушы болу мiндетi жүктелген тұлға осы Кодекстiң 806 бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi, алайда одан жалтаратын сақтандырушыны заң актілерінде көзделген талаптарда сақтандыру шартын жасауға мәжбүр етудi сот тәртібімен талап етуге құқылы.
4. Сақтанушы ретiнде оны жүзеге асыруға мiндеттi тұлғалардың, сондай-ақ сақтандырушы ретiнде iс-қимыл жасауға мiндеттi сақтандыру ұйымының сақтандырудан жалтаруы заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
831-бап. Сақтанушының мiндеттерi
1. Сақтанушы:
1) сақтандыру шарты белгiлеген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;
2) сақтандырутәуекелiнiң жай-күйі туралы сақтандырушыны хабардар етуге;
3) сақтандырушыға сақтандыружағдайының басталғандығы туралы хабарлауға;
4) сақтандыру жағдайынан туатын залалдарды азайту үшiн шаралар қолдануға (осы Кодекстiң 829-бабының1-тармағы);
5) сақтандыру жағдайының басталғандығы үшiн жауапты адамнан талап ету құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi (осы Кодекстiң 840-бабы).
2. Сақтандырушартында сақтанушының басқа да мiндеттерi көзделуі мүмкін.
832-бап. Шарт жасасукезiнде сақтанушы беретiн мәлiметтер
1. Шарт жасасу кезінде сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан (сақтандыру тәуекелінен) туындауы мүмкін залалдардың мөлшерiн айқындау үшiн елеулi мәнi бар сақтанушының өзiне белгiлi жағдайларды, егер бұл жағдайлар сақтандырушыға белгiсiз болса және белгiсiз болуға тиiстi болса, хабарлауға мiндеттi.
Қалай болғанда да сақтандырушы әзірлеген сақтандыру ережелерiнде немесе шарт жасасу кезеңiнде сақтанушыға жiберiлген сақтандырушының жазбаша сауалына нақты айтылған мән-жайлар елеулi деп танылады.
2. Егер сақтандыру шарты сақтандырушының қандай да бiр сұрақтарына сақтанушының берген жауаптарынсыз жасалған болса, соңғысы сақтанушының тиісті жағдайларда хабарламағандығын негiзге ала отырып, кейiннен шарттың бұзылуын немесе оны жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.
3. Егер шарт жасалып болған соң сақтанушының сақтандырушыға осы баптың 1- тармағында көрсетiлген жағдайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер бергендiгi анықталған болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды және осы Кодекстiң 844бабының 1-тармағының 2 және 3 бөлiктерiнде көзделген салдарды қолдануды талап етуге құқылы.
Егер сақтанушы жасырып қалған мән-жай жоққа шығып қалған болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.
833-бап. Сақтандырутәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау
1. Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы сақтандырылатын мүлiктi қарап тексеруге және бағалауға, ал қажет болған кезде оның шынайы құнын анықтау мақсатында сараптама тағайындауға құқылы. Сақтандырылатын мүлiкке және келтiрілген зиянға сақтандырушы жүзеге асыратын бағалау сақтандырудың құрамдас бөлiгi болып табылады және қосымша лицензиялауды талап етпейдi.
2. Жеке сақтандыру шартын жасау кезiнде сақтандырушы оның нақты денсаулық жағдайына баға беруүшiн сақтандырылатын адамға тексеружүргiзуге құқылы.
3. Сақтандырушының сақтандыру тәуекелiне осы баптың негiзiнде берген бағасы өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы үшiн мiндеттi емес.
4. Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн сақтанушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша сақтандырушы айқындайды. Қажет болған жағдайда келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) жүргiзедi. Келтiрiлген зиянды бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тараптар өзгеше дәлелдеуге құқылы.
5. Сақтандырудың міндетті түрлері кезінде сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.
834-бап. Шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандырутәуекелiнiң ұлғаю салдары
1. Мүлiктiк сақтандыру шартының қолданылуы кезеңiнде сақтанушы (сақтандырылған адам) шарт жасаукезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзiне белгiлі болған елеулi өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелiн арттыруға елеулі ықпал жасайтындай болса, сақтандырушыға дереу хабарлауға мiндеттi.
Қалай болғанда да сақтандырушартында айтылған өзгерістер елеулi деп танылады.
2. Сақтандыру тәуекелiн арттыруға әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабардар етілген сақтандырушы, шарттың талаптарын өзгертудi немесе тәуекелдiң артуымен мөлшерлес қосымша сақтандырусыйлықақысын төлеудi талап етуге құқылы.
Егер сақтанушы немесе сақтандырылған адам сақтандыру шартының талаптарын өзгертуге және сақтандырудың қосымша сыйлықақысын төлеуге қарсылық білдірсе, сақтандырушы осы Кодекстің 24-тарауында көзделген ережелерге сәйкес шартты бұзуды талап етуге құқылы.
3. Сақтанушы немесе сақтандырылған адам осы баптың тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайда сақтандырушы шартты бұзуды және шартты бұзудан болған залалдардыңорнын толтыруды талап етуге құқылы.
4. Егер сақтандыру тәуекелiн арттыруға әкеп соғатын мән-жайлар жоққа шығып қалған болса, сақтандырушының шартты бұзуды талап етуге құқығы жоқ.
5. Жеке сақтандыру кезiнде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандырутәуекелiн өзгертудiң салдары, егер олар шартта тiкелей көзделген болса, басталуы мүмкiн.
835-бап. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыны хабардар ету
1. Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне мәлiм болған соң оның басталғандығы жөнiнде сақтандырушыға немесе оның өкiлiне дереу хабарлауға мiндеттi. Егер шартта немесе Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiнде хабардар ету мерзiмi және (немесе) тәсiлi көзделсе, ол келісілген мерзiмде және шартта немесе Қазақстан Республикасының заң актiсiнде көрсетiлген тәсiлмен жасалуға тиiс.
Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, мұндай мiндет сақтандырылған адамға жүктеледi.
Егер жеке сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру жағдайы болып табылса, сақтандыру жағдайы туралы сақтандырушыға хабарлау мiндетi сақтанушыға, ал егер оның өзi бiр мезгiлде сақтандырылған адам болса - пайда алушыға жүктеледi. Бұл ретте сақтандырушыға хабарлаудың шартта белгiленген мерзiмi отыз күннен кем болмауы тиiс.
2. Пайда алушының барлық жағдайларда, мұны сақтанушының немесе сақтандырылған адамның жасаған-жасамағанына қарамастан, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға құқығы бар.
3. Егер сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушының дер кезiнде бiлгендiгi дәлелденбесе не бұл жөніндегі мәлiметтердiң сақтандырушыда болмауы оның сақтандыру төлемi мiндеттерiне ықпал етпейтiн болса, сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабар бермеу оған сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуқұқығын бередi.
839-бап. Сақтандырушыны сақтандырутөлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
1. Сақтандырушы, егер сақтандыружағдайы:
1) сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының, қажетті қорғану және аса қажетті жағдайда жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, сақтандыру жағдайын тудыруға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана жасалған ісәрекетінің;
2) заң актілерінде белгiленген тәртiппен сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының қасақана жасалған қылмыстар немесе сақтандыру жағдайына себептi байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iсәрекетiнiң салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
Егер сақтандыру жағдайы жауаптылықта сақтандыру объектiсi болып табылатын тұлғаның кiнәсiнен болса, онда сақтандырушы азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандырушарты бойынша сақтандырутөлемiн жүзеге асырудан босатылмайды .
Сақтандырушы сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер өлiм өзiн-өзi өлтiрудiң салдарынан болса және осы уақытқа дейiн сақтандыру шарты кемiнде екi жыл қолданылып келсе, жеке сақтандыру шарты бойынша төленуге тиiс сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылмайды.
2. Өз еркiмен сақтандыру шартында және мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмегендiктен, егер сақтандыружағдайы:
1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк зақымданудың әсерi;
2) әскери қимылдардың;
3) азамат соғысының, алуан түрлі халық толқуларының, жаппай тәртiп бұзушылықтардың немесе ереуiлдердiң салдарынан басталған болса, сақтандырушы сақтандырутөлемiн жүзеге асырудан босатылады.
3. Мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмегендiктен, сақтандырушы алып қою, тәркілеу, реквизициялау, тұтқындау немесе мемлекеттік органдардың өкімімен сақтандырылған мүліктерді жою салдарынан болған залалдар үшін сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
4. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн мыналарда:
1) сақтанушының сақтандырушыға, сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлауы;
2) сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбауы (осы Кодекстiң 829-бабы);
3) сақтанушының залалдар келтiруге кiнәлi тұлғадан мүлiктiк сақтандыру бойынша залалдарға тиiстi өтем алуы;
4) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайын тексеруде және одан келген залалдардың мөлшерiн белгiлеуде сақтандырушыға кедергi жасауы;
5) сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабарламау (осы Кодекстiң 835-бабы);
6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталғандығы үшін жауапты адамға талап қою құқықтарынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға талап ету құқығын өткізу үшiн қажеттi құжаттарды беруден бас тартуы (осы Кодекстiң 840-бабы). Егер сақтандыру өтемi ендiгi төленiп қойған болса, сақтандырушы оның толық немесе iшiнара қайтарылуын талап етуге құқылы;
7) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайлар негiз болуы мүмкiн.
5. Сақтандырушыны сақтанушының алдындағы сақтандыру жауаптылығынан оның осы бапта көзделген заңсыз iс-қимылдарының себептерi бойынша босату, сақтандырушыны сонымен бiр мезгiлде сақтандырылған адамға немесе пайда алушыға сақтандырутөлемiн жүзеге асырудан да босатады.
6. Сақтандыру шартының талаптары бойынша, егер бұл заң актілеріне қайшы келмейтiн болса, сақтандырутөлемінен бас тартудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.
7. Сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және ол бас тартудың дәлелдi негiздерiмен жазбаша нысанда сақтанушыға хабарланады.
8. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргізуден бас тартуына сақтанушы сотқа шағымдануы мүмкін.
840-бап. Сақтанушының залалдарды өтеу құқықтарының сақтандырушыға ауысуы (суброгация)
1. Егер мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандырутөлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға, сол төленген соманың шегiнде, сақтандыру нәтижесiнде өтелген залалдар үшiн жауапты адамға қоятын сақтанушының (сақтандырылған адамның) талап қою құқықтары ауысады. Алайда қасақана залал келтiрген адамға қойылған талап қою құқықтарының сақтандырушыға ауысуын жоққа шығаратын шарт талабы жарамсыз болады.
2. Сақтандырушыға ауысқан талап қою құқығы сақтанушы (сақтандырылған адам) мен залалдар үшiн жауапты адамның арасындағы қатынасты реттейтiн ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
3. Сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандыру төлемiн алған кезде сақтандырушыға барлық құжаттар мен айғақтарды беруге және оған талап қою құқықтарын жүзеге асыруүшiн қажеттi барлық мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi.
4. Егер сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандырушы төлеген шығындар үшiн жауап беретiн адамға талап қою құқықтарынан бас тартса немесе сақтанушының (сақтандырылған адамның) кiнәсiнен бұл құқықты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн толық немесе тиiсiнше оның бiр бөлiгiн жүзеге асырудан босатылады және артық төлеген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?