Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты. Құқық негіздері, 11 сынып, дидиактикалық материал.


 Жалға беру (лат. Arrendare жалға беру) — мүлік (жер, т.б.) иесінің өз мүлкін басқа кісіге өзара келісім бойынша, ақыға уақытша пайдалануға беруі.

 Жалгерлік — шаруашылықты жүргізудің бір формасы. Мұнда жалға беруші мен жалгер арасындағы шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын, кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ, дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі бір мерзімге тиісті ақысын төлетіп иеленуге және пайдалануға береді.

 Жалға беру шаруашылықтың барлық салаларында кеңінен тараған және меншіктің барлық түрлерінде қолданылады.

 Жалға берушілер ретіндеменшік иелері атынан мүлікті Жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мүмкін.

 Жалгер бола алатындар — заңды құқықты мекемелер мен кәсіпорындар, жеке тұлғалар, бірлескен кәсіпорындар, басқа мемлекеттер мен халықар, ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен бірлестіктер, сондай-ақ, басқа мемлекеттер мен халықар ұйымдардың өздері жалгер бола алады.

 Жалгерлер еріктілік негізінде ассоциациялар, одақтар, консорциумдар, концерндер, т.б. бірлестіктер құрады, олардың қызметін қаржыландырады және қабылданған жарғыға сәйкес олардың құрамынан еркін шыға алады. Қазақстан Республикасында жалға беру арнайы заңдармен реттеледі.

 

 Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім)

 Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Кодексі (үзінділер)

 29-тарау. Мүліктік жалдау (жалға алу)

 Параграф 5. Көлiк құралдарын жалдау

 585-бап. Көлiк құралын экипажымен жалдау шарты

 1. Көлiк құралын (уақытша кеме жалдау) басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуiмен жалдау шарты (көлiк құралын экипажымен жалдау шарты) бойынша жалға берушi жалға алушыға ақы төлетiп көлiк құралын уақытша иелену мен пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуге мiндеттi.

 2. Осы тараудың жалға алушының жалдау шартын жаңа мерзімге жасасуға артықшылықты құқығы туралы және жалдау шартын белгісіз мерзімге қайта жаңарту туралы қағидалары (осы Кодекстiң 557 және 558-баптары) көлiк құралдарын экипажымен жалдау шартына қолданылмайды.

 586-бап. Көлiк құралын экипажымен жалдау нысаны. Көлік құралын экипажымен жалдау шарты оның мерзіміне қарамастан жазбаша түрде жасалуға тиiс.

 587-бап. Жалға берушiнiң көлiк құралын ұстау мiндетi

 Жалға берушi шарт қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде жалға берiлген көлiк құралын, ағымдағы және күрделi жөндеудi жүзеге асыру мен қажеттi керек-жарақтарын берудi қоса алғанда, тиiстi жағдайда ұстауға мiндеттi.

 588-бап. Жалға берушiнiң көлiк құралын басқару мен техникалық пайдалану жөнiндегi мiндеттерi

 1. Жалға алушыға жалға берушi берген көлiк құралын басқару мен техникалық пайдалану бойынша көрсететiн қызметiнiң көлемi шартта аталған жалдау мақсатына сәйкес оның қалыпты және қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс. Көлік құралын экипажымен жалдау шартында жалға алушыға көрсетiлетiн қызметтiң неғұрлым кең ауқымы көзделуі мүмкiн.

 2. Көлiк құралы экипажының құрамы және оның бiлiктiлiгi тараптар үшiн мiндеттi ережелер мен шарттың жағдайларына, ал егер тараптар үшiн мiндеттi ережелермен мұндай талаптар белгiленбесе, көлiк құралының осы түрiн пайдаланудың әдеттегi практикасы талаптарына және шарттың жағдайларына сай келуге тиiс.

 3. Экипаж мүшелерi жалға берушiмен еңбек қатынастарын сақтап қалады. Олар жалға берушiнiң басқару мен техникалық пайдалануға қатысты өкiмдерiне және жалға алушының көлiк құралын коммерциялық пайдалануға қатысты өкiмдерiне бағынады.

 4. Егер жалдау шартында өзгеше көзделмесе, экипаж мүшелерiнiң көрсеткен қызметiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарды, сондай-ақ оларды ұстау жөнiндегi шығындарды жалға берушi көтередi.

 589-бап. Жалға берушiнiң көлiк құралын коммерциялық пайдалануға байланысты шығындарды төлеу жөнiндегi мiндетi

 Егер көлiк құралын экипажымен жалға беру шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы жанармайға және пайдалану процесiнде жұмсалатын басқа да материалдарға ақы төлеу жөнiндегi, алымдарды төлеу жөнiндегi шығындарды және көлiк құралын коммерциялық пайдалануға байланысты туындаған басқа да шығындарды көтередi.

 590-бап. Көлiк құралын сақтандыру

 Егер көлiк құралын экипажымен жалдау шартында өзгеше көзделмесе, көлiк құралын сақтандыру және (немесе) ол келтiруi мүмкiн немесе оны пайдалануға байланысты келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктi сақтандыру мiндетi мұндай сақтандыру мiндеттi болып табылатын жағдайда жалға берушiге жүктеледi.

 591-бап. Көлiк құралын пайдалану туралы үшiншi тұлғалармен шарт жасасу

 Жалға алушы жалға алынған көлiк құралын коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру шеңберiнде жалға берушiнiң келiсiмiнсiз өз атынан үшiншi тұлғалармен, егер олар жалдау шартында көрсетiлген көлiк құралдарын пайдалану мақсаттарына, ал егер мұндай мақсаттар белгiленбесе, - көлiк құралының мақсатына қайшы келмесе, тасымалдау шарты мен өзге де шарттар жасасуға құқылы.

 592-бап. Көлiк құралына келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк

 Жалға алынған көлiк құралы жойылған немесе бүлiнген жағдайда, егер жалға берушi көлiк құралының жойылуы немесе бүлiнуi жалға алушы заң актiлерiне немесе шартқа сәйкес жауап беретiн мән-жайлар бойынша болғанын дәлелдесе, жалға алушы жалға берушiге келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi.

 593-бап. Көлiк құралы келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк

 Үшiншi тұлғаға жалға алынған көлiк құралы, оның тетiктерi, құрылғылары, жабдықтары және т.б. келтiрген зиян үшiн осы Кодекстiң 931-бабының ережелерiне сәйкес жалға алушы жауапты болады.

 594-бап. Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн жалдаудың ерекшелiктерi

 Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн оны басқару және техникалық пайдалану жөніндегі қызмет көрсетуімен жалдаудың осы параграфта көзделгендерден басқа ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгіленуі мүмкiн.

 594-1-бап. Көлік құралын экипажсыз жалдау шарты

 1. Көлік құралын экипажсыз жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға көлік құралын басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызметтерді көрсетпестен, оны уақытша иеленуге және пайдалануға ақы төлетіп береді.

 2. Жалдау шартын белгісіз мерзімге қайта жаңарту және жалға алушының жалдау шартын жаңа мерзімге жасасуға (Азаматтық кодекстің 557 және 558-баптары) артықшылықты құқығы туралы қағида көлік құралын экипажсыз жалдау шартына қолданылмайды.

 594-2-бап. Көлік құралын экипажсыз жалдау шартының нысаны

 Көлік құралын экипажсыз жалдау шарты оның мерзіміне қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиіс.

 594-3-бап. Жалға алушының көлік құралын күтіп ұстау жөніндегі міндеті

 Егер көлік құралын экипажсыз жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы көлік құралын экипажсыз жалдау шартының бүкіл мерзімі ішінде ағымдағы және күрделі жөндеуді жүзеге асыруды қоса алғанда, жалға алынған көлік құралын тиісті жағдайда ұстауға міндетті.

 594-4-бап. Жалға алушының көлік құралын күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеу жөніндегі міндеті

 Егер көлік құралын экипажсыз жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы жалға алынған көлік құралын күтіп ұстауға, өз жауапкершілігін сақтандыруды қоса алғанда, оны сақтандыруға жұмсалатын шығыстарды, сондай-ақ оны пайдалануға байланысты туындайтын шығыстарды көтереді.

 594-5-бап. Үшінші тұлғалармен жасалатын көлік құралын пайдалану туралы шарттар

 Егер көлік құралын экипажсыз жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы көлік құралын экипажбен немесе экипажсыз жалдау шартының талаптарымен жалға алынған көлік құралын жалға берушінің келісімінсіз қосалқы жалға беруге құқылы.

 594-6-бап. Көлік құралымен келтірілген зиян үшін жауаптылық

 Үшінші тұлғаларға көлік құралымен, оның тетіктерімен, құрылғыларымен, жабдықтарымен келтірген зиян үшін осы Кодекстің 931-бабының қағидаларына сәйкес жалға алушы жауаптылықта болады.

 594-7-бап. Көлік құралдарының жекелеген түрлерін жалдау ерекшеліктері

 Көлік құралдарының жекелеген түрлерін оларды басқару және техникалық пайдалану бойынша қызметтерді көрсетпестен жалдау ерекшеліктері өзге де заңнамалық актілерде белгіленуі мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?