Жануарлар әлемі. Қазақ тілі, 5 сынып, қалыптастырушы бағалау. 1 сабақ


Қалыптастырушы бағалау жұмысы

Тапсырма. Суреттерде берілген жануарлар мен аңдар, құстар туралы зерттеу кестесін толтырыңыздар. Берілген тірек сөздерді пайдаланыңыздар: үй жануарлары, түз тағысы, жыртқыш, төл атаулары - абылай, алан, бөлтірік, марғау, көгілдір, баршын, құралай, еңлік.

Бағалау критерийі

Сөйлемдер құруда зат есімдерді түрлендіре қолданады.

Зерттеу кестесі

1-топ

Жануарлар мен құстар

Қай жерді мекен етеді?

Қалай қоректенеді

Төлдері қалай аталады?

Аю

мысық

Тыңдалым тапсырмасы

«Жануарлар мен аңдардың төл атаулары» видеомәтінін тыңдай отырып, зерттеу кестесіне өзгеріс енгізіңіздер. Жұмыс барысында екі түсті қалам қолданыңыздар.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Құстардың біріне төлқұжат дайындаңыздар. Таңдаған аң мен жануарға немесе құсқа ат қойып, шағын сипаттама беріңіздер.

Үлгі:

Аты: Қасқыр

Бала кездегі аты: Бөлтірік.

Әкесі: Арлан.

Анасы: Құртқа

Сипаттамасы:

Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды. Бөлтірікті анасы мен атасы кішкене кезінен өз тамағын тауып жеуге баулиды. Түрі көкшулан, көзі сұр түсті болады.

Грамматикалық тапсырма

1. Тыңдалымнан кейінгі тапсырмаға сүйеніп, тірек кестелердің көмегімен зат есімнің мағыналық түрлері және олардың жалғаулар арқылы түрленуіне түсінік беріңіздер.

2. Тыңдалған мәтіннен заттардың атауы болатын зат есім сөздерді табыңыздар.

3. Заттарды жаппай атаудан бөліп, жеке атаулармен атаңыздар.

4. Әр төлге бір есім беріп, осыдан жалқы есім туралы ереже қорытып шығарыңыздар.

Жазылым тапсырмасы (жеке жұмыс)

Жануарлардың төлдеріне ат беріп, «Менің құралайым» немесе «Бөлтірік пен Аланның достығы» деген тақырыпта шағын мәтін құрастырып жазыңыз.

Бағалау критерийлері

1. Тәуелдік, септік жалғауларын дұрыс қолданады;

2. Жалпы және жалқы есімдерді ажыратады;

3. Сөйлемдер құруда зат есімдерді түрлендіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды
Пікір жазу