С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қосымша материал.


СҰЛТАНӘЛІ БАЛҒАБАЕВ ДРАМАТУРГИЯСЫНДАҒЫ ЗАМ АН ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ Драматургия - (rpeK.dramaturgia) қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезендегі драмалық шығармаларының жиынтығы. Драматургиялық шығармалардың алғашқы үлгілері Ежелгі Грекияда діни дәстүрлерден (Дионис құдайға табынудан) басталған. Олардың сюжетінің негізін құдайлар мен мифтік кейіпкерлер құрады. Қазақ сөз өнерінде драма XX ғасырдың басында қалыптасты [1,167 6]. Қазіргі қазақ драматургиясы - қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуыиың заңды жалғасы. Драматургия - көркем әдеби тек (драма, трагедия, комедия) жанрларының өнернамалық жүйесі. Қазақ сөз өиеріидегі дәстүрлі иегізі әдебиет шығармалары мен фольклор мүраларында (би-шешендер сайысы, ақындар айтысы, жаржар, беташар, алтыбақан, т.б.) негізі қалаиғаи үлттық сөз өнерінің бүл саласы қазақтың рухаии мәдениетінің әлем өркениетіидегі көриекті ориыи да танытты. Драматургия шығармалары қаламгерлердің тарихи кезендердегі халық тағдырыи көркем шындық поэтикасы заидылықтары аясыида бейиелеуімеи ерекшеленеді. Драматургия туыидылары (иьесалар, сиектакльдер, либреттолар) арқылы әдеби тек саласы драма жанрларының (драма, трагедия, комедия) теориялық ерекшеліктері с ар алан а айқыидалады. Драматургия үғымының аясыида театр сахиаларыидағы туыидылар мен деректі, ғылымифантастикалық, көркем фильмдердің де қойылымдық-режиссуралық көркемдік шешім ерекшеліктері айқындалады. Драматургиядағы шығармалар - әдебиет оқырмандары мен театр, кино көрермендеріне арналған көрнек өнерінің (көркемөнер) рухани қүндылықтары. Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мүхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мүқанов, Ғабит Мүсірепов, Жүмат Шанин пьесалары үлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды және т.б. кейінгі толқын драматург-қаламгерлер шығармашылығы арқылы жалғасты деп әдебиетші ғалым Т. Тебегенов қазақ драматургиясының даму тарихы туралы мақаласында айтып өткен [2, 9 6]. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы - экономикасы дамыған, саяси-әлеуметтік жаңарулар қызу жүріи жатқан, абырой-беделін бүкіл әлем мойындаған шынайы тәуелсіз мемлекет. Бүл - бәріміз үшін де мақтаныш. Бірақ кез келген елдің абырой-беделі мәденирухани саладағы дамуымен де өлшенетінін ешқашан үмытпаған абзал. Ал мәдени-рухани салада театр өнерінің алар орны мен маңызы ерекше. Қазіргі таңда қазақ драматургиясында өзіндік ерекшелігімен танымал болған ірі түлғалардың бірі - Сүлтанәлі Балғабаев. Оның «Қыз жиырмаға толғанда», «Ең әдемі келіншек», «Біз де ғашық болғанбыз», «Қазақша күрес», «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Әйелдер әлемі», «Сағыныш пен елее» пьесалары еліміздің барлық театрлары мен Өзбекстан, Кыргызстан, Қарақалпақстан театрларында қойылып жүр. Драматург Сүлтанәлі Балғабаевтың 2 актілі, 4 суретті «Біз де ғашық болғанбыз» драмасы қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің жауабы боларлықтай. Пьесасының сюжеттіккомпозидиялық желісінде заманымыздың ең өзекті мәселесі - отбасы бірлігінің сақталуы нысанға алынған. Ер мен әйел арасындағы қайшылықтар, түрмыстық-әлеуметтік жағдай сөз болады. Драманың негізгі идеясы: адамның шынайы махаббаты. Тек бір-бірінің адамшылық қасиеттерін қастерлеуге негізделуге тиіс екенін дәріптейді. Оқиға күтпеген кездесу не тағдырдың тосын сыйынан басталып, Дәукен, Сарман, Айжан арасында өрбиді. Пьесаның екінші көрінісіндегі тартыс қолма-қол шешім шығаруға итермелегенмен, Дәукеннің: «Ау, кім-ей мынау бажылдап жатқан? Бетіне жан келтірмейтін...жел жағынан адам жүргізбейтін бір сылқым бар еді-сол сіз? Ау, сізге не болған? Бізден кұтылсаңыз көзіңіз ашылатындай...бағыңыз жанатындай...жеті шекпен киіи жетісіп қалатындай...бізден мың есе артық тамаша бай тауып алатындай боп едіңіз...дүниедегі еркек біткеннің бәрі данышпан...бәрі керемет...жалғыз оңбаған бар екен ғой...бүрынғы байдан соңғы бай сорақы болады екен ғой... ақымақ!» [3, 94 6] деген сөзінен аңғаруға болатын әрекеттері арқылы нағыз пендешілік пен адамгерішліктің тартысқа түскен сәті екенін көрсетеді. Философиялық иірімдерге, ойлы оралымдарға бай, ірі тартыстар мен шамырқанған шарпысуларға толы драма осындай мегзеулерге жетелейді. Адам, қоғам, халық өміріндегі әйелдің ананың рөлін Зияданың бейнесі арқылы көрсетеді. Тағдырдың тәлкегіне ұшыраған Дәукен мен Зияда және бейкүнә сәбидің өмірінде өз үлестерінің жоққа шығуы немесе кішкене қыздары Күнсұлудың ендігі мүгедектік өмірі екендігі аналық ой-арман мақсатының орындалмауы қоғамның, заманның келеңсіз жағдайларына әкеліп тіреледі. Азаптан бойы арылмаған Зияданың бейнесі арқылы қазіргі қазақ қыздарынан шыққан аналармен қатар Сарман сияқты қайырымсыз әкелер тағдыры бейнеленеді. Сырт қарағанда төрт кұбыласы түгел жандар кездеседі, басында -үйі, бауырында - қазаны, алдында - малы, аясында - отбасы, жұмыр басты пенде осыдан өзге не тілейді деп ойлайсың. Дегенмен сырт көзге ғана осылай көрінгенмен, өз басына жетерлік жанүя жағдайы, өткен өміріндегі келеңсіз жәйттардың елесі немесе қазіргі тағдырындағы тап болған мәселелері оны адам төзгісіз күйге түсіреді. Міне, дәл осы жағдайды пьесадағы бас кейіпкер Дәукеннің өмірінен де көруге болады. Қоғамымызда қанша жастар драматург кейіпкерлеріндегідей күйге түсіп, жас өміріне балта шапты. Зияда секідді қаншама қаракөздеріміз өмірден опық жеді. Бүл пьеса арқылы С. Балғабаев қазіргі қоғамдағы жанүя тәрбиесін, олардың іс-әрекетін шынайы көрсеткен. Қазақ драматургиясынан ерекше орын алатын «Сағыныш пен Елес» («Мен сізді түсімде көрдім») екі бөлімді лирикалық пьесасы арқылы драматург елес арқылы көрерменге ой салады. Сүлтанәлі Балғабаев осы пьесасын 2007 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша жазған. Белгілі ғалым, профессор Хайретдин, бүрынғы партия қызметкері Абдулхамит, мектеп директоры Анардың түрмыстары бір қалыпты, өмірге разы кейіппен ғүмыр кешіп жатқан кезде аяқ астынан отбасыларының шырқы бүзылады. Ауылдан келген Арайлымның ғалымның үйіне телефон шалуы, телефон түтқасын көтерген Арманның Арайлымды үнатып қалуы, қалыңдығын отбасына, отбасының достарына алып келіп таныстырған күннен басталған сәттер, өткеннің де елесі қайта қозады. Өздерінен өздері жасырған, еске түсіргісі келмейтін, баяғыда үмыт болған оқиға көз алдарында қайтадан жанданады. Әрі кеткенде алты адамның арасында (Хайретдин, Абдулхамит, Анар, Елес, Арман, Арайлым) өтетін оқиғада ең басты кейіпкер - елес. Тек өткенге өкіну, бармақ тістеу, жан ауыртпалығы, қатігездік, қоғамның тоғышарлығы ғана бар. Бәріне қоғам кінәлі шығар, бірақ басты кінә адамзат баласында екені айқын. Онда қызметінен куылып кетуден қорыққан мектеп директоры, партияның қатаң үстанымы, сүйгенін арашалап алып қала алмаған ғалым. Қоғамның озбырлығына, қиянатшылдығына қарамастан, қыз өз үрпағын аман сақтап қалады. Балалар үйінде өскен баланың келешек тағдырынан хабар беретін кейіпкер - Арайлым ғана. Одан әрі қарай оқиға елес иен Арайлым арқылы тізбектеле береді. Ең бастысы, пьесада автор адам баласының үрпақ алдындағы жауапкершілігін сезіндіріп қана қоймай, қиянаттың да түбі қайта өзіңе оралатынын, яғни атаңа не істесең, алдыңа сол келетінін де көрсетеді. Қай заманда болса да адамзат баласы жақсылықтан аттап, имандылықтан безіп, кесір билегенде «көп асқанға бір тосқан» дегендей тылсым күш иелері мен рух тәубесіне келтіреді деген сенімге арқа сүйеген драмаіургтың «Сағыныш пен елес» пьесасында да осы жайттар орын алған. Сүлтанәлі Балғабаевтың өмір шындығының сан салалы мәселелері сөз болатын туындыларының бірі - «Ғашықсыз ғасыр» пьесасы. Бүл пьесаның негізгі идеясы - мәңгілік махаббат жырын насихаттау арқылы жас үрпақ санасына отбасының берік тірегі, алтын қазығы адалдық пен пәктік, шынайылық пен түсіністік, сезім мен сенім екендігін үғындыру. Драматург осы пьесасы арқылы шын махаббаттың күші тау қопарып, тас жарып, қиындықтардың бәрін жеңетінін, махаббаттан асқан үлы сезім жоқ екенін түсіндіру. Жалындаған жастық шақтың бір белгісіндей болған балауса махаббаттың жарқын естеліктерінің жүбайлар санасында жатталып, мәңгілік махаббат жырына айналуы, Қайырбайдың серілік дәуренінің әшкере болып, жар алдындағы опасыздығы себепті шаңырақтың шайқалып, отбасының ойрандалуы драманың дамуына себеп болады. Ал жас тоқалдың қыз баланы дүниеге әкелгеніне налыған Қайырбайдың біржола ішкілікке салынып кетуі, ауруханадан оралған Фаридаға Русланның үйлену туралы үсыныс жасауы, Қайырбайдың өз қатесін түсініп, жас тоқал Нәзікештің сәбиін Фаридаға тастап, жаңа өмір іздеуге аттануын драматург шебер суреттеген. Пьеса турасында режисер Оңталап Нүрмаханов: «...пьеса бүгінгі және мәңгілік өмірдің тақырыбын қозғайды. Астатөк дәулет, шаңырақ тыныштығының бүзылуы, өмірден адасқан жандардың қасіреті, міне, осылар жұртты ойға батырып, жақсы мен жаманды, өз бақытын бағамдай алмаушылықты алға тартады» [2, 66.] деп пікірін білдіреді. Расында да, бүл пьсада әншейінде күйкі тірлікпен жүріп мән бермейтін, күнделікті өмірде кездеспей тұрмайтын жайттар көрерменнің жүрегін қозғайды, ой салады және қазіргі заманның шынайы бейнесін ашады. Сұлтанәлі Балғабаевтың 1998 жылы М. Әуезов атындағы академиялық театрында қойылған «Тойдан қайтқан қазақтар» атты екі бөлімді, тоғыз көріністі комедиясы - қазіргі заман талабына сай заманына қарай амалын табар пенделерді, ел өмірін, бүгінгі қоғам мәселесін бейнелеген комедиялық туынды. Бұл пьесадағы бір ерекшелік, оқиға желісі «Қазақстан» пойызында өрбиді. Автор бұл пьесасының арнасын адам бойындағы жағымпаздықты астарлап жеткізуге бұрған. «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясында барлық қатысушылар қазіргі кезендегі адамдардың іс-әрекеттері, мінез-кұлық дағдылары жинақталған жиынтық образбен көрсете білген. Пьеса тойдан қайтқан қазақтардың перронға келуінен бастау алады. Автор бірінші көріністегі: «Жасасын жақсы ағалар! Асыл ағалар жасасын! Жасасын қамқор ағалар, Бастық ағалар жасасын!» [3,123 6] деген тұсынан немесе үшінші көріністегі Қошқарбайдың: «Жасасын Мэлнс Әлібаевнч! Мэлис Әлібаевнч жасасын! Жасасын асыл ағаларымыз! Ұлы ағаларымыз жасасын!» [3,129 6] деген сөзінен жағымпаздықтың, екіжүзділіктің көзге көлгірсу, бетке жылтырау, аяқ-қолын жерге тигізбей мактау, жазылып жастық, иіліп төсек болудың үлгісін көрсетсе, екінші көріністегі бнлетсіз жолаушының: «Қарағым-ау, окудағы балама барып... қазіргі кезде бала оқьпу деген... Бүрын тек окуғатүсерде ғана беретін едік... енді ай сайын... сессия сайын... Біресе ақша сүрайды... Біресе соғым сүрайды... Тіпті күріш, консерві сүрайтындары да бар» [3, 126 б] деген сөзінен қазіргі замандағы парақорлықтың белең алып баражатқанын да әсерлі етіп суреттеген. Драматург пьесадағы әрекеттерді заман талабына сай өрбітеді. Композидиялық қүрылысы жағынан драманың дамуы пойыздың бастығы мен жолсерік келіншектің Мэлис Әлібаевичке арақ беріп, мае қылатын кезіне сәйкес келеді. «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы арқылы Сүлтанәлі Балғабаев қазіргі қоғамда, үкімет органдарында екіжүзді, жағымпаз адамдардың пайда бола бастағанын, қоғамдық халыққа қызмет көрсету орындарында парақорлықтың көбейіп келе жатқандығын, халық арасында әлі күнге дейін рушылдықтың қалдықтары бар екенін қозғаған. Сүлтанәлі Балғабаевтың қаламынан туған, жоғары талдап отырған «Біз де ғашық болғанбыз», «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Сағыныш пен Елес» атты пьесалары - өз оқырмандары мен көреремендерінің шынайы ықыласына бөленген туындылар. Аталған пьесалар республикалық, облыстық драма театрларда көптен бері сахналанып келеді. Оның қаламының үшынан дүниеге келген пьесаларының тақырыптық, жанрлық ауқымы сан қилы. Трагедия, драма, комедия деп бөліп-жармай, қаламгер қоғам, өмір, орта үсынған мәселелерді сахна төріне ыңғайлауда, өзінің жеке-дара жазу стилін қалыптастырған суреткер, драматург. Бүл пьесаларды көру арқылы оқырман өз заманының қүбылыстарын, пендешілікке салынған адамдар бейнесін және әр пенденің жан дүниесінен кездесетін жақсылы-жаманды мінездерді көре алады. Драматург өз шығармаларын қазақ театрының (кей жағдайда нақты режиссер мен актерлердің) мүмкіндігіне лайықтап жазады. Сүлтанәлі Балғабаев: «Біз соңғы кезде елімізде мемлекеттік идеология болу керек деген мәселені көтеріп жүрміз. Мемлекеттік идеология теңіздің арғы бетінде жатқан Америкада да бар. Ал идеологияны қалыитастыратын мәдениет йен әдебиет екенін үмытпағанымыз абзал. Мемлекеттік идеологияны қалыптастыруды қолдамайтындар - үлттың бірлігін ойламайтындар» [4, 5] деген болатын. Ал өз шығармаларында әдебиет йен мәдениетті үштастара білген, өмірдегі сан алуан қүбылысты танытуда да әдебиетті байыта отырып, мәдениетті биік шыңға көтеріп жүрген драматургтың шеберлік қырлары барлық пьесасынан анық байқалады. Драматург пьесаларының қай-қайсысын алсақ та, оның әрқайсысынан біз заманға лайық кейіпкерлердің шынайы бет-бейнесін көреміз. Өйткені драматург жазған пьесалардың бәрі сахнаға лайықталып жазылғандықтан, режиссердің қатаң өзгертуіне үшырамастан сахналанып жүр. Сүлтанәлі Балғабаевтың барлық драмасынан, мейлі ол 80- 90 жылдардағы жазылған пьеса болсын, тіпті тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүгінгі қоғамда жазылған туындылары болсын, одан әрдайым заманның бейнесі сезіліп тұрады. Драматургтың өзіндік ерекшелігі деп те осы қырын айтуға болады. Еліміз егемендік алған жылдан бері театр репертуарындағы тарихи қойылымдар, драма, трагедия, комедия жанры ерекше дамып келеді. Сол жеткен жетістіктердің арасында Сұлтанәлі Балғабаевтың да алар орны зор.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу