С.Елубайдың «Жалған дүние». Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: қазақ әдебиеті

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыт:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тақырып/бөлім:

С.Елубай «Жалған дүние»

оқу мақсаты

11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану;

сабақ мақсаты

Шығарманы ғаламдық тақырыптармен байланыстырып, шығармашылық жұмыста қолдану .

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы: Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланысады.

АКТ дағдылары:

таныстырылым, бейнебаян

Бағалау критерийі

  • Шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырады;
  • тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Сұрақтарға жауап беру барысында пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, .........

Менің пайымдауымша, ...........

Егер өз сөзімді қорытындыласам, .............

Меңгерілген білім

Жоспар

Уақыт

Іс-әрекет

Дереккөзі

Сабақтың

басы

5 минут

Оқушыларды қарсы алу, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу.

слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Қызығушылықты арттыру

Маусымжан кім?

Едіге кім?

Бұлар қай кезеңнің адамдары?

Қандай ерекшеліктері бар?

Бесінші тараудан үзінді беріледі.

Бесінші тараудан үзінді

... Бүгінгі түні Ай астында көз ілмей отырған Хансұлудан да басқа бір жан бар еді.

Ол Маусымжан еді. Едігенің құдай қосқан қосағы. Алматыдағы төртінші қабаттағы өз үйінің балконында отырып, осынау жасы елуді алқымдап қалған, ашаң жүзді, аққұбаша әйел Едігемен өткен ширек ғасырлық ғұмырын ой елегінен өткізеді.

 Өмір туралы Маусымжан бұрын да ойлайтын. Бірақ бүгінгі ойланысы бөлектеу болып отыр.

 Маусымжан, жасыратыны жоқ, өзін бұл өмірге тек бақ-береке үшін келген жан деп есептейтін. Олай ойлауына негіз де жоқ емес-ті. Маусымжан қаршадайынан жоқшылық көрмей, ағыл-тегіл молшылықтың ортасында өсті. Республика шығысында біресе кеңшар, біресе аудан басқарып, өмірбойы аттан түспеген әке арқасында Маусымжанның миына, сірә, «мына тіршілікте таршылық болады-ау» деген ой кіріп те шықпады. Өзі қалаған жігітіне бас қосса, одан кейінгі өмірде сол бұрынғы қалпымен мұңсыз-қамсыз, сән-салтанатымен аға беретін сияқты көрінген. «Ең бастысы - махаббат» деп білетін Маусымжан. Ол оқыған әдебиет, көрген кино, дәріс алған мектеп қай-қайсы болмасын Маусымжанның осы көзқарасын растайтын да, нақтылайтын да отыратын. Бірақ өмір Маусымжан күткендей болмай шықты...

 Рас, жар таңдауға келген Маусымжанның қолын қаққан ешкім болған жоқ. Ауданды билеп тұрған арыстандай әкесінің өзі Маусымжан тұлдыр жетім Едігені жетектеп үйге алып келгенде, «Бұның не?» деп беттен қақпады. Тек, «Бақытты бол!» деді. Бірақ той өтер-өтпестен Едігеден көңілі қалды әкесінің. Той өткесін көп ұзамай, әкесі Едігені оңаша шығарып алып, ауыл шетінде сөйлескен еді.Әкесі университетті кеше бітіріп, республикалық бір газетте жұмысқа енді орналасқан Едігеге екі өтінішін айтады. Бірінші өтініші – Едігеге желкесіне таман түсіңкіреген шашын дереу қысқартуы керек.

  • ... Ел жұрттан ұят. Мына шашыңды реттесең қайтеді?!- дейді. Қайын атасының бұл өтінішіне Едіге үн қатпайды. Сыпайылық сақтайды. Екінші өтініші – Едігенің мамандығына қатысы болады.
  • Екінші өтінішім – Жоғары партия мектебіне түссең!Мына қызметіңді тастасаң! – дейді әкесі қабақ шытып, үйреншікті билеп-төстеп сөйлейтін әдетіне басып.
  • Неге?- дейді, Едіге үркіп кетіп.
  • Ертеңді ойлау керек!... Тіршілікті ойлау керек, тілшілікті емес.
  • Рахмет!- дейді бұндайды күтпеген Едіге, бұ жолы да даусы жарықшақтанып.

Қайын ата ажырайып, Едігеге қарайды:

  • ...Бұны қалай түсіндік?
  • Ұсынысыңызға рахмет! – дейді Едіге.

Содан кейін-ақ, қайын ата мен күйеу бала әңгімесі жараспай-ақ қояды. Орман шетінде екеуі біршама үнсіз жүреді.

С. «Болжау»

  • Осы фрагменттерден қандай тарихи кезеңді көруге болады?
  • Үзіндіден құндылықтарымыздың қандай жай-күйін байқадыңдар?

Т. «Керемет пікірталас»

Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әр топтан

бір өкіл шығады. Әрқайсысы бір кейіпкер мен соған қатысты тарихи оқиғаны таңдап алады. Сол кейіпкер бейнесін жасаудағы автор шеберлігі мен шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

 Топтық бағалау.

Дескриптор:

  • Шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырады;
  • тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: Шығармадан үзінді жаттау

Қосымша ақпарат:

Дифференциация. Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау -Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, биология

АКТ-мен байланыс.

Презентация, бейнебаян ұсыныладыҚұндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Рефлексия

Ойлану

Сабақты мақсатқа сай етіп құруда кейде мақсаттың саған жұмыс істеуге мүмкіндігі жетпей жатады. Ол үшін көп ойлауға уақыт керек. Бұл сабақта әдебиет теориясына көбірек көңіл бөлу керек болды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Бесінші тараудан үзінді

... Бүгінгі түні Ай астында көз ілмей отырған Хансұлудан да басқа бір жан бар еді.

Ол Маусымжан еді. Едігенің құдай қосқан қосағы. Алматыдағы төртінші қабаттағы өз үйінің балконында отырып, осынау жасы елуді алқымдап қалған, ашаң жүзді, аққұбаша әйел Едігемен өткен ширек ғасырлық ғұмырын ой елегінен өткізеді.

 Өмір туралы Маусымжан бұрын да ойлайтын. Бірақ бүгінгі ойланысы бөлектеу болып отыр.

 Маусымжан, жасыратыны жоқ, өзін бұл өмірге тек бақ-береке үшін келген жан деп есептейтін. Олай ойлауына негіз де жоқ емес-ті. Маусымжан қаршадайынан жоқшылық көрмей, ағыл-тегіл молшылықтың ортасында өсті. Республика шығысында біресе кеңшар, біресе аудан басқарып, өмірбойы аттан түспеген әке арқасында Маусымжанның миына, сірә, «мына тіршілікте таршылық болады-ау» деген ой кіріп те шықпады. Өзі қалаған жігітіне бас қосса, одан кейінгі өмірде сол бұрынғы қалпымен мұңсыз-қамсыз, сән-салтанатымен аға беретін сияқты көрінген. «Ең бастысы - махаббат» деп білетін Маусымжан. Ол оқыған әдебиет, көрген кино, дәріс алған мектеп қай-қайсы болмасын Маусымжанның осы көзқарасын растайтын да, нақтылайтын да отыратын. Бірақ өмір Маусымжан күткендей болмай шықты...

 Рас, жар таңдауға келген Маусымжанның қолын қаққан ешкім болған жоқ. Ауданды билеп тұрған арыстандай әкесінің өзі Маусымжан тұлдыр жетім Едігені жетектеп үйге алып келгенде, «Бұның не?» деп беттен қақпады. Тек, «Бақытты бол!» деді. Бірақ той өтер-өтпестен Едігеден көңілі қалды әкесінің. Той өткесін көп ұзамай, әкесі Едігені оңаша шығарып алып, ауыл шетінде сөйлескен еді.Әкесі университетті кеше бітіріп, республикалық бір газетте жұмысқа енді орналасқан Едігеге екі өтінішін айтады. Бірінші өтініші – Едігеге желкесіне таман түсіңкіреген шашын дереу қысқартуы керек.

  • ... Ел жұрттан ұят. Мына шашыңды реттесең қайтеді?!- дейді. Қайын атасының бұл өтінішіне Едіге үн қатпайды. Сыпайылық сақтайды. Екінші өтініші – Едігенің мамандығына қатысы болады.
  • Екінші өтінішім – Жоғары партия мектебіне түссең!Мына қызметіңді тастасаң! – дейді әкесі қабақ шытып, үйреншікті билеп-төстеп сөйлейтін әдетіне басып.
  • Неге?- дейді, Едіге үркіп кетіп.
  • Ертеңді ойлау керек!... Тіршілікті ойлау керек, тілшілікті емес.
  • Рахмет!- дейді бұндайды күтпеген Едіге, бұ жолы да даусы жарықшақтанып.

Қайын ата ажырайып, Едігеге қарайды:

  • ...Бұны қалай түсіндік?
  • Ұсынысыңызға рахмет! – дейді Едіге.

Содан кейін-ақ, қайын ата мен күйеу бала әңгімесі жараспай-ақ қояды. Орман шетінде екеуі біршама үнсіз жүреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу