Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, таратпа материал. 2 сабақ.


ЖЖ. «Ұлттық мүдде» ұғымы берілген тіркестермен қалай байланысады?

Берілген ұғымдардың қайсысын шығармамен байланыстыруға болады?

Т. 1-тапсырма: берілген үзіндіде көтерілген мәселені зерттеңіз.

1-мәтін

Киім тұратын шкафты ашып, бүгін қалай киінсем екен дегендей сәл ойланып қалған. Кенет жақында орыс факториясынан сатып алған Еуропа үлгісіндегі жаңа костюмге көзі түсіп, соны киіп көруге аңсары ауды.

Ол үлкен шарайнаның алдына келіп, өзінің жана киім порымына тосырқай қарап біраз тұрды. Мұндай үлгіні өмірі иығына іліп тұрғаны осы...

Бибі ол жылдары бұған жай балдыз есептелетін. Демежан, әсілі, өзінін жастай құда болған қалыңдығы — Құрман қажының үлкен қызы Мәрияға үйленуге тиіс еді. Бірақ оған қосылуға тағдыр жазбады ғой. Бұл жайлау үстінде қайнына ұрын барып, келінді күзге қарай түсіреміз деп отырғанда, Мәрия іш кірнесінен қайтыс болды. Осыдан кейін Құрман қажы өзінің жақсы құдасы Керімбаймен арақатынасын үзгісі келмей, Демежанды жетіп келе жатқан кіші қызы Бибіге қаратқан...

Қысқаша аман-сәлемнен кейін тілмаш жігіттер манағы үзілген әңгімені қайта жалғастырды. Бір қызығы, Шәуешектегі әр ұлт өкілдері бас қосқанда бір-бірімен қазақша сөйлеп ұғысатын-ды. Қазақ тілі бәріне ортақ түсінікті тіл сияқты еді. Мыналар да сол үрдіспен қазақша сөйлесіп отыр.

2-мәтін

Менің айтайын дегенімді өзіңіз де аңғарып отырған боларсыз, ұлы мәртебелім... Осындағы халдайлар Тарбағатайдан ағатын өзен атаулыны түгел иемденіп отырғанда, жаңағы өзіңіз мадақтаған менің әкем Керімбайдың бір құлақ суы, не егін салатын тұрақты жері жоқ. Бізге қарағанда торғауыт қалмақтың жағдайы әлдеқайда жақсы. Олар тым құрыса алым-салықтан жеңілдік алып отыр...

Ресеймен арадағы шекара мәселесі толық шешіліп болмай, аймақ тағдыры қыл үстінде тұрған сын-сағатта осы өңірдің негізгі халқы — қазақ арасынан мынадай пікірдің тууы және ол анау-мынау біреу емес, өзі тәрбиелеп өсірген қолтума, жақын адамынан шығуы ұлықты бір сәт ауыр ойға қалдырып еді. «Осының бәрі орыстардың, әсіресе, Шәуешектегі орыс консулы Николай Балкашиннің әсері емес пе екен?» деген күдік туды оның көңілінде...

Бірақ ұлықтың соңғы сөзінен ол бір нәрсені анық аңғарды: Ши-амбының өз басы қол астындағы қазақтың жан-жаққа бытырап көшпеу жағында екен. Қалың елдің іргесін бұзбай, өле-өлгенше билеп-төстеп, ырғынға батып отыра бермек қой баяғы... Әзірше оның аңғарғаны осы. Бірақ ол мұның ар жағында ең негізгі себеп — мемлекеттік мүдде жатқанын дәл осы сәтте ойлап үлгірмеген екен. Ал, шындығында, қарауындағы халықтың қалпы құрамай түгел тұруы дәл қазір Маншың өкіметіне өте қажет, көшпелі елдің жайылым-өрісін сылтауратып, шекара аймағындағы жерлерді молырақ қамтып қалу үшін қажет еді.

3-мәтін

Шеріктер көлденеңнен киліккен мырзаның тегін адам емес екенін сезіп, іркіліп қалды. Танауынан қан сорғалап жүрген, шоқпыт шапанды қыр қазағы соны пайдаланып, бұған шағым айта бастаған.

– Қарағым-ай, мұсылманның баласы екенсің, құтқаршы мына пәлеңнен... Бала-шағаның шай-шалаңы таусылып қалған соң, қалаға отын сата келіп ек, мыналар жүгімізді осы араға аударып тастап, жұмысқа салмақшы... Тіпті істейік сол жұмысын, ешқайда қашпайық. Тек Тек алдымен төкпей-шашпай отынымызды сатып алуға мұрсат берсінші, — дейді зар-зар етіп.

Бабалық енді байсалды қалыпқа көшіп, орындыққа түзеліп отырды. Үсті-басы тап-тұйнақтай таза. Қала үлгісімен бір сыдырғы жақсы киінген. Қаланың малайы даланың мырзасындай.

– Мен қазір жай жүргем жоқ, аға, татар-өзбек байларынан сауданың қыр-сырын үйреніп жүрмін, — деді жас жігіт сәлден соң тың әңгіме бастап. — Біздің қазақ өз қолынан келмегеннің бәріне танауын көтеріп, менсінбей жүреді ғой. Бірақ бұл сауда дегенін керемет өнер екен. Оның қасында мыңғырған маңында, шіренген шен-шекпенің де түкке тұрмай ма деп қалдым. Қораңдағы қойды қоздату қиын емес, мықты болсаң тиыннан тиын туғызып көр! Сауданың көзін жақсы білген адам қай елге барса да аштан өліп, көштен қалмайды. Мына Шәнішевтерді көрмейсіз бе, сауданың арқасында тасы өрге домалап, қытай мен орысты бірдей жайлап отыр...

4-мәтін:

Сымайылдың сол жақ тізесін баса, әркімнің аузына бір қарап, он жастар шамасындағы, екі көзі шоктай жайнаған, басында зерлі тақиясы бар, дөңгелек жүзді, қоңырқай бала отыр еді. Кәрі зәңгінің көңіліне медеу тұтып, қайда барса да қасынан тастамай ертіп жүретін, көп қыздың ішіндегі ендігі ұл баласы — осы ғана. Керімбай сол балаға назар тоқтатып, сәл бөгелді де:

– Құдайға шүкір, әлі де қолыңыз құр емес қой. Ендігі күнде қасыңызға қарайып еріп жүрген мына бір қара домалақтың қайырын тілеңіз. Тіршілік болса, бұл да әлі-ақ азамат болып, адам қатарына қосылып кетеді, — деп өз тарапынан бір басалқы сөз айтқан...

1864 жылы, 23-24 қазанда екі күнге созылған қанды қасапта бала-шағасымен қосқанда үш мыңға жуық қазақ қырылғаны белгілі. Бұлар, негізінен, Төртуылдың Бұқа тармағына жататын ауылдар еді. Адам қаны судай төгілген сол ара қазір «Ойран» деп аталады. Шаған-кеген сол жолы көзіне түскен тірі жанды түгел қырып, олжаға түскен көп малды алдына салып айдап қайтты.

Сол күндері Сергиопольдағы орыс бекінісінің бастығы осы оқиға жайында Омбы генерал-губернаторына арнайы хат жолдап: «Қаратал-Қатынсу бойындағы адам өлігінен қазір аяқ алып жүре алмайсың. Ал адам етін жеп дәндіккен иттер қазір әрі-бері өткен жүргіншіге шабатын болды. Өлекселер сасып-шіріп, індет тарататын қаупі бар. Сол өліктерді жинап көміп, құтырған иттерді атуға қосымша қаржы, оқ-дәрі бөлуіңізді сұраймын» деп өтініш жазғанын Демежанның архивтен тауып оқығаны бар...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 📲ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ДИПЛОМДАР QR-КОД АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАПОНИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА
» ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ ЖАСАЛДЫ
Пікір жазу