А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесіндегі автор бейнесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал.


1-тапсырма. Оқушылар жазушының «Шашты» әңгімесін жазу мақсатын талқылайды. Оқушылар жазушының бұл шығарманы жазу себебін ескере отырып, «FILA» кестесін толырады. Әр топқа FILA-ның әр бөлігі жеке-жеке бөлініп беріледі. Топ құрамында төрт-бес адам болады. Әрқайсысы тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында әр топ жеке жазған жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады (кестеге апарып жапсырған тиімді). Оқылып талданады.

F/ Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

I /Пікір/– кейіпкер туралы топтың/ өзінің ой- пікірі;

L /Сұрақ/– кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет

Дескрипторлар:

  • Кейіпкер бейнесін ашатын деректерді табады;
  • Кейіпкер туралы ой-пікірін білдіреді;
  • Кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақ түрлерін құрастыра алады;
  • Автордың шығармашылық тәсілдемесіне талдау жасай алады.

2-тапсырма. «Оқырман пікірі» стратегиясы. Жеке жұмыс.

Шығармада көтерілген басты мәселені оқырманның көзқарасы жағынан біліп алу немесе пікірін білу. Ал мәтінді оқып болған соң, соған өз ойын білдіру. Талқылауға арналған сұрақтар мына үлгіде болады.

1.Мәтін мағынасына қойылатын сұрақтар:

Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

_____________________________________________________________________________________

Оқып отырғанда не туралы ойладыңыз?

____________________________________________________________________________________

Шығарма оқиғасындағы ең маңызды мәселе қандай?

____________________________________________________________________________________

Осы шығармада қандай сұраққа жауап жоқ?

_____________________________________________________________________________________

2.Шығарманың тақырыбына байланысты қойылатын сұрақтар:

Егер сіз осы шығарманы қайта жазатын болсаңыз нені өзгертер едіңіз?

_____________________________________________________________________________________

Бұл шығарма ерекше ме? Неге?

_____________________________________________________________________________________

3.Автор стиліне байланысты қойылатын сұрақтар:

Автор оқырманды қалай қызықтырды?

_____________________________________________________________________________________

Өз идеясын автор қалай дамытады?

_____________________________________________________________________________________

Маңызды ақпаратты автор қалай берген?

_____________________________________________________________________________________

Дескрипторлар:

- ақпараттарды өз бетінше меңгергенін көрсетеді;

- сөз астарын, құдіретін түсінеді;

- мәселеге қатысты ойын, пікірін еркін білдіреді;

- автор стиліне баға бере алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу