Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Парасат пайымы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

А/И 10.2.1.1 - әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау.

 Сабақ мақсаттары

Шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау.

 Бағалау критерийлері

Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің композициялық ерекшеліктерін талдайды.

 Құндылықтарды дарыту

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

• Құрмет пен ынтымақтастық

• Еңбек және шығармашылық

• Ашықтық

• Академиялық шыншылдық

• Өмір бойы білім алу

• Әлемдік азаматтық

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар тапсырмаларды интербелсенді тақтадан көру арқылы орындайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Амандасу. Түгендеу. Оқушыларды «Санамақ» әдісі арқылы 3 топқа бөлу.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың

ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

1-тапсырма. Топтық жұмыс.

Оқушыларға Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі беріледі, барлығы оқиды, топ болып тапсырма орындайды.

І топ:

«Ойланыңыз» - Өлең желісіне жоспар құру. 

ІІ топ:

«Суреттеңіз» - Шетте жүрген бауырлардың бейнесін суреттеу. 

ІІІ топ:

«Өңдеңіз» - Өлеңнен алынған үзінділерді қара сөзге айналдырып, өз ойларын қосып, өңдеп жазады.

Дескрипторлар:

  • Өлең желісі бойынша жоспар құрастыра алады;
  • Кейіпкер бейнесін суреттей алады;
  • Үзінділерді қисынды қолданып, қара сөзге айналдырады.

2-тапсырма. Жеке жұмыс.

«Талдаңыз» - Өлеңге талдау жасау. Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасау.

Тақырыбы:

Жанр түрі:

Идеясы:

Шумағы:

Тармағы:

Бұнағы:

Ұйқасы:

Өлеңнің түйіні:

Тәрбиелік мәні:

Дескрипторлар:

  • Өлеңге талдау жасай алады;
  • Сөздердің мағынасын ашады.

3-тапсырма. Топтық жұмыс.

І топ: Өлең негізінде иллюстрациялық сурет салу, түсіндіру;

ІІ топ: Заң шығарушы орган ретінде оралмандарға арналған заң әзірлеу;

ІІІ топ: Шетелде жүрген қазақтарға арналған бағдарлама дайындау.

Дескрипторлар:

  • Мағыналы сурет сала алады;
  • Оралмандарға арналған заң әзірлейді;
  • Бағдарлама дайындай алады.

Бағалау

Әр тапсырманы орындағаннан кейін топтар бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды.

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. «3-2-1» әдісі. Оқушылар бүгінгі сабақтағы 3-маңызды ақпаратты айтады, 2-ұсыныс білдіреді, 1-сұрақ қояды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу