Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.
- Қыз өссе –елдің көркі, гүл өссе-жерді көркі
- Әкенің жақындығы жездедей-ақ
- Ашу-дұшпан, ақыл-дос
- Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі.
- Қыз өссе –елдің көркі, гүл өссе-жерді көркі
- Әкенің жақындығы жездедей-ақ
- Ашу-дұшпан, ақыл-дос
- Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі.
- Қыз өссе –елдің көркі, гүл өссе-жерді көркі
- Әкенің жақындығы жездедей-ақ
- Ашу-дұшпан, ақыл-дос
- Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі.
- Қыз өссе –елдің көркі, гүл өссе-жерді көркі
- Әкенің жақындығы жездедей-ақ
- Ашу-дұшпан, ақыл-дос
- Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі.
1-конверт: Ақбілек тауда жалғыз. Елестетіп көріңіздерші, қою қараңғылық. Түн. Су арқырап ағып жатыр. Жел гуілдеп тұр. Жапырақтар тынымсыз сыбдырлауда. Кенет ұлыған қасқырлар даусы естілді. Олар бірте - бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды.
Қасқыр ненің белгісі?
2- конверт: Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуі керек. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін еді. Егер де Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрмесе.
Жылт еткен шоқ оқиғаны қалай өзгертті?
Шоқ ненің рәмізі деп ойлайсыз?
3-конверт: Ақбілек жолға шығады, оған диуана Ескендір кездеседі. Диуана Ескендір Ақбілекке қандай көмек берді?
4- конверт: Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр. Ақбілек неге мұңаяды? Қуану керек емес пе?
Романнан үзінділер:
1 топ: «...Ақ патшаның жендеттері жаппай қолға түсіп, тұтқындалып жатыр»деген хабар жеткен кезде Ақбілектің қасындағы орыс офицерлері бас сауғалап қашуға мәжбүр болады...»
Осы жердегі Ақбілектің іс-әрекеті? Ақбілек қай қырынан танылды?
2 топ: «... Ақбілектің кездейсоқ адамдардың кесірінен басынан кешкен тағдыр тауқыметі «ұйытқып соққан ызылдақ жел» секілді екен. Өйткені, кейіпкердің нәзік жанын ұқпайтын жағдайлар өте көп еді...»
Асты сызылған тіркес қандай мағынаны білдіреді? Қалай ойлайсыз, бүгінгінің қыздары осыншама қорлыққа шыдар ма еді?
3 топ: Әкесінің, өгей шешесінің қытымыр қабағына шыдай алмаған Ақбілек қалаға кетіп тынады. Осыдан кейін ақ Ақбілектің өмірге деген көзқарасы өзгереді. Аға-жеңгесінің айтуымен Семейдегі алты айлық курсты да, Орынбордағы оқуды да тәмамдайды, білім алады.
Осы жерде Ақбілекті қай тұсынан танимыз? Ақбілектің іс-әрекеті дұрыс па?
4 топ: «Ақбілек» әлемі – халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр-талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды.
«Ақбілек» заманында қыз тағдыры қалай болды? Бүгінгі заманның қыз тағдыры қандай? Салыстырыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?