Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал.


Мұғалім оқушыларға қорытынды тұжырым жасатуда Әбіш Кекілбаевтің 10 нақылының бірін талқылап отырған тақырыпқа сай ұсынуына болады.

***

Ақиқаттың мекені – жүрек. Оған мына кеңістіктің бетінде бардың бәрі сияды. Құдірет жетсе, ерен болмысты түгел сыйғызып алуға болады.   

***

Өмір құбылыстарына психологтің көзімен қарайтын адам ең алдымен сол құбылыстың барша озғыны мен тозғынын, кемелдігі мен келеңсіздігін көре білетін кейіпкерді табуы, тануы қажет.  

***

Жазушының, ақынның қоғамдық болмыстың тұңғиығына да, асқарына да бірдей ұмтылған өзгеше еңбегінің жалғыз-ақ өлшемі бар. Ол – оның адам жүрегіне қаншалықты жақындай алғаны.

***

Өткенге әртүрлі қарауға болады. Өткенге өскенді дәлелдеп қарау бар да, өшкенді дәлелдеп қарау бар. Тарихқа өткенде мынандай керемет едік деп қарайтын көз ұлтшылдықтың сырқаты. Ал, енді өткеннің бәрін қу тақырға жорып, қуратып қоятын бір көзқарас тағы бар. Ол адамзаттың ежелгі тарихын айналасы бес-алты ұлттың еншісіне беріп, өзгені шөміштен қысатын шовинистердің жанына майдай жағады. Тарихқа деген шын көзқарасқа бұлардың екеуі де атымен жат.     

***

Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды.

***

Тарих қанмен жазылып қанмен түзетіледі.

***

Өмір бойы алысып-жұлысып жүріп пысықайлықпен табылатын өтірік даңқ араға жыл түспей жатып, көшкен жұрттағы күл төккен төмпектей жермен-жексен шөгіп, жұтап шыға келеді.  

***

Өмір сүйген ақын азаматтық ақтық демі таусылар сәттің өзін әзірейіл көргендей шошына суреттеп, күңірене күйзелмей, қаншалықты парасатты бейнелейді. Бұл құбылыс – оның  дара таланты.  

***

Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.

***

Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтан да оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуым мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес.

http://gonzo.kz/blog/3409-ebish_kekilbaevtin_10_nakyilyi



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу