М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 6 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе

Сабақтың мақсаты:

А/И Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау

Бағалау критерийлері:

Қызығушылықты ояту:

Берілген суреттердің тақырыпқа қатысын анықтаңдар

Тапсырма.

Шығармадан берілген үзіңдіні түсініп оқып, автордың қолданған көркемдегіш құралдарының орны мен қызметіне талдау жасайды

ЖЖ Қаныш шәкірт нендей өнерді мұрат еткен?

Төр жайлауға ауылдың қонған кезі. Қыс бойы шаруа қамымен бір-біріне қатыса алмаған ағайын-жұрағат амандаса келіп, жапатармағай қауышып жатқан мәре-сәре мезгіл. Күн қызылиек-теніп батып барады, төңірек түгел жайқалған көк, ауыл ірге сінде жалтыраған айдын көл. Кенет отау үйлердің бірінің алдынан жайлаудың саф ауасын діріл қақтырып желпігендей, маужыраған табиғатты, шаруа күйлеген ауыл адамдарының назарын өзіне еріксіз қаратқандай сазды үн құйқылжи шығып, жан-жүйеңді еліте жөнеледі. Желсіз тымық кеште азан-қазан болып шулап жататын қотан да бүгін әсерлі саз әуеніне елтіп жым-жырт тынған, қыбыр еткен жан-жануар болсайшы.

Кенет тыңдаушылардың бірі қатты дауыстап: «О, бәрекелді! Тусаң ту, Сәтекеңнің төрт арысы! Өнер деп осыны айтыңдар, оқысаңдар, осылай оқыңдар!» – деп қошемет білдіреді. Төрт арыс дейтіні – өнер көрсетіп тұрған ағайындыларға білдірген қошемет: Әбікей – гармоньда ойнаса, Әбдікәрім (Кәрім) – скрипканың дүлдүлі, Бөкеш – домбыраға жүй рік, ал Қаныш – мандолина мен гитарды бірдей тартады... Ағайындылардың сауық-сайраны, әдетте, жұлдызды түннің бір уағына дейін созылады: ән-әуенге қоса қаладан көрген-білген жаңалықтарын майын тамызып әңгіме айтады; дауыстап Абай және ескі ақындар өлеңдерін оқиды; ауыл өмірінің көлеңкелі жақтарын әжуалайтын сықақтарды ойнап, жиналған жұртты күлкіге қарық қылады...

Кері байланыс

Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма:

М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесін оқып келуге



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу