Абай шығармашылығы. Отыз екінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
Абай шығармашылығы. Отыз екінші қарасөз
Оқу мақсаттары
Бағалау және салыстыру
10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру
Түсіну және жауап беру
10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру
Сабақ мақсаттары
Көркем шығармадағы көтерілген мәселеге заманауи тұрғыда баға беру;
Қарасөзден ұлттық құндылықтармен үндес контекстер арқылы жұмыс жасау
Бағалау критерийлері
Қарасөздің негізгі идеясын айқындайды;
Шығарма идеясының ұлттық құндылық тұрғысынан маңыздылығына баға береді.
1-тапсырма. ТЖ«Өкіл» әдісі арқылы мағынаны түсіну
2 топқа 32-қарасөз бөлініп беріледі.
Оқып болған соң топтардан бір-бірден өкіл шығып келесі топқа өз мәтін бөліктерін түсіндіреді.
Дескрипторлар
Мәтін мазмұнын түсінеді;
Идеясы мен автор көзқарасын айқындай алады;
Келесі топқа түсіндіре алады.
2-тапсырма. ТЖ
«Сарапшы көзімен...»Екі топ мүшелері кезегімен шығып, тақтада флип-чартта сызылып дайын тұрған Құндылық спектріне өз мәтін бөліктерінде кездескен құндылықтарды жазады. Мәтіннен үзінділер келтіре отырып, түсіндіреді. (Мысалы: көркем мінез, ақиқатқа жету, білім іздеу, мейірімді болу, ынтамен кірісу деген секілді)
Дескрипторлар
Құндылықтарды ажырата алады;
Жазғанын мәтіннен үзінділер келтіру арқылы дәйектей алады.
Бірлесе ынтымақтастықта жұмыс істейді.
3-тапсырма
«Салыстырмалы көзқарас» ТЖСлайдта көрсетілген кесте бойынша 32-қарасөзде айтылған мәселелердің көрінісін бүгінгі күнмен байланыста қарайды. Айырмашылығын ажыратады, ұқсастығын табады.
Бағалау: топтардың өзін-өзі бағалауы
Мәтінді түсінікті тілмен түсіндіре алдық;
Құндылықтарды дұрыс ажырата алдық;
Көзқарастарға талдау жасадық.
Кері байланыс/Рефлексия
(Мендік пікір)Оқушылар аталған сөз оралымдарын өз ойларымен жалғастырады.
Мені таңдандырғаны:
Мені күйіндіргені:
Мені ойлантқаны:
Мені қуантқаны:
Мені жұбатқаны:
Мені мойындатқаны:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?