Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 12-сабақ.
ДЖИКСО
Ж.Сахиевтің «Дабыл» фантастикалық әңгімесінен берілген үзінділерді топта оқып, топ мүшелеріне, одан соң өзге топтарға таныстырыңыз.
1-қадам. 4 топқа бөлініп отыру.
2-қадам. «Дабыл» фантастикалық әңгімесінен бірдей үзіндіні алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрып, мәтін бөліктеріне сай топ мүшелері:
- №1. әңгіменің 1-бөлімі;
- №2. әңгіменің 2-бөлімі;
- №3. әңгіменің 3-бөлімі;
- №4. әңгіменің 4-бөлімі;
- №5. әңгіменің 5-бөлімі.
3-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).
4-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.
5-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салып, сөздік жұмысын жүргізіп, негізгі ойды, сюжеттік желіні анықтайды.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары» (Б.Блум бойынша)
1.Оқылған шығарма мазмұнын еске түсіру:
Шығарма кім туралы? Қашан, қалай болды?
2. Оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойын түсіндіру: Шығарманың ең қызық жері? Неліктен?
Қолдану: Сіз Жасағанның орнында болсаңыз қайтер едіңіз?
Талдау: Шығарма кейіпкерлері: Төлен, Таңатар, Қазыкен, Жасағандарға тән қасиеттерді атаңыз.
Жинақтау: Алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау, оқиғаның себебі мен салдарының байланысын толық түсіну.
Бағалау: Алынған ақпаратқа пікірталас жасай отырып, жеке өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, талдайды, қорытады, бағалайды.
Сұрақ үлгілері:
- Созылыңқы тамшы пішінді үлкен тас не болуы мүмкін?
- Қара жерге жантая қадалды деп автор нені меңзеп отыр?
- Қазіргі кезде каметалар ғарыштан жерге ненің әсерінен түсіп жатыр?
- Әңгіменің атауы неге «Дабыл» деп аталған?
Әңгіме кестесі
Жұппен шығарма бойынша жүргізілген жұмыстар негізінде «Әңгіме кестесін» толтырыңыз.
Әңгіме тақырыбы | Әңгімедегі құндылықтар, ұлттық мүдде | Тақырыпқа сай қандай ғылыми тұжырымдар келтіре аласыз? | Өз көзқарасыңыз. Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру