Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 14-сабақ.


«Үш түрлі күнделікпен» жұмыс

1-қадам. «Дабыл»әңгімесін жұппен талқылайды.

2-қадам. Жеке күнделік толтырады.

Әңгімедегі ерекше әсер еткен оқиға

Жеке түсінік беру: Әңгіме қандай ой туғызды?

«Күнгей ғаламшарының ғарышкерлеріне хат»

(сұрақтар)

Дөңгелек үстел

1-қадам. Кіші топтарға бөлу;

2-қадам. Шығармада автор көтерген мәселе. шығармадағы автор және кейіпкерлер бейнесін анықтау;

3-қадам. «Дөңгелек үстел» жұмысының ережесі бойынша:

  • Әр сөйлеуші автор мен берілген кейіпкер қарым-қатынасындағы тілдік ерекшелік бойынша пікірін, ойын бір параққа жазады да, сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі оқушы тағы да сол қағазға пікірін, ойын жазып, көршісіне береді.
  • мүмкіндік болса, әр қатысушының ойын жазатын қаламының түсі әртүрлі болуы керек;

4-қадам. «Дөңгелек үстелдің» ережесіне сәйкес автор көтерген мәселе жайлы пікірталас;

5-қадам.Кіші топтардағы әңгіме нәтижесін түйіндеу;

6-қадам.«Дөңгелек үстел» қатысушыларының әңгімелері нәтижесінде презентация жасау.

Төрт сөйлем

Жүніс Сақұрпағының «Жаңбыр жауғанда» ғылыми-болашақтық романында табиғаттың, жер мен судың, ауаның жүйесін бұзып, нысапсыздық, құныққандық бәсекесіне түсушіліктің қандайлық апатқа ұшырату мүмкіндігі ескертілген...

Рахманқұл Бердібаев

Ж.Сахиевтің шығармасы бойынша Р.Бердібаевтың пікірін талдап, көтерілген мәселені анықтап, өзіндік көзқарасыңызды «Төрт сөйлем» әдісі бойынша жазыңыз.

Пікір. Зерттеуші пікірі бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

Қорытынды. Пікір бойынша қорытынды шығарыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу