М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 28-сабақ.


  • Сынып алдынала бірнеше топқа бөлінеді.
  • Әр топқа пирамиданың суреті салынған қағаздар таратылады.
  • Бұл тапсырмада екі сұраққа жауап беру көзделеді.
  • Бірінші сұрақ екінші сұрақтың негізін құруы тиіс, яғни автордың көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігін талқылауға бағытталуы тиіс.
  • Екінші сұрақ оқушыларды тереңірек ойлануға ынталандыруы тиіс.
  • Топ мүшелері өз бөліктеріне сұрақтар жазады.
  • Содан оқушылар қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауаптарымен танысады.
  • Енді топ болып талқылап, екінші сұраққа жауап береді.
  • Қағаздың ішіндегі кіші төртбұрышқа екінші сұрақтың жауабы жазылады.
  • Жан-жағына бірінші сұраққа қатысты әр оқушының жауабы белгіленеді.

Сұрақ үлгілері:

  • Поэмада табиғат көріністері қалай суреттелген?
  • Аққудың сұлулығы қалай суреттеледі?
  • Жаралы аққу сипаты?
  • Аққу мен кейіпкер арасындағы арпалыс сипаты?

Өрмекші

Үзінділерді ұсынылған көркемдегіш ұғым атауларымен байланыстырып, өрмекші кестесін тоқып, түсінік беріңіз.

Тақырыптардың түйісуі

Көркемдегіш құралдардың шығарма тақырыбын ашуға қызмет еткен тұстарына мысалдар келтіріп, автор стилін анықтап жазыңыз.

1-топ

Аққудың рең әсемділігін айқындайтын сөздерді табады. Қандай көркемдеуіш құралдар қолданғанына түсінік береді.

2-топ

Аққудың жарасымды қылықтарын бейнелейтін жолдарды табады. Қандай көркемдеуіш құралдар қолданғанына түсінік береді.

3-топ

Жаралы аққудың мүшкіл халін суреттейтін жолдарды тауып жазады. Ондағы қолданылған көркемдеуіш құралды анықтаңыз және оған түсінік береді.

4-топ

Табиғаттағы түс, рең ерекшеліктерін білдіретін сөздерді табады. Қолданылған көркемдеуіш құралды анықтайды.

5-топ

Су тазалығын ашатын көріністерді табыңыз. Көркемдеуіш құралдарды анықтайды. Оған түсінік береді.

6-топ

Табиғаттағы тыныштық салтанатын көрсететін көріністерді анықтайды. Қандай көркемдеуіш құралдар қолданылғанына түсінік береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу