Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 17-сабақ.
1-таратпа. Бейнефильм мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер.
-«Әпке» кім/кімдер туралы шығарма?
-«Қанатымен су сепкен қарлығаштай» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
-«Әпке» өзінің қоғамдағы актуалдылығын жоғалтпаған екен. Оның себебі неде?
-Жазушының «Әпкені» жазуына не түрткі болды?
2-таратпа. «Әпке» сөзіне топтастыру жасаңдар.
3-таратпа.
Мәтіндерді оқып, драма жанрының ерекшелігін түсіндіріңдер.
І топ
Драма-грекше-drama-қимыл, әрекет-әдебиеттің үшіншітегі, шындықты айрықша тәсілдермен, шиеленіскен тартыстар үстінде, оқиғаға қатысқан адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз іалдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр.
Драмалық жанр трагедия, драма, комедия болып үшке бөлінеді.
Көркем шығармалар түрлі оқиғаларды, күресті көрсетеді. Көздеген өз мақсаттарына жету үшін, қатысушылар бір-бірімен, ішкі (психологиялық) және сыртқы бөгеттермен күреседі.
Трагедия сахнаға арналып жазылады. Мұндағы көрсетілген күрестің өзгешелігі, автордың пікірінше, кездесетін қиыншылықты жеңіп болмайтын сияқты. Трагедияның көпшілігі бас кейіпкердің өлімімен аяқталады.
З. Қабдолов драма тілі туралы: «Ең басты ,ең шешуші, ең негізгі нәрсе – тіл. Пьесаның күші де, әлсіздігі де тілде; пьесадағы әр сөз мірдің оғындай өткір, көздеген жеріне дір етіп тиердей дәл, көкейге саулап, құйылардай таза, мөлдір, санаға мықтап дарығандай мағыналы, мәнді болып келу ітиіс. Драма тілі тұжырымды, қысқа. Түйінді болады. Өйткені, ол романда бір бетте суреттелетін шындықты бір ауыз сөзбен беру қажет».
ІІ топ
Драмалық туындылардың негізгі құралдарының бірі - диалог.Диалог–адам психологиясын, мінезін, әрекетін ашуда қолданатын күшті құрал.
Кейіпкерді сөйлету арқылы оның ішкі жан дүниесін ашуда жиі кездесетін тәсілдің бірі-монолог.
Перде – драматургиялық шығармаларда оқиға өрісін аңғартатын бөлім, біртұтас қимыл-әрекет. Белгілі үзілістен кейін перде жабылып, қайта ашылған соң оқиғаның жаңа өрісі, жаңа сатысы көрінбек. Оның арасында шымылдық не үзіліс болады.
Прототип-( түп, төркін,бейне ) әдебиет шығармасындағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам. Яғни, өмірде бар бастапқы, түпкі тұлға.
Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни,тартыс желісі репликалар (кейіпкерсөзі) арқылы дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка не ремарка деп атайды.
ІІІ топ
Ал композициялық тұрғыдан драмадаоқиғаның (тартыстың) басталуы,шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мұндай классикалық үлгіден өзгеше, яғни,бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін. Ежелгі грек трагедияларында сахналық шығармалардағы тартыс аяқталып, өз шешімін тапқансоң, міндетті түрде бас кейіпкердің азапты күйі көрсетілген. Мұны катарсис, яғни, күйіне отырып күнәсінен арылу деп атаған. Сезім мен қайғы-қасіретке толы бас кейіпкер монологі көрермендерге қатты әсер еткен. Қазіргі заманғы драмаларда, әсіресе, қазақ драмаларында осы үрдіс қолданылып жүр.
Трагедия бас кейіпкер әрекетінің азаппен аяқталуын көрсетуге, комедия күші-күлкіде, күлкінің күші - шыншылдықта, драма адамдар мүдделері арасындағы қақтығыс, шиеленіскен тартысқа құрылады.
Драманың 4 ерекшелігі:
1.Пьесаның көлемі шектеулі (70-80 беттен артық болмау керек);
2.Драматургиялық шығарма тек қатысушылардың сөздерінен ғана тұрады. Ең бастысы, ең шешуші – тіл (автор сахнасыртында, монолог, диалог);
3.Қимыл арқылы көрсетіледі (қақтығыс, шиеленіс);
4.Шешімін сахнада табады (көрерменнің бағасы).
4-таратпа.Талдау жоспарын толтыр.
Талдау жоспары | Мысалдар |
Шығарманың тақырыбы | |
Драманың жазылуына негіз болған жағдай | |
Шығарманың идеясы | |
жанры |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?