М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 27-сабақ.


Оқушыларға арналған дидактикалық материалдар

М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романына сатылай кешенді талдау

http://bilim-all.kz/article/6887-M-Dulatovtyn--Baqytsyz-ZHamal--romanyna-satylai-keshendi-taldau

I Авторы: Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында дүниеге  келген. Қазақтың тұңғыш романының авторы.

II Шығарманың тақырыбы: Шығармаға арқау болған оқиғалар ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесінде жиі кездесетін жас қыздардың қалың малға сатылып, сүймеген адамдарына ұзатылуы, олардың теңдік үшін күрес мәселелері суреттеледі. 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» романы Қазанда басылып шықты

III Әдеби жанр түрі: Эпос - өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінездерін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын күрделі жанр. Проза.

IV Эпикалық жанр түрі:  Қазақтың тұңғыш романы. Бұл роман туралы алғашқы пікір айтқан Ахмет Байтұрсынов: «Қазақты бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызды қазақша бірінші роман жазған Міржақып Дулатов болды» - деп жазады.

V Шығарманың идеясы: Сол кездегі шындық өмірді көрсету, сол шындық арқылы оқырманына ой салу. Қазақ қыздарының тағдырын көрсету.

VI  Шығарманың композициялық құрылысы.

VI.1.  Шығарманың  басталуы: Көктал қыстаған Құрман атаның ауылы жайлауға қонып, көптен көріспеген ел мәре-сәре болып жатқанда ауылға екі адам келіп түседі. Ертесіне ауылға крестьянский начальник келеді. Бәрі соның келуін тамашалап отырғанда топ ішінде Сәрсенбайдан біреу Шолпан жеңешем «тақия тігіп беретін» тапты деп сүйінші сұрайды.

VI.2. Шығарманың дамуы: Ары қарай оқиғаны жалғастырмас бұрын Сәрсенбайдың кім екеніне тоқталып өтеді. Ол еш оқымаған, момын адам. Бәйбішесі Қалампыр бала көтермей бір күні қу бас деген сөз естіп, үйленуге бел буып, ағайындарын жинап, Жарас молданың Шолпан атты қызын алады. Сәрсенбай 45-ке, Шолпан 17-ге келгенде манағы топ ішінде сүйіншілеген Жамал дүниеге келеді. Бірінші көрген баласы болған соң Сәрсенбай үлкен той жасайды.

VI.3. Шығарманың байланысы: Жамал сағынып көрген баланың алды болған соң бетінен қақпай, ұл балаша тәрбие береді. Бірде Сәрсенбайдың үйіне молда келеді. Жамалжан деп әкесі жұмсап жібереді. Сонда молда мырзаңызға қыздың есімін қойғансыз ба? – деп таңданады. Сонда ұл баладан кем екендігін айтқанында, молда қыз балаға тұлым қойып, оқыту керектігін ескертіп кетеді. Содан кейін Сәрсенбай Ғазиз деген татар оқытушысын ұстап, Жамалды оқытады, қызша киіндіреді. Қалампыр: «Жамал әлі кішкентай, өссін, сосын тұлым қойып, оқытамыз» - дейді. Сыртқа жаны ашып тұрғандай болғанымен ішінен тоқалдың қызын жақтырмайды. Ғазиз Жамалдың зеректігін байқап, сабақ соңынан алып қалып, әріп таныта бастайды. Жамал қазақтың қисса-жырларын жатқа білетін болады.

VI.4. Шығарманың шиеленісі: Сәрсенбай болыстыққа сайлауға түседі де жеңіліп қалады. Кеткен шығынын ойласа намысына тиетін болады. Сөйтіп жүргенде болыспен құда Байжан таз Жұман баласына қыз іздеп, Сәрсенбаймен құда болады. Жамал өсе келе атастырылған жарының жаман, таз, ақылсыз екенін біледі. Өз көңілін көтеру үшін үнемі жиын-тойларға барып жүреді. Сондай тойлардың бірінде Ғалимен танысады.

VI.5. Шығарманың шарықтау шегі: Ғали мен Жамал арасында махаббат оты орнап, үнемі хат жазысып жүріп, бір күні екеуі қашып кетеді. Қаладағы саудадас досы Фатихолла байдың  үйін паналайды.  Бұларды іздеп маза бермегендіктен Ғалидың нағашылары жаққа кетеді. Онда Ғали бара сала 13 күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде көз жұмады. Жамалды шешесі келіп алып кетеді. Ғалидің өлімі Жамалдың Байжан босағасына баруына себеп болады.

VI.6. Шығарманың шешімі: Байжанның үйінде Жамал еш бақыт таба алмайды. Боранды түнде қалаға барып, Фатихолланың үйінде самауыр қайнатсамда, Байжанның таяғынан құтылайын деп боранды түнде адасып өледі.

VII  Кейіпкерлер келбеті.

VII. 1. Басты кейіпкер Жамал - өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз. Бақыт жолында қандай қиышылық болса да күресуге дайын.

VII.2. Ғали – медресе бітірген,  мұғалім болып қызмет атқарған. Саудамен айналысады. Ынталы жігіт. Сүйгені үшін жанын құрбан етуге дайын.

VII. 3. Сәрсенбай – жүздеген жылқысы, үш жүздей қойы бар бай, момын адам. Байлықтың буы басын айналдырып, болыстыққа таласады. Байлығын босқа шашып, сайланбай қалады. Өзіне жақтас іздеп, болыстың інісі Байжанмен құда болуды ойлайды.

VII. 4. Байжан – құбылмалы, қатаң адам.

VIII  Әдеби теориялық ұғымдар.

1. Тақия тігіп беретін – қыз бала

2. Мырзаңыздың есімі кім? – ұл баланы айтады.

3. Суреттеу, жұмбақтау бар.

4. Мақал-мәтелдер көптеп қолданылған. Мысалы, «Үмітсіз - шайтан», «Мал бітпес жігіт болмас,  құрарына қара, ұл таппас қатын болмас, тұрарына қара»,

IX Түсіндірме  сөздік.

1. Поштабай

2. Лау байлатып

3. Һәм – және;   Һеш- ешбір

4. Мұқтаж – қажет еді.

5. Ғибрат – үлгі-өнеге

6. Уағда – уәде, сенім

X Қорытынды (шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні, өз ойым): Шығарманың түйіні өз сүйгендері үшін құрбан болатын жас қыздардың тағдыры суреттелсе, қазіргі таңда Бейбіт Сарыбайдың «Бақытты Жамал» атты шағын хикаяты бар. Аталған хикаят Республикалық «Алтын тобылғы» байқауынан 135 шығарма ішінен бірінші орынды алған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу