Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 14-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №14

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу

Сабақ мақсаты:

шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өмір бойы білім алу.
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйеніп, өзіндік сыни пікір жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: өлең, әңгімелесетін әріптестер, факт, «жарыссөз асатаяғы», тақырыптың негізгі түсініктері, себебі, шешімі, ұшқыр ойлар, сыни пікірлер, дәлелдер т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, өлеңнің сюжеті; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; түйіндей келе т.б.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

«Әңгімелесетін әріптестер»

Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

  • «Жастарға» өлеңі бойынша өздері білетін 3 факті туралы;
  • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы;
  • оларға қиын болып көрінгендер туралы;
  • алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

Топқа бөлу

https://www.zharar.com/kz/olen/2301-shakarim_jastar.html

Сабақтың ортасы

4-8 мин

9-15 мин

16-21 мин

22-36 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма Ж. «Жарыссөз асатаяғы» әдісі

Мұғалім оқушыларды шеңберге не жартылай шеңберге отырғызады немесе оқушылар парталарына отырады да, мұғалім сөйлегісі келгендерге «жарыссөз асатаяғын» береді.

1. Оқушылар белгілі бір сұрақ бойынша пікірталас жүргізеді. Қолында тек «жарыссөз асатаяғы» бар адам ғана сөйлей алады.

2. Оқушыларға отырған ретімен кезекпен сөйлеуге рұқсат берілмейді. «Жарыссөз асатаяғын» ортадаға қоюға болады. Сөйлеуші өз сөзін аяқтағаннан кейін оны орнына қояды, осылайша оны кез келген басқа адам ала алады.

Оқушылар шеңберде төмендегі сұрақтарды талдайды:

1. Шәкәрім өмір сүрген заман қандай еді?

2. Білімге деген көзқараста қандай өзгерістер болды?

3. Шәкәрім өлеңіндегі мәселелер қазіргі заманда өзекті ме?

Оқушылар жауап берген оқушыларға стикерлер (үздікке-қызыл, жақсыға-жасыл, орташаға-сары) беріп бағалап отырады.

2- тапсырма ТЖ.

«Фишбоун» белсенді оқыту әдісі арқылы өлеңге сыни пікір айтады.

Орындалу барысы: басы – тақырыптың мәселесі,

үстіңгі сүйектері – тақырыптың негізгі түсініктері,

астыңғы сүйектері – себептері,

құйрығы – мәселенің шешімі.

Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек

сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалар болуы мүмкін.

Топтар постерлерімен алмасып, бір-бірінің жұмысына комментарий жазады.

3- тапсырма Ж.,ТЖ.

«Ұшқыр ойлар кілемі» әдісі

Өлең көлемді болғандықтан, топтағы оқушылар өлең жолдарын бөліп алады. Әрқайсысы өлең жолдарындағы сыни ойлар айтылған тұстарды тауып белгілейді. Белгілеген тұстарын алдарындағы кілемге (флипчарт) жазады. Барлығы бірігіп оқиды. Келісетін/келіспейтінін айтып, өз пікірін дәлелдейді. Топ өз кілемдеріндегі материалдарды сыни пікір жазуда дәлел ретінде пайдалана алады.

4- тапсырма Ж.,С.

«Шәкәрім Құдайбердіұлы "Жастарға" өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?» деген тақырыпта жазылған үш эссені оқиды. Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

Жұбының жұмысын дескрипторға сүйеніп бағалайды. Топта өзіндік сыни пікірлерді оқып, үздігін басқа топтардың оқуына ұсынады.

Дескриптор:

1) Бірдей тақырыпта жазылған эсселерді салыстыра алады;

2) Шығармадан дәлелдер келтіріп, сыни талдау жасайды;

3) Өзіндік сыни пікір жазуда ойын жүйелі жеткізеді.

Топта бірін-бірі жазбаша бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау.

Сабақтың соңы

37-40 мин

«Аяқталмаған сөйлем»

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
  • бүгін сабақта қуантқаны.....
  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.
  • маған ерекше ұнағаны.....
  • сабақтан соң маған........келді.
  • бүгін маған..........сәті түсті.
  • қызықты болғаны.....
  • ......қиындық тудырды.
  • менің түсінгенім.....
  • енді мен......аламын.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Оқушылар «Қызығушылықты ояту» сатысында «Әңгімелесетін әріптестер» арқылы жаңа сабақ мақсатын анықтай алады. «Жарыссөз асатаяғы» тапсырмасы кезінде белгілі бір сұрақ бойынша пікірталас қа қатысып, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндігі болады. Қабілетті оқушылар өз білімін көрсете алады. «Фишбоун» белсенді оқыту әдісі қабілеті төмендерге сыни пікір айтуда нені ескеру керектігін жүйелей білуге көмектеседі. «Ұшқыр ойлар кілемі» сыни пікір жазуда дәлелдер келтіруге көмектеседі. Бірдей тақырыпта жазылған үш эсседегі сын-пікірлерге сүйене отырып, замандасының жазбасына өзіндік сыни пікір жазу арқылы сыни пікір жазу дағдысын дамытады.

«Жарыссөз асатаяғы» тапсырмасы бойынша оқушылар жауап берген оқушыларға стикерлер (үздікке-қызыл, жақсыға-жасыл, орташаға-сары) беріп бағалап отырады. «Фишбоун» белсенді оқыту әдісі тапсырмасынан кейін топтар постерлерімен алмасып, бір-бірінің жұмысын комментарий жазу арқылы бағалайды. Бірдей тақырыпта жазылған үш эссеге өзіндік сыни пікір жазу жұмысында жұбының жұмысын дескрипторға сүйеніп бағалайды. Топта өзіндік сыни пікірлерді оқып, үздігін басқа топтардың оқуына ұсыну арқылы үздік жұмысты бағалайды.

Оқушылардың парталары, сөмкелері ыңғайлы орналасқаны дұрыс. «Жарыссөз асатаяғы» кезінде оқушылар басқалардың пікірін тыңдап, құрметтеулері тиіс. Жұмыс барысында, әсіресе, сыни пікір жазу кезінде оқушылардың бір-біріне бөгет жасамаулары қадағаланады.

Осы сабақ барысында:

  • Өмір бойы білім алу.
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық. сияқты НЗМ құндылықтарын дамытуға мүмкіндік бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу