Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 19-сабақ.
https://lektsii.org/12-39956.html
Мінездеу
Мінездеу сыртқы портретімен қатар ішкі портретін -мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді.
Адам образын жасауда мінездеу айрықша орын алады. Өйткені әдеби образдың ерекше көзге түсуі де, мәңгілік есте қалуы да адам мінездерінің шебер жасалуымен байланысты. Сонымен қатар шығармада әдеби мінез жеке адамға тән сипат етіліп суреттелсе де, ол - сандаған мінездердің жиынтығы және кейіпкердің өз ортасына тән, сол жағдайға лайықты, әбден екшеленіп алынған мінездердің сіріндісі.
Қай жағынан болсын, өте әдемі, шебер жасалған мінездеудің классикалықтамаша үлгісі деп Абайдың «Онегиннің сипаты» атты А.С.Пушкиннен аудармасын алуға болады.
Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,
Дәмеленсе, күндесе білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.
Кейде паң, кейде көнгіш орнымен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен.
Кейде үндемей жүрсе де, сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.
Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,
Дем алысым, құмарым бір сен десе!
Жанын құрбан жолыңа еткен жансып,
Көз қарауы құбылар әлденеше.
Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік,
Қамыққансып, қайғырар орны келсе.
Жай ғана кісі болып түк білмеген,
Қалжыңын білдіртпейді қалай деген.
Жаның шошыр өрлігі жаннан бөлек,
Кісіге балдан тәтті орны келген.
Өлеңді оқып шыққанда, Онегиннің мінез-құлқы түп-түгел көз алдыңда тұрады. Оның мінезінің сан алуан жағы бар. Ол кейде паң, кейде көнгіш, кейде өр, кейде ұялшақ, кейде жылы жүзді, сонымен қатар ол - түсін бермейтін, сырын ішіне берік сақтайтын адам.
«Бет - перде ғана, шын адам соның аржағында», - деп В.Гюго айтқан тамашаафоризм сол ақсүйектер қауымының адамдарына тән мінездердің бір көрінісіболатын. Онегиннің «дәмеленсе, күндесе білдірмейтіні», қалай қалжыңдапотырғанын сездірмеушілік - өз ортасынан алған тәрбие, сол ортаға тән мінездер. Орыстың ақсүйек-дворян жастары көпшілігінде осылай тәрбиеленетін. Тургенев «Әкелер мен балалар» атты романында А.С.Одинцованы былай суреттейді:
«...Анна Сергеевна өзінше бір алуан адам еді. Онда ешбір жоққа нанушылықболмайды, дінге сенушілік те күшті емес еді. Еш нәрседен сескенбейтін және еш мандымайтын адам еді. Көп нәрсені ол жақсы түсінетін, көп нәрсе онықызықтыратын да, бірақ оны еш нәрсе толық қанағаттандыра алмайтын, тіптіқанағаттанушылықты ол тілей де қойды ма екен. Оның ақылы бір уақыттың ішінде әрі ізденгіш, әрі салқын, салбыр болушы еді. Оның күдіктері ұмытылғандай дәрежеге жетіп сөніп те қалмайтын, шошынғандай халге келіп өсіп те кетпейтін».
Бұл үзінділердің екеуі де кейіпкерлердің мінездерін бір-ақ жерде сипаттаутүріне жатады. Романның басқа жерлерінде кейіпкер мінезіне қатысты суреттеулер кездессе, негізгі мінездеуді толықтыра түсу жұмысын атқарады.
Портрет сықылды, мінездеулер ылғи бір жерде емес, оқиғаның дамуы,қаһармандардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты шығарманың әр жерінде берілуі мүмкін.
М.О.Әуезовтің «Абай» романының бір жерінде Абай Байдалыға келіп, Байдалының Қаршығалы, Қопа деген қоныстарына «Сүгір мен Сүйіндік ауылдары қоса қонсын, бірге жайласын!» деген Құнанбай бұйрығын айтады. Әр іске шапшаң, батыл айтып, батыл кірісетін Байдалының өзіне тән мінезін жазушы сөз арасында ғана көрсетіп өтеді.
«Байдалы кірпік қақпай, шұғыл ойланып, үнсіз отырып, ақырында:
- Құп болсын! Қонсын Сүгір мен Сүйіндік, не деуші едім! - деді. Қайратты,шапшаң, ер адамның байлауы сияқты. Езбеді. Жақтырмаса да, күйіп отырса да, амалсыз байлауын бір-ақ кесіп, бір-ақ түйді».
Осы тәрізді суреттеулер бірнеше жерлерде кездеседі. Бір жерде емес, әржерде қысқа суреттелсе де, Байдалының өзіне тән ерекшеліктерді тап басып, дәл айтқандықтан, солардың жиынтығында келіп, оқушылардың естерінде берік сақталарлық толық мінездеу жасалынған.
Адам баласы өмірде әр алуан жағдайға кездеседі. Оның қуанып, шаттанатын болатын да, ренжитін, қайғыратын да кездері күйініш-сүйінішті болады. Бұлардың бәрі де адамның ішкі суреттеу сезім дүниесінде, рухани, жан жүйесінде болатын құбылыстар.
Ақын, жазушылар - өмір шындығының жыршысы, «адам жанының инженері»болғандықтан, ол жайларды көрсетуге міндетті. Оқушылар шығармадағықаһармандардың ерлігін көріп риза болады, жеңісін, қуанышын көріп шаттанады, ауыр халін көріп қайғырады. Оқушы жұртшылықтың сезімдеріне ең үлкен әсер ететін нәрсе - адамның басында болатын күйініш-сүйініштерді суреттеу. Оның әр алуан жолдары, әдістері бар.
Адамның сезім дүниесіндегі өзгерістерді суреттеудің әріден келе жатқан біртүрі - психологиялық параллелизм. Ескі заманнан қалған әдебиет нұсқаларында адамның басында болатын қайғы, қуаныштарды көрсету үшін сол халге сәйкес табиғаттағы бір құбылысты қатарластырып суреттеу әдісін кездестіреміз. Ол бір кезде адам баласының ой-санасының әлі сәбилік дәуірінде, табиғаттағы әр алуан құбылыстар жанды, оны қозғалтатын саналы күштерге бағыныңқы деген нанымнан туған да, кейін ой-сананың өскен кезінде, шартты түрде қолданыла берген.
Адамның сезім дүниесінде болатын құбылыстарды суреттеуде ауыз әдебиетіндегі ең үлгілі саналатын психологиялық параллелизмге мысал үшін «Ер Тарғын» жырынанмына үзіндіні келтірелік:
Асыл туған Ақжүніс!
Көкті бұлт қоршайды.
Күнді байқай қарасам,
Күн жауарға ұқсайды.
Айды бұлт қоршайды.
Айды байқай қарасам,
Түн жауарға ұқсайды.
Көгілдірін еріткен
Көлдегі қулар шулайды.
Шулағанға қарасам,
Қол-аяғым көсіліп,
Аузы-мұрным ісініп,
Алланың хақ бұйрығы
Таянғанға ұқсайды.
Бұл - Тарғынның ауру азабынан, аштықтан әбден тарылып, өлуге таянғанкездегі жан күйзелісін, ішкі сезім дүниесіндегі күйініштік халін суреттеу.Бірақ сол үшін ақын табиғаттағы әртүрлі құбылысты, әртүрлі жануарлардыңарасындағы жайларды параллель етеді. Қаһарманның басындағы ауыр халін жырдан оқушылар сол қатарластыра суреттеген табиғат құбылысы, жануарлардың арасындағы жайлар арқылы сезінеді.
Адамның күйініш-сүйініші, рухани-психологиялық жайттар кейде ерекшеқұрылатын монологтер арқылы суреттеледі.
Бедеу аттың бестісі-ай,
Адамның азбас естісі-ай,
Қайда кетіп барасың,
Қарағымның аманат қойған, ешкісі-ай!
Шөрей, жаным, шөрей!
Бұл үзіндіде жалғыз ұлы жау еліне барып, хабарсыз кеткен, дұшпаны жаулапалып, өз малына өзін малшы қылып қойған сексендегі қарияның ауыр халінсезінеміз.
Әрине, бұлардың екеуі де ескірген әдістер. Кейінгі әдебиетте олардың нежұрнақтары, не мүлде өзгерген түрлері ғана кездесуі мүмкін.
Орыс не басқа елдердің классиктерінің күйініш-сүйінішті суреттеулеріналсақ, жоғарыда келтірген мысалдарымыздан өзгеше әдістер қолданатындығын көреміз. Олар әртүрлі жағдайларға байланысты адам сезімінде болатын құбылыстарды суреттеу үшін басқа бір табиғат құбылыстарын қатарластырмай-ақ (параллель етпей) не ерекше қиюластырған сөйлем құрылыстарына сүйенбей-ақ сезімде болатын құбылыстарды тікелей суреттеу әдістері екендігі аңғарылады.
Адамның психологиясындағы өзгеріс, құбылыстарды суреттеуде қазақ әдебиетінің классигі Абайдың да сүйіп қолданғаны осы тікелей суреттеу әдісіболды.
Өзге ойдан тыйылып, Жүйрік тіл, терең ой,
Бірімен-бірі әуре. Сол күнде қайда едің!?
Жүрекке құйылып, Ғашыққа мойын қой,
Жан рахат бір сәуле. Жеңілдің, жеңілдің.
Абайдың аңсап қосылған шын ғашық екі жастың жан құмарлықтарын, бір қызарып, бір бозарған бет, лүпілдеп соққан жүрек, ысынған дем, суынған саусақ, қысылған пішін, тұманданған көз, елжіреген жүрек, босаған буын, әлсіреген бой, көзге іріккен жас, қысқасы, адамның сыртқы құбылыстарын суреттеу арқылы іштегі әртүрлі сезіну түйсіктерін дәл береді.Міне, осыны күйініш-сүйінішті тікелей суреттеу дейді.
Жазушылар кейде қаһарманының өзімен-өзін сөйлестіру арқылы да адамның басында болатын күйініш-сүйініштерді суреттейді. Мұны орысша «внутренний монолог» деп атайды. Ішкі монологтің әр алуан түрі, әртүрлі себептермен қолданылуы мүмкін. Бірақ негізінде сезім дүниесін, адамның психологиясын, ондағы өзгерістерді көрсету үшін пайдаланады.
«Абай» романында Тоғжанды бірінші рет көргенде-ақ Абайға қатты ұнап, сүйіспендік сезімі ояна бастауын және сонымен байланысты оның жан дүниесіндегі күйініш-сүйінішті жазушы ішкі монолог арқылы көрсетеді.
«Махаббат па? Осы ма? Осы болса, мынау дүние, мынау маужыраған тынысты нәзік түн... бесігі ғой. Сол сұлу саздың құлақ күйі ғой.
Сүттей жарық айлы түн. Таң әлі жоқ. Бірақ жоқ екенін білсе де, Абайәлдеқандай өзгеше таңды сезеді. Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар жүрек таңы. Кеуде толған өзгеше ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезім. Соның шалқи түсіп шарықтауы көп. Лыпыл қаққан қанаттай тоқтаусыз құбылып, тыныштық ала алмай лепіреді. Нені айтады? Не деп түсінеді? Не сипатты бұл сезім? Не боп барамын? Тоқта, сабырым қайда!?
Бойына тоңазығандай бір діріл пайда болды. Себепсіз дірілдейді. Жүрегі де тулап келіп, өз-өзінен қысылып, шаншып кеткендей... Таң... Жүрек таңы... сол таңым сенсің бе? Жарығымбысың, кімсің?
Көз алдында Тоғжанның аппақ жұмыр білегі, жас баланың етіндей, ақ торғындай мойыны. Таң осы да... өзі ғой!..»
Осы үзіндідегі Абайдың әр сөзін алып, ойланып көрсек те, терең сезіну, үлкен толқудан туғандығын көреміз. Сөйлемдер арасына дәнекер болып, Абайдың басындағы күйініш-сүйініштерді дұрыс түсінуге сілтеу берерлік автордың баяндауларын есепке алмағанда, кейіпкердің ішкі монологінің өзінен-ақ оның жан дүниесіндегі толқуын анық сезінуге болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?