Тәуелсіздік – қазағымның ұраны. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге көмек

Сұрақ

Жауап

Автор көтерген мәселе (астарлы мағына)

Автобустағы үш жігіттің басынан қандай оқиға өтті? Үш жігіт арқылы автор нені көрсеткісі келді?

Автобус жолда тоқтап қалғанда, жолаушы үш жігіт автобустағы жолаушылар мен боранға қарамастан автобустан шығып, өз жолдарымен кетіп қалады. Жолаушылар осыдан соң үш жігітті қайтып көрмейді.

Үш жігіт желтоқсан құрбандары. Автор олардың қысым көрсетуден қашып бара жатқандығын тұспалдап көрсеткісі келеді.

Архат неліктен төрт айдан бері пропискаға тұра алмай жүр? Оның мекен-жайға тіркеле алмауынан нені аңғаруға болады?

Архаттың қалаға келуі желтоқсан оқиғасымен тұспа-тұс келеді. Қалада адамдарды тергеу, мекен-жай бойынша тексеру басталып кеткендіктен, Архат мекен-жайын қалаға тіркей алмайды.

Қаланың ауыл баласын қабылдамауы арқылы билік басындағылардың ауыл адамына өгейлік танытуы мен қазақ қоғамының өркениеттен қалуын меңзейді.

Жолаушыларды алда қандай ауа райы күтіп тұр еді? Ауа райы мен адамдардың іс-әрекеті арқылы автор нені көрсеткісі келді?

Сәуір айы келсе де, автобустағы жолаушылар Алтай өңірінің боранына тап болады. Жолаушылар көп қиыншылық көріп, асудан өтеді.

Ауа райының бұзылуы елдің басына түскен ауыртпалық белгісі. Осындай қиыншылыққа қарамай автор адамдардың алға ұмтылуы арқылы ертеңгі күн мен жарқын болашаққа сенімін білдіреді.

Архаттың басынан өткен оқиғаларды қалай бағалар едіңіз? Осы арқылы автор оқырманға нені жеткізгісі келді?

Архат әскерден келген соң желтоқсан оқиғасына тап болып, қалаға мекен-жай бойынша тіркеле алмайды және жұмысқа орналаса алмайды. Амалы таусылған соң туған жері Күршімге 2-3 ай тұру үшін кетеді.

Автор бұл жерде Архаттың басына түскен қайғысы арқылы бүкіл қоғам басына түскен ауырпалықты көрсеткісі келді.

[attachment=28068:aza-debieti_6-synyp_4-tarau_4-saba_-didaktikaly-material_2-nsa-2.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу