Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» хикаятындағы кейіпкерлер бейнесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.


«Жусан иісі» хикаятындағы кейіпкерлер бейнесі

Сабақтың мақсаты:

Шығармадағы автор бейнесін анықтаймын.

Шығармадағы автор бейнесін өзге кейіпкермен салыстырамын.

Шығармадағы кейіпкер бейнесін өз ойыммен, көркем тілмен жалғастырамын.

Бағалау критерийі

үзіндіден автор бейнесін анықтайды;

кейіпкерлер бейнесін өз ойымен жалғастырады;

көркем тілмен бейнелей алады.

Ой шақыру

Сайын Мұратбеков туралы не білеміз?

Жазушының қандай шығармаларын білесіздер?

Жусан дегеніміз не?

Жусанның иісі қандай болады?

1-топ. «Салыстыру» кілті.

Аян мен өзге балалардың бет-бейнесін, киімін, өзін ұстай білу қасиетін салыстырыңыз. Шығармада автор өз бейнесін қалай көсетеді? Себебін түсіндіріңіз.

Бағалау критерийлері:

үзіндіден автор бейнесін анықтайды;

кейіпкерлерді салыстырады.

Топтық тапсырма

«Даналық кілті»

2-топ. «Бағалау» кілті.

Жаңадан келген бейтаныс балаға өзгелердің жатырқай қарауының себебін анықтаңыз. Алғашқы таныстықты автордың ерекше бейнелеуіне баға беріңіз.

Бағалау критерийлері:

үзіндідегі автор бейнелеуіне баға береді;

іс-әрекеттің себебін анықтайды.

3-топ. «Егер де...» кілті.

Егер де автор болсаңыз Аян мен өзге балалардың алғашқы таныстығын қалай суреттер едіңіз.

Бағалау критерийлері:

автор бейнелеуінен өзгеше суреттейді;

қызықты етіп бейнелейді.

4-топ. «Керісінше» кілті.

Аян мен өзге балаларды керісінше бейнелеп, алғашқы таныстықтың қалай болғанын баяндаңыз.

Бағалау критерийлері:

автор бейнелеуін керісінше суреттейді;

ерекше көзқарас ұсынады.

Жеке тапсырма

Есікбай мен Аянның бейнесін өз ойыңызша жалғастырыңыз. Көркем тілмен бейнелеңіз.

Есікбай - сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала еді. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін...________________________________________________________________

Аян өте ақ көңіл, ақылды бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де тез көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті. Ең жақсы қасиеті - ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі еді. Бір-екі рет кейбір шатаққұмар балалар тиісіп ие көрген өзіне. Аян үндеместен қабағын түйіп, ондайлардан сырт айналып кетіп жүрді... __________________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері:

кейіпкерлер бейнесін өз ойымен жалғастырады;

көркем тілмен бейнелей алады.

«Ыстық орындық»

Өз жазғаныңызды автор орындығына отырып, өзгелермен бөлісіңіз.

Кері байланыс

Мен............. БІЛЕМІН,

Мен ............ ТҮСІНЕМІН,

Мен ...............  ЖАСАЙ АЛАМЫН.

 

[attachment=27836:aza-debieti_6-synyp_3-tarau_2-saba_prezentacija_2-nsa-8.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу